
Қыз балаға берілетін бата
Бата, тілектер
Қыз балаға берілетін бата
Талдай бой берсін,
Сұңғыла ой берсін.
Жаздай жамал берсін,
Нәркес жанар берсін!
Анаға шуақ болсын,
Ағаға қуат болсын,
Нәзік жаны болсын,
Елінің ары болсын,
Басына өнердің бағы қонсын,
Ақ орданың шамы болсын!
Әумин!
Талдай бой берсін,
Сұңғыла ой берсін.
Жаздай жамал берсін,
Нәркес жанар берсін!
Анаға шуақ болсын,
Ағаға қуат болсын,
Нәзік жаны болсын,
Елінің ары болсын,
Басына өнердің бағы қонсын,
Ақ орданың шамы болсын!
Әумин!

Сезімнің пәктігін берсін, Көңілдің ақтығын берсін. Берекелі отбасыңа Сәбидің шатты үнін берсін,

Иә, Құдайым оңдасын, Оң жолына бастасын. Жортқанда жолың болсын, Жолдасың періштелер болсын.

... Осы тойда отырған, Жасың үлкен аға бар. Ағаға берер баға бар, Ағаға серік жеңге бар – Жеңгесіз күн кемге пар.

Түндерің тыныш болсын, Үйлеріңе ырыс толсын! Келіндерің есті болсын, Ұлдарың сесті болсын.

Балаларға бақ қонсын, Періштелер жақ болсын! Кілең бестік сыйлансын, Имандылыққа илансын!

А, Құдайым оңдасын, Оңдағанның белгісі, Қайырлы етіп басыңа. Бақ - береке орнасын.