ойын сауық отауы
Күй аңызы: Зар қосбасар
02.12.2021 648 0 Admin

Күй аңызы: Зар қосбасар

Аңыздар
Күй аңызы: Зар қосбасар
Күйші Мәді Шәутиев 1928 жылдары көзден айырылған шағында, әкесі Шалқы мен анасы Маржанға осы күйді арнайды. Ерте қайтқан әкесі мен шешесіне өз басындағы ауыр қайғыны сыр етіп тартады. Жүрегінен жарып шыққан осы бір зарлы күйді «Зар қосбасар» деп ат қойып, ардақтап тартады.
Бұл күй туралы екінші дерек те бар:
Қа­ратаудың сілеміндегі екі тау өзені­нің арасына орналасқан шырайлы ме­кен Ақтоғай аулына қоныс ауда­рып, Ұлтай деген келіншекпен ота­сып, бір шаңырақ астында 25 жыл ғұмыр кешеді. Бірақ, Игіліктегі ағайын­дары қолқалап Мәдіні туған ау­лына кері оралтады, қалған өмі­рі сол ауылда өтеді. Жұбайы Ұл­тай Ақтоғайда қалып қояды да ол екін­ші рет Кәрима деген әйелге үй­ле­ніп, одан Гүлзипа және Тұрсын де­ген екі қыз дүниеге келіпті. Тұң­ғы­шы Гүлзипа 13 жасында аққан (лейкоз) ауруына душар болып, көп ұзамай сол дерттен көз жұмыпты. Бұл қасірет сазгерді қамықтырып, санасына жүк артып, жүрегін жа­ралап, ауыр мұңға бөлейді. Сөйтіп, сүйік­ті қызының қазасы күйші - термешінің «Зар қосбасар» күйінің шығуына себеп болады.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Күй аңызы: Қиыл қырғыны Күй аңызы: Қиыл қырғыны
1838 жылы Исатай көтерілісшілердің жатағы — Ойылдағы Ақшат тауынан шығып, Баймағамбет ауылын шабу үшін 500 жігітімен Қиылға шұғыл аттанады. Олар ашық
Күй аңызы: Қарқарау Күй аңызы: Қарқарау
Халық композиторы - Қожамжарұлы Бапыштың тарихи мазмұнда шығарған күйі. Төлеген Момбековтің айтуынша, жаугершілік заманда Қарқара жайлауында қалған
Күй аңызы: Адай Күй аңызы: Адай
... Құрманғазы жолаушылап келе жатып бір Адайдың үйіне түседі. Үй ішінде шал мен кемпір болады. Қай жерден, қай елден келе жатқанын, толық аты -
Күй аңызы: Кеңес Күй аңызы: Кеңес
«Кеңес» сөзінің күй атауына айналу себептерін бағзы замандардан іздейміз.
Күй аңызы: Арман Күй аңызы: Арман
Бір ауылда той болып, сол тойға Тілендіұлы Нұрғиса арнайы шақырылыпты. Өзі той болған соң, оған Нұрғиса шақырылған соң, әрине, күй тартылады. Күйді,
Ұлбосын Ұлбосын
Бауырсақ мұрны пұштиып, Бесікте жатты Ұлбосын. Әкесінің ойында: «Ұлбосыным пұл босын!..»
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×