ойын сауық отауы
Бата - тілектер: Алтын тойға бата, Күміс тойға бата
14.08.2018 5 167 0 Дауыл

Бата - тілектер: Алтын тойға бата, Күміс тойға бата

Бата, тілектер
Бата - тілек: Алтын тойға бата, Күміс тойға бата

Алтын тойға бата беру

Алтын тойдың дастарқаны,
Дастарқаны мол болсын.
Берекелі қол болсын,
Тойға келген қонақтың.
Бәріне сәтті жол болсын.
Тілектерің оң болсын,
Жұқармайтын қоң болсын.
Екеуіңнің кигенің,
Алтын жағалы тон болсын.

Немереңді өсіріп,
Шөбереңді жетектеп,
Шашқан Алла ырзығың,
Тере бергін етектеп,
Құт болып, мекен тұрағың,
Жайқала берсін құрағың,
Лайланбасын бұлағың.
Жарқырай берсін шырағың,
Жастарың жүзге жеткенше
Тарқамасын бір - біріңе құмарың.
Әумин.

Қабыл ғып Алла тілекті,
Қуанта берсін жүректі.
«Алтын тойым болғай» деп,
Тілеумен қанша күн өтті.
Тілекті Алла бергені,
Тойың өтіп дүбірлеп,
Осынша жанның келгені.
Бақытты жандар болыңдар,
Мерейі биік елдегі,
Аруақтар қолдасын,
Жамандық ешбір болмасын.
Дәулетің тасып бұдан да,
Тепсең кетпес басыңа,
Баянды бақыт орнасын.
Ұзақ болып жастарың,
Қызығын көріп балалардың,
Ашық болсын аспаның.
Әумин.

Күміс тойға бата

Құтты болсын күміс той,
Той дегенің ырыс қой.
Алтын жамбы берсем де,
Екеуіңе дұрыс қой.
Күміс тойдың аяғы,
Алтын тойға жалғассын.
Жарылқасын жандарың
Жүзіндей ақ алмастың.
Таси берсін дәулетің,
Жарасып сән - сәулетің.
Қара қауым ел болып,
Өсіп - өнсін әулетің.
Сыйлы болып бастарың,
Ажырамай жұптарың,
Жүзге жетсін жастарың.
Әумин.
Қыз балаға берілетін бата Қыз балаға берілетін бата
Талдай бой берсін, Сұңғыла ой берсін. Жаздай жамал берсін, Нәркес жанар берсін!
Мерейтой батасы Мерейтой батасы
Той дастарқаны мол болсын, Берекелі қол болсын, Тойға келген қонақтың, Бәріне сәтті жол болсын.
Дастарқанға ақ бата Дастарқанға ақ бата
Бата бердім, бақ тіледім, Ақ дастарқан басына, Я, Құдайым, шын тіледім, Келсін деп менің қасыма! Көңілің көлдей болып, Көргенің түстей болып, Қыдыр
Үй иесіне бата Үй иесіне бата
Шаңырағың шалқи берсін. Керегең кеңи берсін. Осы үйге ән - күй келсін, Дұшпаның кеми берсін.
Жас отауға бата Жас отауға бата
Сезімнің пәктігін берсін, Көңілдің ақтығын берсін. Берекелі отбасыңа Сәбидің шатты үнін берсін,
Дастархан басында берілетін бата-тілектер Дастархан басында берілетін бата-тілектер
Жарылқа, Алла, қабыл ет, Жарылқаудың қамын ет! Ізет - абырой, бақ - дәулет, Қызыр қарап, бақ қонып, Не тілесең, Соның бәрін қабыл ет!

Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.