ойын сауық отауы
Бауырды сауықтыратын тәсілдер
24.01.2023 863 0 Admin

Бауырды сауықтыратын тәсілдер

Денсаулық
Бауырды сауықтыратын тәсілдер
Бауырға күтім жасау өте маңызды мәселе. Себебі бүгінгі күні бауыр ауруларының тым жасарып бара жатқанын айтып, дәрігерлер дабыл қағып отыр. Бұрын бауыр ауруы 50 - 60 жастан асқандарда кездесетін болса, бүгінде 35 жастағы азаматтар арасында да бауырдың түрлі кеселіне шалдыққандар кездесіп жүр. Мұның бәрі, әрине, тез дайындалатын әрі зиянды тағам түрлерін жиі тұтынудан болатын жағдай. Сондықтан төмендегі бауырды сауықтыруға арналған амалдарды біле жүрген зиян болмас.
Негізі бауырға күтім жасау аса қиын шаруа емес. Мысалы, жүгері собығының шашақтары мен жас жапырақтарын суға қосып, шамамен 15 минуттай қайнатып, бұл қоспаны күн бойына екі кеседен ішіп жүрсе, бауырды тазалайды.
Бақбақ (одуванчик) тамырының 1 шай қасығын 1, 5 стакан суда демдеп, 5 минут қайнатады. Шай сияқты ішеді. Бұл да бауырды сау болуы үшін өте жақсы көмектесетін тәсіл.
Бауырдың созылмалы ауруының алдын - алу үшін халық арасында сұлы мен бал қоспасынан жасалған тұнба қолданылған. Оны дайындау үшін 3 литрлік банкі алып, оған 2, 5 литр қайнаған су құйылады. Содан кейін жақсылап жуылған 100 грамм сұлы мен 150 грамм мамыр айында алынған бал алыңыз. Қайнаған суға сұлы мен балды араластырады. Банкінің қақпағын мықтап жауып, сыртын жылы орап, бөлме температурасында бір тәулік қойыңыз. Қоспа қараңғы және құрғақ жерде тұруы керек. Осыдан кейін дайын болған тұнбаны тамақтан кейін бір шай қасық мөлшерінде ішеді. Тұнбаны тәулігіне екі рет қабылдау қажет.
Бауырды балмен емдеуге де болады. Ол үшін жарты литр зәйтүн (оливковое масло) майын, жарты кило бал, 50 - 100 миллилитр алма қышқылын (яблочный уксус) немесе екі лимонның шырынын алыңыз. Араластырып, бетін жабады да, тоңазытқышқа салып қояды. Біраз уақыт тұрған соң ағаш қасықпен жақсылап араластырыңыз. Мұны күніне 3 рет, тамақтан жарты сағат бұрын 1 шай қасық мөлшерінде тұтынады. Бұл қоспа асқазан ауруына да өте пайдалы. Осылайша бір ай емделгеннен кейін, араға 4 - 5 ай салып, емді тағы қайталаңыз.

Халық емі: Артық салмақтан құтқарады Халық емі: Артық салмақтан құтқарады
Адамды артық салмақ мазаласа төмендегі ем-шараларын жасап көруге болады. Ағзаны артық майдан, сонымен қатар артық салмақтан табиғи жолмен құтқаратын
Геморройға дауасы бар Геморройға дауасы бар
1. Уатылған қалақай (крапива) жапырағы мен итшомырт (крушина) қабығынан 2 ас қасығын ыдысқа салып, үстінен 0, 5 литр қайнаған су құяды. Баяу жанған
Халық емі: Бауыр ауырғанда көмек Халық емі: Бауыр ауырғанда көмек
Бір аурудан емделу үшін ішкен дәріңіз көп жағдайда бауырға кері әсерін тигізіп жатады. Ондайда бауырды қорғаудың қарапайым әдісін қолданыңыз.
Ағзаны тазартудың түрлі тәсілдері Ағзаны тазартудың түрлі тәсілдері
Адам ағзасы машина секілді: бірқалыпты жұмыс істеуі уақыт өте баяулайды, жас ұлғая сыр бере бастайды. Бұл кезде ағзаның жұмыс істеу күшін бастапқы
Бауырдан дайындалған құймақ (оладьи) Бауырдан дайындалған құймақ (оладьи)
Бауырды еттартқыштан өткізіп алыңыз, пиязды да өткізіп алыңыз. Күрішті қайнатып, жартылай пісіріп алыңыз.
Қойшы бала мен күшік Қойшы бала мен күшік
Бір бағыланды сойғызып, Іргеге жастық қойғызып, Үйіне болыс кеп отыр. Құйрыққа бауырды астарлап,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×