ойын сауық отауы
Жекпе - жекте Мормо батырды жеңген белгісіз патша патшалық құрған кездегі Тенгере-тедыгечи
22.10.2021 390 0 Admin

Жекпе - жекте Мормо батырды жеңген белгісіз патша патшалық құрған кездегі

Аңыздар
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар
Жекпе - жекте Мормо батырды жеңген белгісіз патша патшалық құрған кездегі Тенгере-тедыгечи
Бірде әлдебір беймәлім патшалыққа Мормо батыр әскерімен келіп, шайқасқа шақырады. Патшаның үрейі ұшқанымен, тез есін жиып: «Халықтың қанын босқа төккенше (әскер дегеніміз де халық қой), сен екеуміз жекпе - жекке шығайық. Көп адамқырылғанша, жалғыз адамның өлгені жақсы емес пе», - деп өз талабын қояды. Екеуі осыған уағдаласады.
Патша арыстандай ақырған алып батырды көргенде қатты қорқады. Ал күшінің басымдығына сенген Мормо патшаның алдына батыл басып келіп: «Қане, мені қылышпен шап!» - дейді. Патша бар пәрменімен қаруымен ұүлаштай ұрып еді, Мормоға дарымайды. Әрине, мұздай темір құрсанып, болат сауыт киініп алған адамға бұл шыбын шаққан құрлы бола ма?
Мормо батыр басны еңкейтіп, патшаны мазақ қыла: «Байқа, басымды шауып тастап жүрме, алтын басым жерде домалап қалмасын!» - дейді.
Өз патшасының қорланғанына шыдамаған Тенгере - Тедыгечи оған дәудің мойнын қылышпен қаймықпай шабатын батылдық береді. Патша сол сәтте батырдың басын шауып түсіреді!
... Мормоның әскері жеңілістерін мойындап, аусар батырларының денесін алып, келген іздерімен кері қайтады.
Тенгере жекпе - жекте Мормо дәуді жеңген патшаға келіп, оған үлкендігі қаздың жұмыртқасындай жұмыр тас береді. Ол осында тұрып жатқан адамдардың барлығы бұл тасты қолдан - қолға беріп, алақандарында толассыз домалатсын деп бұйырады. «Осы тас балықтың бір түйір уылдырығындай болған кезде көктен патша түсіп, бүкіл елге әмірін жүргізеді. Сонда мен соңғы рет келемін. Ал осы тастан түк қалмай, әбден ысқыланып біткенде ақырзаман орнайды», - дейді Тенгере - Тедыгечи.
Патшаға осыны айтып, Тенгере елдің шекарасыа қарай жүріп кетеді. Жолда асатаяғымен жерді түртіп қалып еді, сол орыннан бұлаұ атқылайды. Бұлақты айналдыра, саз балшықтан үлкен тостаған жасай бастайды, онысы барған сайын биіктей береді. Осылайша, ол аумағы талай жерді алып жатқан, іші суға шүпілдеп толған төбешікке айналады. Содан кейін оны «Суы асып та кетпесін әрі кемімесін» деп сиқырмен дуалап тасатйды. Әлгі жер әлі күнге дейін сол қалпында сақталған көрінеді.
Ал Тенгере - Тедыгечи адамдарға алақанға салып домалатуға берген жұмыр тас қазір көкек жұмыртқасындай болыпты деседі.

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Тенгере - Тедыгечи Амын - Қыланның патшалық құрған кезінде Тенгере - Тедыгечи Амын - Қыланның патшалық
Амын - Қыланды патша қылып сайлағаннан кейін Тенгере - Тедыгечи бұрынғы билеушінің тұсында маскүнемдіктен, аштықтан, суықтан өлген адамдардың
Шар - жаалты екінші патшалық құрған кездегі тенгере - тедыгечи Шар - жаалты екінші патшалық құрған кездегі
Шар-Жаалты Бірінші патша дүние салғаннан кейін оның орнына Шар - Жаалты Екінші таққа отырды. Жаңа патша бұзық жолға түсті.
Алланың пендесін жарылқауы Алланың пендесін жарылқауы
Ілгеріде бір патша үлкен кеселге шалыныпты. Тәуіп, балгер, емшілер ешқандай ем таппапты. Патшаның жүрегін бір тышқан кеміргендей ауырып тұратын
Батырлар туралы мақал - мәтелдер Батырлар туралы мақал - мәтелдер
Батырлығың не керек, байсалдылық болмаса. Ақындығың не керек айтарлығың болмаса.
Батыр, ер туралы мақал - мәтелдер Батыр, ер туралы мақал - мәтелдер
Батырды бәрекелді өлтіреді
Бір жамандықтың артында бір жақсылық бар Бір жамандықтың артында бір жақсылық бар
Баяғыда Африкалық патшаның бірге өскен досы болыпты. Сол досы өмірде қандай жағдай болмасын мейлі ол жақсы оқиға болсын, келеңсіз оқиға болсын: -
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×