
Алты жасар Төлеге берген Қарасай бабаның батасы
Бата, тілектер
АЛТЫ ЖАСАР ТӨЛЕГЕ БЕРГЕН ҚАРАСАЙ БАБАНЫҢ БАТАСЫ
Қарасай Әлібекпен еді құрбы,
Сөйледі оңашада мына сырды:
Басында билігінің талай болдым,
Қақ жарды сұрауында қара қылды.
Туса да мың қой егіз - бір - ақ қошқар,
Алтынның қолындағы қадірін біл!
Төлеге қарап толғанып:
... Қарасайды ойға алып,
Бір бұрылып бата қыл.
Қойшысы ел - ананың,
Өзің болғай, қарағым! - деп сиынып
Аллаға,
Бата берді балаға.
Қарасай Әлібекпен еді құрбы,
Сөйледі оңашада мына сырды:
Басында билігінің талай болдым,
Қақ жарды сұрауында қара қылды.
Туса да мың қой егіз - бір - ақ қошқар,
Алтынның қолындағы қадірін біл!
Төлеге қарап толғанып:
... Қарасайды ойға алып,
Бір бұрылып бата қыл.
Қойшысы ел - ананың,
Өзің болғай, қарағым! - деп сиынып
Аллаға,
Бата берді балаға.

Құтты болсын қадамың, Келін болдың, қарағым. Салтын ұстап ардақта, Бұрынғы ата - бабаның.

Ал, ақ батамды берейін, қолыңды жай: Аллаға қылығың жақсын, Таңда машһар күніңде Алдыңнан бүлақ ақсын!

Қарағым Төле, айтқаның әділ болсын, Тілегің қабыл болсын. Дұшпаныңның қарғысы жетпесін, Атқан оғы өтпесін. Басыңнан бақыт кетпесін.

Атасызға ата бол! Батасызға бата бол! Арып - ашқан ғаріптің, Жел жағына жота бол!

О, Жамбыл, бата дедің, бердім саған, Бақытты, өмірлі бол, жүргін аман. Батасын ат орнына берді ғой деп, Қоймағын былай шығып кінә маған.

Әппақ аққу, әппақ қаз, Келер жылы болар жаз. Әппақ көңіл, әппақ таң, Ғұмыр деген тым - ақ аз.