ойын сауық отауы
Алланың пендесін жарылқауы
12.01.2020 2 269 0 Admin

Алланың пендесін жарылқауы

Бұл қызықты
Алланың пендесін жарылқауы
Ілгеріде бір патша үлкен кеселге шалыныпты. Тәуіп, балгер, емшілер ешқандай ем таппапты. Патшаның жүрегін бір тышқан кеміргендей ауырып тұратын болыпты. Бір күні патша тағында отырып, маған не болды, ешқандай емі жоқ бұл не ауру болды екен?- деп уайым қылып отырса, уәзірі кіріпті. Тақсыр, бір тәуіп келіп тұр, құзырыңызға кіргізейін бе, мүмкін соның айтқаны шипасын беріп қалар - депті. Үміті үзіліп отырған патша, кірсін - депті селқос қана. Тәуіп патшаны көріп, 17 - 18жасар дене бітімі келіскен, сымбатты жас жігітті сойып қанын ішсеңіз жазыласыз, сіздің дертіңіздің емі осы, бірақ оған жарайтын жігітті өзім көрсетемін - депті. Патша дереу уәзіріне жарлық беріпті. Уәзір мен тәуіп мемлекетті аралап келе жатса, бір диханның жалғыз баласы кетпен шауып, жұмыс істеп жатыр екен. Жігіт өте сымбатты, келісті болыпты. Жігітті таптық деген xабарды естіген патша, ата - анасымен қосып алып келіңдер деп жарлық етті. Патша жігіттің атасының алдына бір себет тола алтын, анасының алдына бір себет тола алтын қойып, балаларыңыз маған керек болып тұр бересіздер ме?- деп сұрады. Патшаның құзырына кірген байғұс ата - ана өздерін жоғалтып, абдырап қалды. Тақсырым, егер баламыз сіздің қажетіңізге жараса сізге тарту еттік - деді. Сол кезде патша ата - ананы алтындарымен үйіне апарып тастаңдар - деді. Қазыға қарап, шариғатта мына жігітті сойып, қанын ішсем бола ма? деп сұрады.
- Қазы, егер патша өзінің саулығы үшін, бұқара xалқының біреуін сойып, қанын ішсе мүбаx, рұқсат - деді.
- Патша, жәлләт, мына жігітті тәуіп айтқандай сой - деді де, жігітке көз салып еді, жас жігіт қолын жайып, көкке қарап жымиып тұр екен. Мұны көрген патша ей, жігітім не істеп тұрсың?- деген сауал қойды. Жігіт, патшам адамның басына бір мүсибәт, яғни қиыншылық түссе арызын, мұңын кімге айтады?- деді. Ата - анасына айтады - деді патша. Жігіт күлімсіреген күйі, ата - анам жаңа ғана мені сізге сатып кеткен жоқ па?
- Одан кейін кімге шағады мұңын?
- Қазыға айтады - деді патша.
- Менің қанымның төгілуіне қазының өзі үкім шығарды емес пе?
- Одан кейін кімге айтады?
- Патшаға айтады - деді патша әлі де ештеңе түсініңкіремей.
- Патшаға менің қаным керек, мен Аллаға қарап тұрмын, ей, Аллаxым "Жалғыздың жары өзіммін"- дегенсің мен жалғыз қалдым, енді өзің жарлық қыл - деп Жаратқанға жалбарынып тұрмын - деді жігіт күлімсіреген күйі. Мұны естіген патша іштей өзіне - өзі, ей, жетпіске келген қара шал, мынадай иманды, тақуа жігіттің қанын ішіп енді қанша өмір сүрмекшісің? Мен кештім, мұндай емнің керегі жоқ, берген алтындарым Жанымның садақасы болсын, босатыңдар мына жігітті,- деп жарлық берді. Кенеттен патша жүрегінің ауырмай тұрғанын сезді. Жүрек тұсын ұрып көрді, еш ауырмайтынын байқады.
- Ей, ғажап, менің ауруым жоқ болып кетті, бұл не құдірет?- деп таң қалды. Осы кезде бәрін бақылап, тұрған тәуіп, патшаға - Тақсыр сіз өміріңізде беру дегенді, садақа - иxсанды білмеген екенсіз, тек қана алуды білгенсіз. Бүгін міне баланы өлімнен қайтардыңыз, алтындарыңызды жаныңыздың садақасы еттіңіз, осы істеріңіз Аллаға жағып, сізге шипа беріп, дертіңізден құлан таза айықтыңыз,- деді. Патша барлығына разы болып, тәуіпке, жігітке бір - бір себет тола алтын беріп, елдеріне қуанышпен шығарып салды. Осылайша жігіттің Аллаға қылған дұғасы, өлімнен құтқарып, патшаның берген садақасы, дертіне шипа болған екен.
Құрметтілерім "Садақаны сауыңда бер," "Садақа бәленің бетін қайтарады"- дегендей, садақаларыңыз қабыл болсын! Алла жар болсын!

Қанағат қарын тойдырады... Қанағат қарын тойдырады...
Бір елдің патшасы әдеттегідей таңертең серуенге шығады. Келе жатып жол үстінде отырған қайыршыға көзі түседі де, бір жақсылық жасайын деп шешеді.
Сүлеймен патша туралы хикая Сүлеймен патша туралы хикая
Сүлеймен патшаның Зуһра атты сұлу әйелі болыпты. Бір күні әйелі Сүлейменге: – Мені сүйсең құстың сүйегінен үлкен сарай соғып бер. Сол сарайда тұрғым
Патша мен Қайыршы Патша мен Қайыршы
- Уа, падишам. Мен сізге екі сүйек берейін, бірі патшанікі, бірі қайыршынікі, соның қайсысы кімдікі екенін ажырата аласыз ба?- дейді. Ескендір қарап
Бір жамандықтың артында бір жақсылық бар Бір жамандықтың артында бір жақсылық бар
Баяғыда Африкалық патшаның бірге өскен досы болыпты. Сол досы өмірде қандай жағдай болмасын мейлі ол жақсы оқиға болсын, келеңсіз оқиға болсын: -
Әйелдің тілін алу керек пе? Әйелдің тілін алу керек пе?
Парсылық патша Хусрау Паруаз (570 - 628) балық жеуді сүйеді екен. Бір күні әйелі Шырынмен мәжілісте отырады. Сол сәтте қолында сирек кездесетін үлкен
Ескендір Ескендір
Осы жұрт Ескендірді біле ме екен? Македония шаһары – оған мекен. Филипп патша баласы, ер көңілді, Мақтан сүйгіш, қызғаншақ адам екен.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×