ойын сауық отауы
Шаш түсе бастаса қандай дәрумендер қабылдаған дұрыс?
18.08.2017 46 514 0 Дауыл

Шаш түсе бастаса қандай дәрумендер қабылдаған дұрыс?

Денсаулық
Шаш түсе бастаса қандай дәрумендер қабылдаған дұрыс?
Төгілген қолаң шаш әйел сұлулығының белгісі, егер ол сирей бастаса мазасызданбау мүмкін емес. Шаштың түсуіне қарсы шара қолданбас бұрын оның түсу себебін анықтап алуға тура келеді.

Шаштың түсуінің негізгі себептері:
1. ауыр күйзеліс (стресс);
2. шашты жатқызу үшін қолданылатын құралдар пайдалану (фен, бұйралауға арналған қысқыштар, ыстық қысқыш);
3. біркелкі қоректену, дәрумені мен минералды заттектері аз тағамдар тұтыну.
4. дәрі қабылдау, антибиотиктер.
5. ағзада гормондардың азаюы.
6. қартаю процесі кезінде.
7. жүктілік және босану.
8. бас терісінің жұқпасы (себорея, дерматит),
9. хирургиялық араласу,
10. экологияның әсері.

Шаш түсе бастаса қандай дәрумендер қабылдау керек екенін қарастырайық.

● А дәрумені (ретинол) шаштың зақымдалған құрылымын қалпына келтіруге көмектеседі. Ол дәруменнің жетіспеушілігінен шаш зақымдалып, түсе бастайды;
● В дәрумендер тобы бас терісінің эпителий тіндерінің сау болуы үшін маңызды. Дәрумендердің барлық тобы бас терісіне оң әсер етіп және шаш механизмін жақсартып жылтырап төгіліп тұруына әсер етеді;
● В2 (рибофлавин) қан айналымының жақсаруына ықпал етеді. Оның әсерінен барлық қоректік заттар жақсы сіңіріледі. В2 дәруменінің жеткіліксіздігі бірден көрінеді, шаштың ұштары ұшталып, сынғыш болады және шаштың түбі тез майланады;
● B3 (никотин қышқылы) – бұл зат алмасуды жеделдетеді нәрлендіріп ылғалдандырады шаш түсу кезінде өте пайдалы болып табылады. Тым құрғақ шаш осы дәруменнің жетіспеушілігінің нышаны.
● B5 (пантотен қышқылы) шаш түбіне әсер етеді, өмір сыйлаушы деп атауға болады. B5 дәрумені жетіспесе шаш сирейді, өспей қалады.
● В 6 иммунитетті көтереді. Осы дәруменнің әсерінен шаш төзімді болады. В6 дәрумені сондай - ақ қайызғақпен жақсы күреседі химиялық бояулардан кейін шашты қалпына келтіруге көмектеседі
B 9 (фолий қышқылы) пантотен қышқылымен ұштаса отырып жұмыс істейді. Ол май бездерін реттейді. В 9 дәрумені жетіспеген кезде қысқа уақыт ішінде шаш майланып кетеді.

• В 12 дәрумені шаштың тегістілігі мен бірізділігіне ықпал етіп қан тамырларын қалпына келтіруге көмектеседі. Шаштың шамадан тыс қатты, көмескі тартуы осы қоректік заттектердің жетіспеушілігінен болады.
• Аскорбин қышқылы маңызды құрамдас бөлік болып табылады, ол иммундық жүйені күшейтіп, шашты сусымалы етеді.
• Е дәрумені, тері жасушалары жақсы жұмыс істеуіне себепші, жаңа шаш талдарының пайда болуы мен ескі шаш талдарының нығайтады.
• F дәрумені өмірдегі кездесетін түрлі қиындықтарды жеңуге көмектеседі.

Мұның бәрі шаш түсу кезінде пайдалы дәрумендер, шаш фолликулдарын қоректендіру мен қан айналымын реттеу үшін маңызды болып табылады. Қоректік заттар жетіспеушілігінен шаш түсе бастайды.

Сау шаш пен бас терісіне арналған азық-түліктер.
А дәрумені (ретинол) жұмыртқаның сарысы мен бауыр, ірімшік, сары май сияқты азық-түліктердің құрамынан табылады. Ағзадағы ретинол синтезделу мақсатында бета - каротині бар тағамдар жеу қажет. Ретинол зат сәбіздің құрамында көп кездеседі, сондай-ақ кез келген сары, қызыл жемістерде болады. Бұл дәрумен майлы тағамдармен жақсы сіңіріледі сондықтан қаймақ, өсімдік майы қосылған тағамдармен бірге тұтыну жақсы нәтиже береді.

В дәрумендер тобының көзі болып табылатын өнімдер: жаңғақ, ет, банан, картоп, сүт, бұршақ тұқымдастары. Сұлы, күнбағыс майы, сүт, қырыққабат қоректік заттарға бай, ағзаны пайдалы заттармен толықтырады. Сыра ашытқысында В дәрумені өте көп. Шашты В дәрумендермен байыту үшін тағамға бидай өсінділерін пайдалану керек, күніне 100 гр жеткілікті. В12 дәрумені барлық ет өнімдерінен табылады.

Цитрустық жемістер, алма, қырыққабат, итмұрын, киви аскорбин қышқылының үлкен көлемін қамтиды.

