ойын сауық отауы
Бәшір......Береке
28.07.2015 9 108 0 Admin

Бәшір......Береке

Есімдер сыры
БӘШІР - араб тілінен — қуанышты хабар жеткізуші, хабаршы, жаршы.
БЕГЕШ - көне түркі тілінен келген, ескі қазақ тілдерінде ведас — хан ұлы деген мағынада айтылған.
БЕДЕЛБАЙ - даңққа, атаққа, абыройға бай деген мағынаны береді.
БЕДЕЛБЕК, БЕДЕЛХАН - беделі, абырой - атағы мықты, зор.
БЕКБАУ - (қараңыз: Баубек).
БЕЙБІТ - иран тілінен алынған — бейбітшілік, тыныштық, татулық. Синонимі — Тынышбек, Тиышбек.
БЕЙБІТЖАН - иран тілінен алынған - бейбіт + жан, тыныштықты, татулықты сүйетін адам.
БЕЙҚАН – азербайжан, түрік тілдерінен алынған бей + бек сөзінің варианты + қан (хан), демек, есімнің мағынасы — мықты дегенді білдіреді.
БЕЙҚҰТ - иран тілінен алынған — тыныш, бейбіт.
БЕЙСЕНБІ – иран, тәжік тілдерінен алынған — бес + шамбэ — күн, календар бойынша аптаның төртінші күні, сол күні туылған балаға осындай ат беріліп отырған. Күрделі тұлғалы есімдер — Бейсеналы, Бейсенбай, Бейсенбек, Бейсенғали. Еркелете — қысқартылып айтылатын түрі — Бейсен.
БЕЙІМБЕТ - Бимухамбет деген есімнің дыбыстық тұрғыдан өзгерген түрі. Біріккен тұлғалы есімдер құрамындагы бей — би — бек сөздері түркі тілдерінде «кінәз, бек, әкім, төре» мағыналарында қолданылады.
БЕЙІС - иран тілінен алынған бахшт — ұжмақ. Біріккен тұлғалы есімдер — Бейісәлі, Бейісбай, Бейісқали. Екінші мағынасы мықты, берік.
БЕГАЙДАР - қазақтың сөздерден бек — мықты, күшті + айдар — балалардың төбесіне қөйылатын бір шөк шаш. Араб тілінен алынған айдар — хайдар — арыстан деген сөзінің өзгерген түрі.
БЕКБАЙ – мықты, зор, бай.
БЕКБАТЫР - бек + батыр. Мықты, күшті батыр деген мағынаны білдіреді.
БЕКБЕРГЕН - бек + берген. Өмір - жасын ұзақ етіп берген деген мағынаны білдіреді.
БЕКБОЛ - баланың өмір - жасы ұзақ болсын, мықты болсын деген мағынаны білдіреді.
БЕККБОЛАТ - бек + болат. Бала мықты болады, болаттай берік, өмір - жасы ұзақ, болып, көп жасайды деген тілекпен қойылған. Еркелете қысқартып айту түрлері — Бекен, Бекет.
БЕКДАЙЫР - бек + араб тілінен алынған дайр - дайра. Ауданның, аймақтың әкімі, басшысы.
БЕКЕЖАН – қазақтың сөзі беке + тәжіктің сөзі жан. Адам жанының патшасы деген мағынаны білдіреді.
БЕКЕЙ - бекем бол, мықты бол.
БЕКЕМБАЙ - бекем — мықты, берік + бай. Мықты, күшті адам.
БЕКЕШ – азербайжан, түрік тілдерінен алынған — Бекеш, Бекіш — хан ұлы. Бұл есім Бекембай, Бекмырза, Бекқали сияқты есімдердің еркелете - қысқартып айтылған түрі.
БЕКЖАН - қазақ тілінен алынған бек + тәжік тілінен алынған жан. Мықты, берік, қайратты адам.
БЕКЖАСАР - бала ұзақ өмір сүрсін, көп жасасын деген тілекпен қойылған есім. Синонимі — Көпжасар.
БЕКЖІГІТ - мықты, күшті, берік жігіт, азамат.
БЕКЗАТ – бек + иран тілінен алынған зат, зада — бектің ұлы, бектен туған перзент.
БЕККЕЛДІ - өмірге берік, мықты боп келді деген мағынаны білдіреді.
БЕКҚАЛИ - бек + араб тілінен алынған ғали - мықты, күшті.
БЕКЛАН - бек — берік, бекім + қосымша лан, мықты, бекем.
БЕКМҰХАМБЕТ - бек - күшті + араб тілінен алынған мұхамед. Күшті Мұхамед. өзгерген түрі — Баймахан, Бекмақан. Еркелете қысқартып айтылатын түрлері — Бектай, Бекен, Бекеш, Бекіш.
БЕКМҰРАТ - қазақ тілінен алынған бек + араб тілінен алынған мұрат — тілек, мақсат, мұраты, ойлаған арман - тілегі зор деген мағынада.
БЕКНАЗАР - бек + араб тілінен алынған нәзәр – көзқарас, назары қатты түскен деген мағынаны білдіреді.
БЕКНАР - бек — өте, әсіре + иран тілінен алынған нар — тіршілік күші, қуат.
БЕКНИЯЗ - қазақ тілінен алынған бек — күшті, + иран тілінен алынған ниязь — өтініш, тілек; үміт; сый, тарту.
БЕКСЕЙІТ - бек — күшті, мықты + араб тілінен алынған сейдь — мырза, бастық, әкім; құрметті, қадірлі.
БЕКСҰЛТАН - қазақ тілінен алынған сұлтан — билеуші әкім. Синонимі — Сұлтанбек.
БЕКТЕМІР - бала темірдей мықты, берік болсын деген тілекпен қойылған есім.
БЕКТЕМІС - бекте — бекіту, мықты ұстау. Бұл Бектұрған деген есімнің синонимі болып табылады.
БЕКТЕН - мықты бол, берік бол деген мағынаны білдіретін есім.
БЕКТҰР - бұл есім бала өмірлі, тұрақты болсын деген тілекпен қойылған. Түрі — Түрбек. Еркелетіп айтылатын түрі — Бекен.
БЕКТҰРҒАН - бала өмірде ұзақ өмір сүрсін, тұрақтап қалсын деген мағынаны білдіреді. Түрі — Тұрғанбек.
БЕКТҰРСЫН - бұл есім де баланың жасы ұзақ болсын, көп жасасын деген тілекпен қойылған.
БЕКТІЛЕУ - қазақ тілінен алынған бек - өте + тілеу — тілек. Түрі — Өтетілеу.
БЕКІН - мықты бол, бекем бол деген мәндегі есім.
БЕЛАСАР - тірек, күш.
БЕЛАСЫЛ - ең қымбат, нағыз мықты таяныш, сүйеніш деген мәндегі есім.
БЕЛБЕРДІ - бел + берді, өмірге таяныш, сүйеніш берді, ер бала берді деген мәндегі есім.
БЕЛГІБАЙ - белгі - көне түркі тілінде дана, данышпан деген сөз. Синонимдері — Нысанбай, Нышанбай.
БЕЛЕС - асу, шоқы.
БЕРГЕН - ер бала туды деген мағынадағы есім.
БЕРДЕН - бер + қосымша ден.
БЕРДИЯР - қазақ тілінен алынған берді + иран тілінен алынған яр — дос, яғни дос берді деген мағынаны білдіреді.
БЕРДІ - сыйлады, тарту етті. Біріккен тұлғалы есім — Бердібай.
БЕРДІМҰРАТ – қазақ тілінен алынған берді + араб тілінен алынған мурад — тілек, мақсат. Мұраты орындалды деген мағыналы есім.
БЕРДІНИЯЗ - қазақ тілінен алынған берді + иран тілінен алынған нияз — өтініш, сый. Сұрап алған бала. Қысқартып айтылатын түрі — Бернияз.
БЕРЕКЕ - ырыс, молшылық, құт. Түрі — Берекет.

