ойын сауық отауы
Әбиба...... Әужа
04.08.2015 6 463 0 Admin

Әбиба...... Әужа

Есімдер сыры
Әбиба...... Әужа
ӘБИБА - араб тілінен алынған Хабиба есімінің өзгерген түрі. Мағынасы — дос, мейрімді жолдас, өмірлік серік.
ӘДЕМІ – қазақтың сөзі көркем, әсем.
ӘДИБА - араб тілінен алынған адиб — ғалым, әдебиетші.
ӘДИЛА - араб тілінен алынған әдил - ғадія - әділдік, шыншылдық, турашыл.
ӘДИНА - иран тілінен алынған одина — әдеміленген, безенген; жұма күні, аптаның бесінші күні туған балаға қойылатын есім. Синонимі — Әтина.
ӘДИЯ - араб тілінен алынған хадия — сый, сыйлық, тарту.
ӘЗИЗА - араб тілінен — ізгі, құрметті, сүйкімді, сыпайы, қымбатты.
ӘЗИМА - араб тілінен — ұлы, мәртебелі әйел.
ӘИГЕРІМ - әй және керім сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. М. Әуезовтің «Абай жолы» романында осы есімнің қойылу тарихы баяндалады. Абай алғаш Шүкіман деген сұлу қызды көргенде оның нұрлы да сұлу көркіне танданады. Қыздың асқан көркі мен сұлулығына, әдепті жүріс - тұрысына қызығып, әй керім, ай керім деп таңданудан кейін ол Айгерім аталып кеткен.
ӘЙНЕК - араб тілінен алынған эйн — көз; қайнар бұлақтың көзі.
ӘЛЕМГҮЛ - әлемнің, дүниенің әдемісі, сұлуы.
ӘЛИМА - араб тілінен алынған ғалима — оқымысты, ғалым әйел.
ӘЛИПА - араб тілінен алынған алиф — қолға ілінген, дос, жолдас; араб әліппесіндегі бірінші әріп.
ӘЛИЯ - араб тілінен алынған — құны, бағасы артық, биік, жоғары; қымбатты, сүйікті; мәртебелі, көрікті қыз. Түрлері - Ғалия, Қалия, Әлиша.
ӘЛФИЯ - араб тілінен — мың жыл жасаушы, ұзақ өмір сүруші.
ӘМИЛА - араб тілінен - қызметші, жұмыскер.
ӘМИНА - араб тілінен — адал, сенімді, зиянсыз, сәтті, игілікті.
ӘМИРА - араб тілінен алынған әмір - әкім, бастық, билеуші; нұсқау, жарлық, бұйрық.
ӘНАПИЯ - араб тіліндегі неби — «пайғамбар» сөзінің көпше түрі.
ӘНИСА - араб тілінен - дос, жолдас.
ӘРИПА - араб тілінен алынған ариф — есім. Білгір, түсінгіш, дана, данышпан.
ӘСЕЛ - араб тілінен алынған аселъ — бал.
ӘСЕМ - сән, көрік, әдемі.
ӘСЕМГҮ - гүл сияқты әдемі, көрікті, сұлу.
ӘСЕМҚАН - әсем және ханым, ханша сөздерінен жасалған есім, яғни сұлу ханым.
ӘСИМА - араб тілінен алынған асим - қорғаушы, жақтаушы.
ӘТИНА - (қараңыз: Әдина).
ӘЛИША - (қараңыз: Әлия).
ӘУЖА - араб тілінен - ең қымбат, ең асыл.

Қыздардың есімдері мағынасымен Қыздардың есімдері мағынасымен
УӘЗИПА - араб тілінен алынған — таза, пәк; сұлу, көркем. УӘСИЛА - араб тілінен алынған вәсилә — көмек, жәрдем; шыдамды, төзімді, күтуші.
Сағида...... Сындыбала Сағида...... Сындыбала
САҒИДА - араб тілінен — бақытты, табысты болу, рахат өмір сүруші, ауқатты. САҒИРА - араб тілінен — тіл алғыш, құрметті, кіші, кішкене.
Өміргүл...... Өрзия, Пана...... Перизат, Рабия...... Рухия Өміргүл...... Өрзия, Пана...... Перизат,
ӨМІРГҮЛ - өмірдің қуанышы, жайнаған гүлі. ӨМІРШЕ - араб тілінен алынған — өмір бақи, мәңгілік. ӨНЕГЕ - үлгі, тәрбие.
Ерекше қыз есімдері мағынасымен Ерекше қыз есімдері мағынасымен
НАҒИЗА - иран тілінен — әдемі, сұлу, көркем. НАҒИМА - араб тілінен алынған нагімә — мейірімді, жарқын, инабатты; биязы, нәзік, жұмсақ.
Гауһар...... Гүлшаш Гауһар...... Гүлшаш
Гауһар...... Гүлшаш ГАУҺАР - иран тілінен алынған гауһар — қымбат бағалы тас, маржан, інжу. Түрі - Жаухар. ГАЯНА - грек тілінен — жерге тән, жерден
Ғаббас...... Ғұмар, Латиф...... Лұқпан Ғаббас...... Ғұмар, Латиф...... Лұқпан
Ғаббас...... Ғұмар ҒАББАС - (қараңыз: Аббас). ҒАБДІҒАЗИЗ – араб тілінен - қадірлі, құрметті.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×