ойын сауық отауы
Ана сүті: бала денсаулығына өмір бойы қамқор
12.11.2018 3 389 0 Admin

Ана сүті: бала денсаулығына өмір бойы қамқор

Денсаулық
Ана сүті: бала денсаулығына өмір бойы қамқор

Ана сүті – табиғаттың өзі жаратқан керемет өнім. Оның бірегей құрамы баланың қажеттіліктеріне қашан да қанағаттандырады және онда барлық құнарлы заттар бар. Тағамдық қасиеттерінен бөлек ана сүті

Ана сүті: бала денсаулығына өмір бойы қамқор

Ана сүтін қандай басты компоненттер бірегей етеді?


Ана сүті: бала денсаулығына өмір бойы қамқорАҚУЫЗ
Баланың үйлесімді дамуы мен өсуіне жауапты басты компоненттердің бірі – ағазаның жасушалары мен тіндерінің қалыптасуындағы негізгі құрылыс материалы болып табылады. Алғашқы алты айдың ішінде ана сүтінің құрамындағы ақуыздың концентрациясы баланың өсу қарқынын бәсеңдете отырып азайа береді



Ана сүті: бала денсаулығына өмір бойы қамқорАМИН ҚЫШҚЫЛДАРЫ
Ақуыздың биосинтезіне қатысады, май мен ақуыздың алмасуын белсенді етеді, сонымен қатар басқа да көптеген функцияларды атқарады.



Ана сүті: бала денсаулығына өмір бойы қамқорМАЙЛАР
Көптеген гармондар мен дәрумендердің негізін қалаушы, энергияның қайнар көзі болып табылады. «Ақылды» майлар – полиқанық омега-3 майлы қышқылдары, сонымен қатар олардың туындылары – мидың дамуы мен көру мүшелерінің жетілуіне, иммундық әрекеттің қалыптасуына жақсы әсер етеді.



Ана сүті: бала денсаулығына өмір бойы қамқорКӨМІРСУЛАР
Ана сүтінің құрамындағы көмірсулардың 90% астамын лактоза құрайды, ол баланың өсуі үшін аса маңызды энергия көзі болып табылады. Оның үстіне лактоза кальцийдің, темірдің және мырыштың жақсы сіңірілуін қамтамасыз ете отырып, ішектегі микрофлораның сау болып қалыптасуына ықпал етеді, әсіресе бифидобактериялар үшін аса маңызды.



Ана сүті: бала денсаулығына өмір бойы қамқорДӘРУМЕНДЕР МЕН МИНЕРАЛДАР
Ағзадағы ешбір процесс бұл құрамдастарсыз жүрмейді. Күн сайын балаға қарқынды өсу кезеңіндегі қажеттіліктері мен ағзаның барлық мүшелерінің жетілуін қамтамасыз ете алатын дәрумендер мен минералдардың тұтас кешені керек.



Ана сүті: бала денсаулығына өмір бойы қамқорПАЙДАЛЫ БАКТЕРИЯЛАР
Төс сүтінің құрамында ішектегі бактериялық микрофлорасының бактериялық балансын қолдайтын табиғи формадағы пайдалы бактериялардың сан алуан түрі бар.



Ана сүті: бала денсаулығына өмір бойы қамқорАНА СҮТІНІҢ ОЛИГОСАХАРИДТЕРІ
Ана сүтінің олигосахаридтері (АСО немесе HMO – human milk oligosacharides) — тек қана ана сүтінің құрамында болатын және иммунитеттің қалыптасуына жауап беретін арнайы биобелсенді байланыстар. Олардың қорғаныс қызметі баланың ағзасына әр түрлі жолмен әсер етеді:


Ана сүті: бала денсаулығына өмір бойы қамқор

Ана сүтінің ерекше қасиеттерінің қазіргі уақытқа дейін толық зерттелмегендігіне қарамастан оның баланың үйлесімді дамуы мен жетілуіндегі рөліне қандай баға берсек те артық емес. Оның үстіне, емізгеннің пайдасы сәби шақта ғана аяқталып қоймай, ұзақ уақыт бойы жалғасады – төс емген балалар есейген шақта аурушаң болмайды. Демек, баласын бүгін емізген ана – баласының болашағы мен денсаулығына зор үлес қосады.

Су өмір нәрі Су өмір нәрі
Адамның денесі шамамен үштен екісі судан тұрады. Мидың жасушалары 85 пайызға судан тұрады. Тіпті адам сүйектері 25 пайызға судан тұрады. Тағамсыз
Бала денсаулығын қорғау Бала денсаулығын қорғау
Ана сүті – өмірінің алғашқы 6 айында сәбидің қажеттіліктерін толық қанағаттандыратын табиғаттың таңғажайып өнімі. Осы ана сүті жаңадан туылған сәбиді
Күн сәулесінің ағзаға пайдасы Күн сәулесінің ағзаға пайдасы
Ультра - күлгін сәуле баланың денсаулығын күшейтіп, шынықтырады. Сол сәуленің нәтижесінде өсіп келе жатқан баланың денесіне өте қажетті фосфор мен
Сәби рационында ақуыз мөлшерінің маңыздылығы жайлы бар шындық Сәби рационында ақуыз мөлшерінің маңыздылығы
Емшек сүті – табиғат берген ғажайып және сәби өмірінің алғашқы айларындағы ең мінсіз қорек.
Жұмыртқаның пайдасы Жұмыртқаның пайдасы
Жұмыртқа – арзан әрі пайдалы тағам. Оны дайындаудың көптеген түрлері бар. Сонымен қатар олар әртүрлі тағамның басты құрамы болып табылады. Ал біз
Сүт тағамдарының адам ағзасына тигізер пайдасы Сүт тағамдарының адам ағзасына тигізер пайдасы
Сүт өнімдерінде кальций бар, сүйекті, тісті нығайтады, бұлшық еттің қызметін жақсартады, қанның түзілуі үшін қажет, тәннің жұқпалы ауруларға күресін
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×