Қазақша қыз есімі мағынасымен Қазақша қыз есімі мағынасымен
ОЗАРИЯ - иран тілінен алынған озор — от + ия қосымша. Оттай жанған, өжет. ОПАЖАН - араб тілінен алынған вафа + иран тілінен алынған жан, адал, таза,
Ерзада...... Еркежан, Жазира...... Жібек Ерзада...... Еркежан, Жазира...... Жібек
Ерзада...... Еркежан ЕРЗАДА – қазақ сөзі ер + иран тілінен алынған зада - бала, перзент; батыр. Қыз бала ер, батыл болсын деп қойылған есім. ЕРЗИБА –
Гауһар...... Гүлшаш Гауһар...... Гүлшаш
Гауһар...... Гүлшаш ГАУҺАР - иран тілінен алынған гауһар — қымбат бағалы тас, маржан, інжу. Түрі - Жаухар. ГАЯНА - грек тілінен — жерге тән, жерден
Рабат...... Рүстем Рабат...... Рүстем
Рабат...... Рүстем РАБАТ - араб тілінен алынған рафоат — ұлылық, биіктік, жоғары дәреже. РАЗАҚ - араб тілінен алынған раззақ — өмір сүруге, тіршілік
Ғаббас...... Ғұмар, Латиф...... Лұқпан Ғаббас...... Ғұмар, Латиф...... Лұқпан
Ғаббас...... Ғұмар ҒАББАС - (қараңыз: Аббас). ҒАБДІҒАЗИЗ – араб тілінен - қадірлі, құрметті.
Баба...... Байсал Баба...... Байсал
Баба...... Байсал БАБА - иран тілінен алынған бобо — арғы ата, дада. Біріккен тұлғалы есімдер — Бабажан, Бабахан, Бабанияз. БАБАҒАЛИ - иран тілінен
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×