ойын сауық отауы
Жақсы есім таңдау
12.04.2021 781 0 Admin

Жақсы есім таңдау

Аңыздар
Салт - дәстүр сөйлейді
Жақсы есім таңдау
Адам ата мен Хауа анаға Жаппар Хақ бір бала беріпті. Екеуі кей кездері балаға таласып қалады екен. Бірі: – Менің балам, – десе, бірі: – Менікі, – депті. Екеуінің арасында алғаш талас, жанжал болыпты. Мұны көріп тұрған Алла баланы көгершінге айналдырып жібереді де:
– Бала екеуіңе де ортақ. Біріңнің қуатыңмен, біріңнің шуағыңмен дүниеге келді. Бұдан былай таласпаңдар, тату болыңдар! Алғашқы балаларың көгершінге айналып, көкте ұшады. Осы татулықтарыңның белгісі болады, – депті.
Көгершін қазақ түсінігінде Адам атаның алғашқы баласы екен. Ер мен әйелдің кейде «бұл менің балам, жоқ, менің балам» деп таласып қалатыны осы оқиғаның жұрыны деседі. 
Хауа анамыз екінші рет құрсақ көтеріп, бір ұл, бір қыз туады. Адам ата «Ұлыма қандай ат қою керек екенін Алладан сұрайын» деп тауға кетеді. Сол кезде Ібіліс малғұн періште кейпінде Хауа анаға келіп:
– Мені Алла жіберді. Ұлына «Қабылхарис деп ат қойсын!» деп айтты», – дейді. Харис Ібілістің бір есімі еді. Хауа ана баласының құлағына «Қабылхарис» деп азан шақырып ат қояды.
Адам ата таудан келгенде Ібілістің ат қоюға араласқанын біліп, қатты алаңдапты. Кейін есейген соң Қабылдың Ібілістің арбауына тез көніп, бауыры Әбілді өлтіруіне осы есімі әсер еткен деседі.
Осы оқиғадан соң әйел адамның балаға азан шақырып ат қоюына тыйым салынады. Ат қойған кезде де жақсы, рухани мәнді атты таңдап қою жоралғы болып жетіпті. 
Осыған орай бертіндегі қазақ сахарасында өткен мынадай оқиғаны айта кетудің сәті түсіп тұр. Абыз бидің батасын алмақ боп үш жігіт ел сыйлаған шешен қарияға келеді. Серікбай мен Жаманқұлдың сөзін тыңдап, оларға өзінше баға берген би үшінші жігітке қарап:
– Шын асылдың көзінде жасыл от болады деуші еді. Қарағым - ай, ныпсыңды айтшы, – депті. Сонда әлгі жігіт:
– Әкемнің аты – Аманбала, өзімнің есімім – Кәріпжан, – дей бергенде, Абыз би бармағын тістеп, тіксініп қалыпты.
– Қап - ай! «Ат аспаннан, нұр пейіштен» деуші еді. Ой, пәле - ай, бекер болған екен. Әкең бұл атты бекер қойған ғой саған, – деп басын шайқаған Абыз би отырып былай деп бата берген екен:
Ырысын жауға бермес,
Намысын дауға жібермес,
Елдің ері, кісі танысам, сен боларсың, 
Бірақ, қарағым, түбі бір нәрседен кем боларсың!
Кәріпжан қартайған кезінде: «Жаманға бұйырған көп жақсы аттың бірін әкем маған неғып қимады екен?» – деп налиды екен. Өйткені, қара қылды қақ жарған әділ би өз кіндігінен перзент көрмепті. Сондықтан сәбиге көркем есім қою ата - ананың міндеті саналыпты. 

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Бесікке бөлеу дәстүрі Бесікке бөлеу дәстүрі
Бесік Айырқалпақ Айдаһар бидің заманында дүниеге келген деседі. Ол кезде ұлан - байтақ даланы Мизам баб қорғайды екен.
Салт - дәстүр сөйлейді: Ораза ұстау Салт - дәстүр сөйлейді: Ораза ұстау
Адам ата мен Хауа ана пейіште тыйым салынған бидай дәнегін жейді. Бұған дейін қалдық шықпайтын жұмақтың ең асыл тағамдарын таңдап жейтін еді.
Қарт ананың төрт ауыз сөзі Қарт ананың төрт ауыз сөзі
Балам, мен қартайғанда мені қараусыз қалдырма, ол кезде мен бейне сенің кішкентай кезіңдегідей асырауға мұқтаж боламын.
Иттің пайда болуы туралы аңыз Иттің пайда болуы туралы аңыз
Алла Тағала адамның тәнін топырақтан жаратарда Әзірейілді жұмсап, «Жердің бетінен әртүрлі топырақ алып кел» дейді. Періште ұшып жүріп, жер бетінен
Есек пен қасқыр ғибратты әңгіме Есек пен қасқыр ғибратты әңгіме
Бір күні есек пен қасқыр бір шөптің түсіне бола айтысып қалады. Есек шөптің түсін сары десе, қасқыр жасыл дейді. Екеуі біраз пікір таласып ымыраға
Ана махаббаты - Ақұштап Бақтыгереева Ана махаббаты - Ақұштап Бақтыгереева
Екі әйел тату болған шынында да, Жүз шайып ұрыспаған ғұмырда да. Тел еміп екі ананың ортасында Өсіпті еркін ерке - бір ұл бала.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×