ойын сауық отауы
70 жасқа тілек
30.07.2015 43 660 1 Admin

70 жасқа тілек

Бата, тілектер
70 жасың құтты болсын бүгінгі күн мерейлі,
Тілектерді айтайын бүлкілдетіп көмейді.
Ақ жаулығың ақылдың туы болған, Анашым,
Періштелер әумин деп тілегімді жебейді.

Шуылдассын айналып немерең мен шөберең,
Шаңырағың шайқалмай кеңейсін тағы керегең.
Көретін әлі қызық көп, 100-ден ассын ғұмырың,
Ортамызда отыршы ақылды беріп демеген.

Өз бақытын, қуанышын өзі өмірге әкелген перзенттерінің қылығынан, қызығынан іздейтін аяулы Анам менің! Саған әлемдегі бар жақсы тілекті үйіп - төксем де аз. Алла сізге ең алдымен мықты денсаулық берсін! Әрқашан жүзіңізден мейірім нышаны кетпей, айналаңызға нұрыңызды шашып, Аналық бақытқа кенеліп жүре беріңіз!

Аузын ашса көрінетін жүрегі,
Бар туыстың, жанашыры тірегі.
Сенің асыл қасиетің, анашым,
Өміріме шамшырақ боп келеді.
Жүрегіммен айтар болсам бар шыным,
Бір өзіңдей ұға алмайды жан сырын.
70 жасың құтты болсын Анашым,
Білем өмірің болмағанын бал шырын.
Үлгі тұтам әрбір ісіңді
Қандай жұмсақ алақаның, жүзің сондай шуақты.
Жүз жасаңыз жан анашым, көрмей енді тауқымет,
Бәйтерексіз сая болған ұрпағыңа әрқашан

Ізгі тілекпен балалары:

Жас отауға бата Жас отауға бата
Сезімнің пәктігін берсін, Көңілдің ақтығын берсін. Берекелі отбасыңа Сәбидің шатты үнін берсін,
Анашым Анашым
Айналайын анашым, Ақылы асқан данасың. Дүниеде жоқ шығар, Сенен өткен жан асыл.
8 наурыз аналар мерекесіне арналған тақпақтар 8 наурыз аналар мерекесіне арналған тақпақтар
Ардақты ана – аяулы ана қымбаттым, Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың. Өміріме нәрін бердің ақ сүттің, Кең құшағың – аясындай гүл бақтың
Анама Анама
Кеудеңде мені тербеттің, жас шыбық енді көктеді. Мінеки мен де ер жеттім, еңбегің бекер кетпеді. Өмірде мынау ең жақын, аяулым сенсің, анашым!
8 наурызға арналған тілектер 8 наурызға арналған тілектер
8 наурызға арналған тілектер. Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын.
50 жасқа тілек 50 жасқа тілек
Жан аға, құтты болсын 50 жасың, Әр уақытта домалап өрге тасың. Бізді әрқашан бауырыңа жақын тарттың, Әрдайым аман болсын алтын басың.
Пікірлер (1)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Лариса
#1 Лариса Қонақ 12 тамыз 2017 00:14
Керемет сөздеріңізге рахмет айтқым келеді. Табыс тілеймін!
×