Грек жаңғағы мен бадам жаңғағы F дәруменіне өте бай, шаштың түрін жақсартады. Е дәрумені сары май мен шпинатта және бұршақтың құрамында кездеседі. Бұл А дәруменімен және маймен бірге жақсы сіңіріледі.

Шашқа арналған дәріханалық дәрумендер.
Шашыңыз сау қалпын сақтап тұруы үшін күнделікті тұтынатын тағам қоректік заттектерге бай болуымен қатар дәріханадан қосымша дәрумендер алып қабылдаған дұрыс.
Есте сақтау! Кез келген дәріні алып өзіңіз қабылдай беруге болмайды! Шын мәнісінде сіздің шашыңызға қандай дәрумендер қажет екенін дәрігер маман шешеді. Сондықтан алдымен дәргігермен ақылдасқан жөн.

«Ревалид» комплекстік дәрумені құрамынан талап етілген барлық қоректік заттарды табуға болады. Ол денені қоректік заттармен нәрлендіріп қана қоймайды оны гормоналды деңгейде қалпына келтіреді. Емдеу курсы 2 айға созылады бірақ нәтиже 1 ай ішінде көріне бастайды.

«Пантовигар» - шаш түсуіне таптырмас құрал. Бұл құрал жылдам нәтиже бермейді алайда шаш түсуіне тиімді қорғаныс жасайды.

«Перфектил» шаш талдарын емдейді, химиялық бояулардан кейін зақымдалған шашқа пайдалы. Бұл құрал шаш қатты түсе бастаған кезде де көмегі зор. Бір ай ішінде нәтиже бере бастайды.

Тағы да басқа дәрумендер бар: «Витрум Бьюти», «Мерц», «Алфавит», «Аевит», «Пиковит», «Компливит Сияние», «Эвалар Эксперт волос» өзіңізге керегін таңдауға болады.
Шаш түсуіне қарсы дәруменнің ағзаға қажетсіз кезінде қабылдау зиянды екенін ескеру керек, сондықтан дәрігердің кеңесін алып барып қабылдаңыз.

Шаш күтімі.
1. В1, В6, А, Е дәрумендеріне 2 шай қасық бал, 1 жұмыртқа сарысы, алоэ сөлін қосып араластырыңыз. Масканы бүкіл шаш ұзындығына жағып, бас терісіне де жағылады. Нәтиже жақсы болуы үшін басты орамалмен орап қою керек.

2. Пияз шырыны маскасы – шаш түсуіне қарсы тамаша құрал.
1 ас қасық пияз сөліне 1 ас қасық ошаған майын (репейное масло), кастор майын, 1 жұмыртқа сарысы, 1 ас қасық ащы бұрыш, 5 тамшы А дәруменін жақсылап араластырамыз. Шаштың бүкіл ұзындығына жағып, шашты полиэтилен пакетпен орап жылы шапка киіңіз. 30 минуттан соң жақсылап жуыңыз. Шашыңызда пияздың иісі қалмас үшін суға қыша ұнтағын қосып жууға болады. Жақсы нәтижеге жету үшін мұндай масканы күн ара екі ай көлемінде жасауға тура келеді. Егер шашыңыз тым құрғақ болса сиректеу жасау керек.

3. Сарымсақтан дайындалған маска. 2 ас қасық ошаған майын (репейное масло) жылытыңыз, оған 1 жұмыртқа сарысын, 1 ас қасық бал, 1 ас қасық лимон, 1 ас қасық шашқа арналған бальзам қосыңыз. Дайын қоймалжыңға 1 түйір сарымсақты езіп қосыңыз. Дайын масканы бүкіл шашқа жағыңыз, шаштың түбін ысыңыз. 30 минуттан кейін жуып тастауға болады.

Дайындаған: Асыл.

Аспан әлемінде болып тұратын құбылыстарға қарап, ауада болатын өзгерістерді болжай аласың Аспан әлемінде болып тұратын құбылыстарға қарап,
Бұлттарға қарап, күн райын болжаудағы халық тәжірибесіне тоқталсақ: Күн батар кезде бұлттар қызарып көрінсе, ертеңіне аспан ашық, күн жылы боларын
Стресстен қорғайтын тағам өнімдері. Стресстен қорғайтын тағам өнімдері.
Күнделікті жаңалықтардан естіп жүргеніміздей күйзеліске түскендер саны күн өткен сайын артып келеді: «Жұмыстан шығып кетіпті!», «Екеуі ұрсып ажырасып
Лимонның пайдасы Лимонның пайдасы
Лимонның барлық пайдалы қасиеттері оның ішкі жұмсағында, дәл осы жұмсағында дәрумендер көзі жинақталған.
Сүт тағамдарының адам ағзасына тигізер пайдасы Сүт тағамдарының адам ағзасына тигізер пайдасы
Сүт өнімдерінде кальций бар, сүйекті, тісті нығайтады, бұлшық еттің қызметін жақсартады, қанның түзілуі үшін қажет, тәннің жұқпалы ауруларға күресін
Шашты дұрыс жуу Шашты дұрыс жуу
Шашты дұрыс жуу
Шашты дұрыс күту Шашты дұрыс күту
8 ас қасық жөке гүліне 0,5 л. Су құйып, 20 минуттай қайнатады. Алынған нәрмен басты бір ай бойы жуса, шаштың түсуі тақтайды. Ошаған түбірін майдалап
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×