ойын сауық отауы
Қанағат қарын тойдырады...
31.10.2020 1 681 0 Admin

Қанағат қарын тойдырады...

Әңгімелер
Бір елдің патшасы әдеттегідей таңертең серуенге шығады. Келе жатып жол үстінде отырған қайыршыға көзі түседі де, бір жақсылық жасайын деп шешеді.

Қайыршыны шақырып алып: «Тілеуіңді тіле, не сұрасаң да беремін» — дейді. Қайыршы күліп: «Сіз менің қалауымды қанағаттандыра алмайсыз деп қорқамын. Қажеті жоқ»,- деп қысқа қайырады.

Қайыршы тарапынан бір менсінбеушілік байқағандай болып патша: – Сенің кез келген қалауыңды берем. Уәдем – уәде. Айт, не тілеуің бар? — деп сұрады. Қайыршы: – Жоқ, қажеті жоқ. Мұны істеу мүмкін емес, — деді. Мұны естіген патша: – Жоқ, мүмкін емес нәрсе жоқ. Мен – патшамын. Қане, айт, — деп райынан қайтпай тұрып алды.

– Жақсы, патшам! Менің қалауым – қарапайым. Ендеше, мына дорбамды толтырып берсеңіз болғаны. Тілеуім – осы, — деді. – Тілеуің болсын, — деп нөкерлерін шақырып, – мына дорбаны теңгеге толтырыңдар, — деп бұйрық береді.

Нөкері көзбен шамалап, қазынадан теңге алдыртады. Бірақ, теңге дорбаның жартысына да жетпеді. Тағы салады. Толмайды. Бірнеше қапшық әкеліп дорбаға төгеді. Апыр - ай, толатын түрі жоқ. Жұрт аң - таң.

Патша ақшам кетсе де, абыройым жоғалмасын деп нөкерлеріне қалайда қайыршының қалтасын толтырыңдар деді. Теңге де, алтын да, күміс те, бағалы тастар да салынып жатыр.

Ақыры, қайыршы: – Патша ағзам! Осы салғаныңыз жетеді, — деп өзі тоқтатады. Адам баласы естімеген сұмдықты көзімен көрген патша: – Бұл дорбаның сыры не, қандай сиқырдан жасалған? — деп сұрайды.

Сонда қайыршы: – Уа, патша ағзам! Ешбір сиқыры жоқ. Бұл дорба адам баласының құлқынынан жасалған. Ал адам баласының құлқынын толтыру мүмкін емес, — деген екен.

…Иә, бұл – жәй ғана данышпандардың айтқан мысал әңгімесі. Десе де, мұнда маңызды ақиқат бар. Ол – адам баласының болмысы. Адамның құлқыны ешуақытта тоймайды. Оның жалғыз жолы – қанағат.

Cіз өзгерсеңіз, сіздің әлеміңіз де өзгереді Cіз өзгерсеңіз, сіздің әлеміңіз де өзгереді
Бірде гүл сатушы қыз қолындағы роза гүлдерін дерлік сатып болады. Қолында тек бір тал ғана гүл қалады. Гүл сатушы қыз ойланбастан жолдың қарсы
Алланың пендесін жарылқауы Алланың пендесін жарылқауы
Ілгеріде бір патша үлкен кеселге шалыныпты. Тәуіп, балгер, емшілер ешқандай ем таппапты. Патшаның жүрегін бір тышқан кеміргендей ауырып тұратын
Әмиян тауып алған кедей жайлы Әмиян тауып алған кедей жайлы
Сіңірі шыққан кедей жігіт жолда келе жатып әмиян тауып алыпты. Ашып қараса әмиянның ішінде бір алтын теңге бар екен. Жігіт қуанып кетіпті де:
Патша мен Қайыршы Патша мен Қайыршы
- Уа, падишам. Мен сізге екі сүйек берейін, бірі патшанікі, бірі қайыршынікі, соның қайсысы кімдікі екенін ажырата аласыз ба?- дейді. Ескендір қарап
Бір жамандықтың артында бір жақсылық бар Бір жамандықтың артында бір жақсылық бар
Баяғыда Африкалық патшаның бірге өскен досы болыпты. Сол досы өмірде қандай жағдай болмасын мейлі ол жақсы оқиға болсын, келеңсіз оқиға болсын: -
Қайыршы мен Қыдыр Қайыршы мен Қыдыр
Қайыршы киімі жыртық, жалаң аяқ, Мойнында ескі дорба, қолда таяқ, Қалада қайыр сұрап жүруші еді, Күн көріп бергенімен әркім аяп.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×