Бауырды тазалайтын 7 амал
Денсаулық
Бауырды тазалайтын 7 амал
Бауыр ағзадағы зиянды токсиндерді шығаруға, зат алмасу үрдісіне қатысады. Холестерин деңгейін реттейді, пайдалы минералдар мен витаминдерді сақтайды. Сондықтан басқа органдар сияқты, бауырдың сау болуы да өте маңызды. Ғалымдар бауырды тазалауға мына 7 тиімді азық - түлікті ұсынады:
1. Сарымсақ. Оның құрамындағы күкірт бауыр ферменттерін белсенді етеді. Әрі бауырды сыртқы зиян әсерлерден қорғап, токсиндерден тазалайды. Сарымсақты салаттарға немесе етке қосып та, сонымен қатар өзін де жей беруге болады.
2. Жылы су мен лимон. Жарты литр жылы суға лимонның жартысын (немесе үштен бір бөлігін) қосып, күнделікті таңертең ашқарынға және кешке ұйқы алдында 1 стаканнан ішіп жүру керек. Ол бауырдың көбірек ферменттер бөлуіне жәрдем береді, әрі бауыр табиғи жолмен тазалана бастайды.
3. Авокадо. Бауырдың саулығын қорғауда оған жетер жеміс жоқ: ол ағзада глутатион өндіруге көмектеседі. Ал глутатион бауырды токсиндерден тазалайды.
4. Кинза. Бұл әмбебап шөпті кез - келген тағамға қосуға болады. Ол бауырды ауыр металдардан тазалайды.
5. Куркума. Бауыр бұл дәмдеуішті жақсы көреді. Өйткені куркума бауыр жасушаларын қайта қалпына келуіне көмектеседі. Өтте көп сөл бөлуіне ықпал етеді, зиянды токсиндермен күресуге күш салады.
6. Қырыққабат. Токсиндерді бейтараптандыруға жауап беретін ең маңызды бауыр ферменттерінің өндірісін белсендіреді. Сондықтан қырыққабаттан жасалған салаттар мен сорпаны көбірек ішкен жөн.
7. Зәйтүн майы. Құрамында негізгі антиоксидант болып табылатын Е витамині бар. Ол ағзаға әртүрлі зиянды токсиндерді соратын липидтік негіз береді. Нәтижесінде бауырды шамадан май тыс жүктелуінен қорғайды. Сондықтан салат пен тағамдарды зәйтүн майынан дайындаған дұрыс.

Бауыр ауырғанда көмек
Бір аурудан емделу үшін ішкен дәріңіз көп жағдайда бауырға кері әсерін тигізіп жатады. Ондайда бауырды қорғаудың қарапайым әдісін қолданыңыз.
Бауырды сауықтыратын тәсілдер
Бауырға күтім жасау өте маңызды мәселе. Себебі бүгінгі күні бауыр ауруларының тым жасарып бара жатқанын айтып, дәрігерлер дабыл қағып отыр.
Халық емі: Бауыр ауырғанда көмек
Бір аурудан емделу үшін ішкен дәріңіз көп жағдайда бауырға кері әсерін тигізіп жатады. Ондайда бауырды қорғаудың қарапайым әдісін қолданыңыз.
Ағзаны тазартудың түрлі тәсілдері
Адам ағзасы машина секілді: бірқалыпты жұмыс істеуі уақыт өте баяулайды, жас ұлғая сыр бере бастайды. Бұл кезде ағзаның жұмыс істеу күшін бастапқы
Лимон - денсаулық сусыны.
Лимонның ең бірінші сыртқы түсіне, яғни сыртқы түсі қанық сары түсті, сырты тегіс және піскен екендігіне көз жеткізуіңіз керек, бірақ дақтары
Шипалы жеміс - шие
Қанды сұйылтып тазалайтын шие, бауыр мен өтті де тазалайды. Зерттеушілердің айтуы бойынша күніне жиырма дана шие жеу, бір аспирин дәрісін ішкенмен