ойын сауық отауы
Өмірге өкпелі адам мен бақытты болудың сыры
02.10.2021 413 0 Admin

Өмірге өкпелі адам мен бақытты болудың сыры

Аңыздар
Пайдалы кеңес
Өмірге өкпелі адам мен бақытты болудың сыры
Бірде патша шебер ұстаның қал-жағдайын сұрайды. Ұста қынжылып, өз жұмысына шағым айта бастайды:
-Уа, хан ием! Қолөнер – менің кәсібім емес. Өйткені жұмысым – қиын, табысым – аз әрі айналамдағы көршілерге де сыйым жоқ. Басқа салада жұмыс істеп көргім келеді.
Патша ойланып қалады. Көп кідірмей былай жауап береді:
-Сен өзіңе сай жұмыс таба алмайсың. Кәсібің – қиын, себебі – жалқаусың. Көп ақша әкелмейді, өйткені – сараңсың. Даңққа құмар менменшіл болғандықтан, көршілерің де құрметтемейді. Көзіме көрінбе!
Сөйтіп басы салбырап, еңсесі түскен ұста кетіп қалады. Арада бір жыл өтіп, патша бұрынғы аймақтарды аралауға тағы шығады. Сол баяғы ұстаны көріп таңғалады. Өйткені ұста тағдырға дән риза, дәулетті, ел-жұртқа сыйлы бақытты жан болыпты.
Патша:
-Өз кәсібіне көңілі толмай, өмірге өкпелі шебер сен емес пе едің? – деп сұрайды.
-Иә, тақсыр, мен ғой. Мен – сол баяғы ұстамын. Бірақ бәрі мені сыйлайтын болды, жұмысымнан да  жеткілікті ақша түседі, кәсібім де ұнайды. Барлық сәтсіздіктерімнің себебі – өзімде екенін түсіндім. Қазір бақыттымын, - дейді ұста.
Бұл оқиғада есті жанға хикмет бар. Өзін-өзі өзгертудің маңыздылығы Қасиетті Құран Кәрімде анық баяндалған. «Ра’д» сүресінің 11-інші аятында:
«Әркімнің алды-артынан Алланың әмірі бойынша, өкшелеп, қорғаушы (періштелер) бар. Расында бір қауым, өзін өзгертпейінше Алла, оны өзгертпейді. Сондай-ақ егер Алла, бір қауымға бейнет тілесе, Сонда оны ешбір қайтарушы жоқ. Әрі олар үшін Алладан өзге бір жәрдемші де жоқ» делінеді. Ендеше, ешкімге, ештеңеге кінә артпай, болып жатқан жағдайлардың себебін өзімізден іздеп бағайық, құрметті оқырман!

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі 

Жыланның ұстазға берген дәрісі Жыланның ұстазға берген дәрісі
Баяғы өткен заманда бір патша болыпты. Әлгі патша елінің барлық бақсы - балгерлерін жинап алып: «Мен бір түс көрдім. Алайда көрген түсімді ұмытып
Қанағат қарын тойдырады... Қанағат қарын тойдырады...
Бір елдің патшасы әдеттегідей таңертең серуенге шығады. Келе жатып жол үстінде отырған қайыршыға көзі түседі де, бір жақсылық жасайын деп шешеді.
Сүлеймен патша туралы хикая Сүлеймен патша туралы хикая
Сүлеймен патшаның Зуһра атты сұлу әйелі болыпты. Бір күні әйелі Сүлейменге: – Мені сүйсең құстың сүйегінен үлкен сарай соғып бер. Сол сарайда тұрғым
Бір жамандықтың артында бір жақсылық бар Бір жамандықтың артында бір жақсылық бар
Баяғыда Африкалық патшаның бірге өскен досы болыпты. Сол досы өмірде қандай жағдай болмасын мейлі ол жақсы оқиға болсын, келеңсіз оқиға болсын: -
Әйелдің тілін алу керек пе? Әйелдің тілін алу керек пе?
Парсылық патша Хусрау Паруаз (570 - 628) балық жеуді сүйеді екен. Бір күні әйелі Шырынмен мәжілісте отырады. Сол сәтте қолында сирек кездесетін үлкен
Патша құдай, сыйындым Патша құдай, сыйындым
Патша құдай, сыйындым Тура баста өзіңе. Жау жағадан алғанда, Жан көрінбес көзіме.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×