ойын сауық отауы
Салт - дәстүр сөйлейді: Әйелдің сән - салтанаты
15.04.2023 309 0 Admin

Салт - дәстүр сөйлейді: Әйелдің сән - салтанаты

Аңыздар
Салт - дәстүр сөйлейді: Әйелдің сән - салтанаты
Адам ата мен Хауа ана тыйым салынған жемісті жеп, жұмақтан қуылады. Алланың әмірімен періштелер Адам атаның басындағы тәжінен бастап інжу - маржан әшекейлеріне дейін түгел алып қояды. Хауа ананың сәнді бұйымдарына тиіспейді. Оның дүр - жауһар сақинасы, інжу - маржан тәжі, лағыл моншақтары, сәнді бояулары бәрі сол қалпында қалады. Адам ата:
– Иә, Алла, неге менің сән - салтанатымды тартып алдың да, Хауаға тиіспедің? – деп сұрайды. Тәңірі тағала:
– Әй, Адам, сен күн болсаң, Хауа – сенің шұғылаң. Ер - азамат – әйелдің қорғаны. Негізгі жауапкершілік сенің мойныңда. Хауаны саған нығмет етіп жараттым. Сенің кесіріңнен оны жазаласам, менің Әділдігім қайда қалады? - дейді.
Әйелдің әдемілікке, әшекейге құмар болатыны, алтын жүзік, күміс сырға тағынса, ажарлана түсетіні содан екен.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Жын, шайтанның пайда болуы Жын, шайтанның пайда болуы
Адам ата мен Хауа ананың арасында адамның кімнен жаратылғандығы жөнінде талас туады: Хауа ана «менен» десе, Адам ата «жоқ, менен» дейді.
Салт - дәстүр сөйлейді: Әйелдің сырға тағу дәстүрі Салт - дәстүр сөйлейді: Әйелдің сырға тағу дәстүрі
Бибісара анамыз жасы тоқсаннан асса да, құрсақ көтермеген соң Ыбырайым пайғамбар Бибіажар есімді күңіне үйленеді. Көп ұзамай Бибіажар анамыз құрсақ
Салт - дәстүр сөйлейді: Ақты аяқасты етпе Салт - дәстүр сөйлейді: Ақты аяқасты етпе
Бірде Шайқы Бұрқы Аллаға: – Уа, Тәңірім, осы сенің де өлетін кезің бола ма? – деп сұрапты.
Салт - дәстүр сөйлейді: Өсек айтпа Салт - дәстүр сөйлейді: Өсек айтпа
Бірде Мұхамбет пайғамбар (с. а. с.) сахабаларына: – Өсек айту – ғайбат, зинадан да ауыр күнә, – дейді. Сахабалар таңғалып: – Уа, Алланың елшісі! Өсек
Жақсы есім таңдау Жақсы есім таңдау
Адам ата мен Хауа анаға Жаппар Хақ бір бала беріпті. Екеуі кей кездері балаға таласып қалады екен. Бірі: – Менің балам, – десе, бірі: – Менікі, –
Салт - дәстүр сөйлейді: Ораза ұстау Салт - дәстүр сөйлейді: Ораза ұстау
Адам ата мен Хауа ана пейіште тыйым салынған бидай дәнегін жейді. Бұған дейін қалдық шықпайтын жұмақтың ең асыл тағамдарын таңдап жейтін еді.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×