ойын сауық отауы
Қыз ұзатылып бара жатқанда айтар жыр - шумақтар
16.04.2019 5 855 0 Дауыл

Қыз ұзатылып бара жатқанда айтар жыр - шумақтар

Бата, тілектер
Қыз ұзатылып бара жатқанда айтар жыр - шумақтар

Қыз ұзату тойында айтылатын өлеңдер Қазақтың тойы ешқашан біткен емес. Тойдың болғаны жақсы. Көпшілік жиналған той - томалақта той иелері, яғни қыз берген жақ сезімге беріліп, тілек айта алмай жатады. Қобалжу бар, қимастық та жоқ емес. Әйткенмен, жұртты аузыңызға қаратқан тұста жүрегіңіздің айтқанын жеткізіңіз. Бәлкім, жүрегіңіз мынадай шумақтармен шабыттанар. Ендеше, бүгін сіздерге қызыңыз ұзатылып бара жатқанда айтар - деп мынадай (авторлары белгісіз) жыр - шумақтарын ұсынып отырмыз.

***
Шаңырақтың шырағысың, шаттығы,
Текті жердің тұяғысың, ақ гүлі.
Мың жыл құда болуға да атты күн,
Екі жасқа құдай берсін бақ бүгін.
Әке - шешең арнап отыр жыр - ағын,
Кәусар, таза мөлдіреген бұлағым,
Барған жерге судай сіңіп, ұнағын,
Бақытты бол, бақытты бол, шырағым!

***
Менен туған жырлардың ең сұлуы,
Мен өсірген жемістің ең шырыны;
Шабытымның жаралған шұрайынан,
Тал бойынан табылмас кемшілігі;
Ет жүрегім осынау дүниеге
Еркелетіп жіберген елшілігі –
Қызым менің барады ұзатылып.
Ұзатылып барады Назым қызым,
Тіршіліктің ерітіп қалың мұзын.
Бүршік жарған көктемде, гүлін ашып,
Басқа бақта өткізбек жазын, күзін.
Ұзатылып барады Назым қызым.
Жаратылған жат жұртқа жазмыштан,
Ұясынан жаутаңдап қазым ұшқан.
Қимастық пен қуаныш тайталасып,
Күтті көңіл тылсым бір саз ұғысқан.
Ардағыңды алысқа қимағасын,
Ет кескендей етіңнен, киналасың.
Жүрегіңнің тамырын жұлғандай - ау,
Ішке сыйып, сыртыңа сыймағасын.
Жыр оқыңдар, жігіттер, ән айтыңдар,
Достарымның қатарын қарайтыңдар.
Бұл өмірде онсыз да жетіп жатыр,
Ақындарды ақымақ санайтындар.

***
Тілеуің тілеп тұрды аппақ,
Қимайды іштей ата – ана.
Қыз едің өскен бұлғақтап.
Аттайсың бөгде босаға.
Әлпештеп басқан бауырға,
Кем көрмей ұлдан шалқытып.
Ата – ана қалып ауылда,
Асықтың тұр деп жар күтіп.
Анаңның жолын жалғадың,
Жат жұртқа кетіп барасың.
Сүюдің татып бал дәмін,
Жарыңмен тапқын жарасым.
Бақыт бол барған жеріңе,
Жүзіңе кірбің жуымай.
Береке қонсын төріңе,
Демесін "жаман қылығы - ай".
Қылығың түзде – ержеттің,
Ие бол ақыл – тізгінге.
Гүлі бол барған әулеттің,
Тастай бат, судай сіңген де.
Тіршілік деген майдан бұл,
Өмірдің әлі сыны алда.
Жарыңмен бірге жайнағын
Ұқсағын асқақ шынарға!

***
Жас отау бүрін жарды жаңа гүлдеп,
Пенденің жетсем деген талабы көп.
Қадамың құтты болсын, құда - жекжат,
Отырмын мен де, Сен де балалы боп.
Үмітпен ұл да өсірдік, Қыз да өсірдік,
Дейтіндей құдалықтың міндетін ұқ.
Келінді өз қызымнан кем көрмеспін,
Жайласын жас отаудың іргесін құт.
Құданы мың жылдық деп айтпас бекер,
Қуаныш ортақ сізге, Көңіл көтер!
Құдалар бір - бірімен тату болса,
Екі жас мұратына сонда жетер.
Болғанмен ұл менікі, Қыз сенікі,
Екеуін тең көреді білген кісі.
Жатырмыз төсті төске түйістіріп,
Сыйластық – Құдалықтың бір белгісі.
***
Қимайды ұзатқан жақ қыз баласын,
жүрегі қалай ғана сыздамасын.
Құдалар, алақанға салып бердік,
жұлып алып жүректің бір парасын.
Көңіл де, көз де тояр да, күйеу бала,
Болмассың үш жұртыңа сүйеу ғана.
Жарыңның бақыты бол, жұлдызы бол,
Осындай қыз бұл дүниеде біреу ғана.
Дереккөзі: massaget. kz

Ұзатылып бара жатқан қыз секілді дәуренім. Ұзатылып бара жатқан қыз секілді дәуренім.
Ақ тұманның арасынаншетін көріп таңдай аппақ сәуленің, Өз өзімді әлекке сап әуремін. Артына да айланып бір қарай алмай қиналып, Ұзатылып бара жатқан
Ұзату тойына арналған тілектер Ұзату тойына арналған тілектер
Бала бақытын қыздан іздейді, Қыз бақытын түзден іздейді - деген екен дана бабаларымыз. Біздің қызымыз бақытын сіздің шаңырақтан іздеп тапты.
Ұзатылғалы тұрған қызға құттықтау, тілектер Ұзатылғалы тұрған қызға құттықтау, тілектер
Ұзатылғалы тұрған қызға құттықтау, тілектер. Қызымыздың қонған жері құтты болсын! Денсаулығы мықты болсын!
Қыз ұзату тойына арналған тілектер Қыз ұзату тойына арналған тілектер
Қазақ қызын қашанда қадір тұтқан. Қасиетке балаған. Төрін ұсынған.
Әкені қызының құттықтауы Әкені қызының құттықтауы
Таниды әр кез жан-жүрекпен кісіні ел, Әке, сізді бүгін бәрі түсінер. Құрдас десе сізді тұстастарыңыз, Аға дейді сізді барлық кішілер. Қалдыратын
Әпкенің тілегі Әпкенің тілегі
Шаттық күйден естіледі бүгін үн, Бара жатсың бақыт жолға, сіңлім. Ертеңіңе болсын нұрлы бастау жол - Той сәнімен сыңғыр қаққан бүгінін. Бір күніңнен
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×