ойын сауық отауы
Жас балаға бата
11.04.2017 12 515 0 Дауыл

Жас балаға бата

Бата, тілектер
Балаларға бақ қонсын,
Періштелер жақ болсын!
Кілең бестік сыйлансын,
Имандылыққа илансын!

Биікте қалықтасын,
Оқудан жалықпасын!
Ауырып - сырқамасын,
Үлестен құр қалмасын!

Өнерге құштар болсын,
Талантын ұштар болсын!
Кітапқа құмар болсын,
Халқына ұнар болсын!

Өмірде сыйлас болсын,
Өкпеге қимас болсын!
Құдайым қуат берсін
Көңілге шуақ берсін!

Қаламы жорғаласын,
Бестікті дорбаласын!
Күндей боп күлімдесін,
Сындардан сүрінбесін!

Мұраттас болсын - дағы,
Жарқырап жансын бағы!
Құлашын кеңсермесін,
Бос жүріп теңселмесін!

Алысқа көзін тіксін,
Ақ бата сөзімді ұқсын!
Мақсаты зордан болсын,
Еліне қорған болсын!

Ақ сүтті ақтар болсын,
Отанға мақтан болсын!
Ұстазын ұлықтасын,
Осыны ұмытпасын!
Әумин!

Қыз балаға берілетін бата Қыз балаға берілетін бата
Талдай бой берсін, Сұңғыла ой берсін. Жаздай жамал берсін, Нәркес жанар берсін!
Жас отауға бата Жас отауға бата
Сезімнің пәктігін берсін, Көңілдің ақтығын берсін. Берекелі отбасыңа Сәбидің шатты үнін берсін,
Жолаушыға бата Жолаушыға бата
Иә, Құдайым оңдасын, Оң жолына бастасын. Жортқанда жолың болсын, Жолдасың періштелер болсын.
Көшке берілген бата Көшке берілген бата
Көштерің көлікті болсын, Жолдарың көрікті болсын, Қоныстарың құтты болсын, Босағасы мықты болсын.
Жарылқасын ағаның батасы Жарылқасын ағаның батасы
Дастарқаның бай болсын, Қазан, ошағың май болсын. Төрт түлігің сай болсын, Көңілің толып жай болсын.
Орысбай Әбділдаұлы батасы Орысбай Әбділдаұлы батасы
Ел көңілі шалқысын, Күн нұрына балқысын. Перзенттері тік тұрып, Қызмет етсін халқы үшін.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×