ойын сауық отауы
Күй аңызы: Толқында
12.02.2022 514 0 Admin

Күй аңызы: Толқында

Аңыздар
Күй аңызы: Толқында
Арал теңізінде болған оқиға ізімен шыққан. Әкесі Шаңбатыр Бақытты жас кезінде өзімен бірге теңізге алып шығады. Жарты жолға келгенде теңіз көтеріліп, кейін қайтуға мәжбүр болады, тулаған толқынның кесірінен жағалау да алыстап кетеді. Қайық болса қолдан шабылған шағын ғана мүлік екен. Содан қайыққа кірген суды бір қолымен төгіп, бір қолымен ескекті есіп жағалауға асығады. «Баланың ажалына қалам ба?» деген үрей бойын билеп, Шаңбатырды мазалап теңізбен көп арпалысады. Ақыры Алла тілегін беріп, жағалауға да жетеді. Жағаға бір бойлайтын жер қалғанда қайықты қарақұсынан ұстап сүйреп шығады. Сөйтіп баласы Бақытты аман алып қалады.
Бұл оқиғаны Шаңбатыр баласына айтып отырады екен. Содан Бақыт Басығараев осы оқиғаны есіне алып, әкесінің ерлігіне разы болып осы бір сезімшіл, философиялық күйді шығарады. 

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Күй аңызы: Топан және Жігер Күй аңызы: Топан және Жігер
Исатай мен Махамбет өлгеннен кейін Құрманғазы көпке дейін төрелермен қырғиқабақ болып жүріпті. Дәулеткерейдің де шабармандарына айбат шегіп, талай
Күй аңызы: Тентек ақжелең Күй аңызы: Тентек ақжелең
Қазанғап ел аралап, домбыра тартып жүріп, бір ауылға келіп түседі. Ат басын тіреген үйде домбырашы қыз бар екен.
Күй аңызы: Зар қосбасар Күй аңызы: Зар қосбасар
Күйші Мәді Шәутиев 1928 жылдары көзден айырылған шағында, әкесі Шалқы мен анасы Маржанға осы күйді арнайды. Ерте қайтқан әкесі мен шешесіне өз
Күй аңызы: Талшыбық Күй аңызы: Талшыбық
1982 жыл. Бұл күй 15 жасар баланың жастық шақтағы арман - қиялынан туындаған шығарма. Күйді автор қарапайым жеміс ағашының көшет шыбығын негізге
Күй аңызы: Қасқыр Күй аңызы: Қасқыр
Ықыластың жастау кезінде әкесі Дүкен өзімен бірге Қоянды жәрмеңкесіне ертіп барыпты дейді. Онысы, ел көріп, жер танысын деген әкелік қамқорлығы болса
Саусақты сықырлатпа Саусақты сықырлатпа
Ібілістің әке - шешесі Әбілет пен Тәбілет құлшылық кезінде таңдайын қағып, оғаш дыбыс шығарады екен. Ал тәспі тартқанда саусақтарын сықырлатады екен.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×