ойын сауық отауы
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әнші Димаш Құдайбергенге арнайы стипендия тағайындады
27.02.2017 1 030 0 Admin

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әнші Димаш Құдайбергенге арнайы стипендия

Жаңалықтар
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әнші Димаш Құдайбергенге арнайы стипендия тағайындады. Бұл туралы бүгін Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Министр бұл ақпаратты бүгін Қазақ Ұлттық өнер университетінде Димашпен бірге өткен кездесу кезінде айтты. «Бүгін Ұлттық университетте ерекше күн. Бәріміз бірге Димашты өнер ордасында қарсы алып отырмыз. Бұл елімізге үлкен мақтаныш.

Димаш жастайынан өзін өнерге арнап, Ақтөбедегі өнер училищесінде, енді Астанадағы Өнер академиясында дәріс алып жүр», - деген министр, жас дарынның ата-анасы - Қанат пен Света Айтбаевтарға, Димаштың ұстаздарына алғысын айтты. «Димаш аяқ астынан танымал болған жоқ, бұрыннан конкурстарға қатысып келеді. Димаштың бұрыннан бері халықаралық байқауларға, мемлекеттің үлкен концерттеріне қатысып жүргенін жақсы білесіздер. Жақында ғана Елбасы өзінің арнайы стипендиясымен Димашты басқа да өнер адамдарымен бірге құрметтеді. Біздің Елбасымыздың Димашқа деген қамқорлығын осыннан білуге болады», - деді министр.

Дерек көзі

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жасаған мәлімдемесінде Президенттік өкілеттігін 20 наурыздан бастап тоқтататынын мәлімдеді.
Алматыдағы жер сілкінісінің себебі түсіндірілді. Алматыдағы жер сілкінісінің себебі түсіндірілді.
Сейсмологтар Алматыда бүгін таң ата болған жер сілкінісінің себебін айтты. Мамандардың сөзінше, мұндай оқиға қайталануы мүмкін, деп хабарлайды
Қазақстанның халық саны 18 миллионға жетті Қазақстанның халық саны 18 миллионға жетті
ҚР Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Руслан Дәленов Қазақстан халқының саны жайында мағлұмат берді. Ол туралы sn. kz. хабарлайды. Ол
Айсұлтан Назарбаев Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті атанды Айсұлтан Назарбаев Қазақстан футбол
Айсұлтан Назарбаев Қазақстан футбол федерациясына қызметке келді деп хабарлайды федерациясының баспасөз қызметі. Айсұлтан Назарбаев Қазақстан футбол
Ұстаздарды қызметтеріне тән емес жұмыстарға мәжбүрлеу тыйылады Ұстаздарды қызметтеріне тән емес жұмыстарға
Алдағы уақытта ұстаздар қауымын қызметтеріне тән емес жұмыстарға мәжбүрлеп жегу тыйылады. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің
Лара Фабиан Димаш Құдайбергеннің жеңісіне құттықтау жіберді Лара Фабиан Димаш Құдайбергеннің жеңісіне
Атақты әнші Лара Фабиа Facebook-тегі өзінің жеке ресми парақшасында Димаш Құдайбергенді қытайлық «I am a singer» теле-шоуының алтыншы кезеңіндегі
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×