ойын сауық отауы
Күй аңызы: Төремұрат
04.09.2021 860 0 Admin

Күй аңызы: Төремұрат

Аңыздар
Күй аңызы: Төремұрат
Көркіне аттылы бұрылып қалар асқан сұлу Данай қыз (кейін Қыз Данай аталып кетеді) сөзге шешен, ақылды болып өскен еді. Оның сұлу көркіне қызықпаған жігіт кем. Төремұратқа алғаш кездескенде ару қыз бесіктен Қитарбайға айттырылып қойылған болатын. Қитарбай Төремұратқа жақын ағайын болып келеді. Жас батырдың көзі немересі Қыз Данайға түскенде елге сыйлы, құрметті ақсақал Әлбаба қарсы болмай, құптайды. Екі жасты қосу артықтық болмас деп түйеді ақсақал сонда. Қыз да батырды ұнатып қалған.
- Батыр көзіңіз қисайып кетпесін, - деді сұлу.
- Сол иығыма құс еркесі аққудың өзі қонғандай.
- Сол аққудың ұшатын кезі таяу.
Жақында ұзатылатынын қыз осылай сездіртеді.
Ел аузында Қыз Данайдың батырды алғашқы сынауы былай болған деседі: бірде батыр нөкерлерімен ауылына келгенде қу қыз жігітті сынамақ болып ыстық суға толы құманды өзі алып, қонақтарға құймақ болады. Нөкерлері ыстық су тигенде шыдай алмай, қолдарын жалма - жан тартып алады. Кезек Төремұратқа келеді. Қыз ыстық су толы құманнан су құйып тұр, ал, батыр еш сыр білдірмей, түк болмағандай бейқам күйде көзін қызға қадап қолын жайбарақат жуып отыра беріпті деседі.
Сөйткен жастардың қосылсақ деген арманы адыра қалады, Әлбаба ақсақал көп ұзамай дүние салады. Қарсылығына қарамай қыздың жұрты қыз Данайды жылатып, еріксіз Қитарбайға әйелдікке беріп жібереді.
Бірақ екі жастың бір - біріне деген ынтықтығы сезімдеріне селкеу түсірмейді. Күннен күнге жалындап лаулайды. Ғашықтар қосылуды армандайды. Ақырында Төремұрат Қитарбаймен ара ағайындықты ысырып тастап, Қыз Данайды бір түнде алып қашады. Екі ауыл арасында алауыздық пайда болып, дүрлігіске түседі. Ағасының намысын қорғаған Қитарбайдың інісі атқа қонып, қасына жігіттерді ертіп барып, Төремұраттың елін шабады. Ұрыс кезінде Қитарбайдың інісі батырдың қолынан қаза табады. «Қыз Данайдың қырғыны» деген тарихта қалып қойған осы оқиға болатын. Бұл оқиғаға Құрманғазы "Төремұрат" деп те күй шығарған.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Батырлар туралы мақал - мәтелдер Батырлар туралы мақал - мәтелдер
Батырлығың не керек, байсалдылық болмаса. Ақындығың не керек айтарлығың болмаса.
Батыр, ер туралы мақал - мәтелдер Батыр, ер туралы мақал - мәтелдер
Батырды бәрекелді өлтіреді
Данагүл. Қазақ тарихындағы әйелдер Данагүл. Қазақ тарихындағы әйелдер
Данагүл Төле бидің келіні екенін көзі қарақты адамдардың барлығы біледі. Ол шамамен 1720 - 1790 жылдар аралығында өмір сүрген. Әкесінің есімі –
Қыз Данай (ХІХ ғасыр) Қазақ тарихындағы әйелдер Қыз Данай (ХІХ ғасыр) Қазақ тарихындағы әйелдер
Қыз Данай – Кіші жүздің қызы, Таз руының Келдібай атасының Жәлімбет деген бұтағынан екен. Сүймеген адамына айттырып, қоспақшы болған соң, Төремұрат
Сұлу әйел Сұлу әйел
Баяғыда бір жігіт көпке танымал дана қартқа келіп, оған өзін қинаған бір мәселені айтып шағымданған көрінеді. Сондағы айтпағы мынау екен: "Мен
Сен сұлу Сен сұлу
Бiлем анық: жанға жайлы Май сұлу, Жарқ - жарқ еткен майда найзағай сұлу. Қызықты орман, көңiлдi еркiн кең дала, Күмiс табақ көкте жүзген Ай сұлу.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×