ойын сауық отауы
Жоғары оқу орнының дипломынсыз-ақ миллиардер атанған он азамат
22.06.2017 1 184 0 Дауыл

Жоғары оқу орнының дипломынсыз-ақ миллиардер атанған он азамат

Жаңалықтар
Жоғары білім жетістікке жетудің басты кілті деп ойласаңыз, қателесесіз. NUR. KZ порталы белді жоғары оқу орнының дипломынсыз - ақ миллиардер атанған он азаматты AdMe. ru сайтына сілтеме жасап назарларыңызға ұсынды.

Ричард Брэнсон
Білімі: Орта мектепті бітірмеген
Virgin компаниясының негізін қалаушы 16 жасында мектепті тастап, Лондонға кеткен. Бастапқыда бизнесін журнал ашудан бастаған азамат бүгінде бүтін бір әуе компаниясын иелік етеді.

Ингвар Кампрад
Білімі: орта мектеп
Танымал IKEA компаниясының қожайыны Ингвар Кампрад компанияны 17 жасында құрған. Оқу оған қиынға соққандықтан, Ингвар жоғары білім алмаған.

Генри Форд
Білімі: орта мектеп
Генри Форд 16 жасында үйінен қашып, Детройтқа кетеді. Сол жерде механиктің көмекшісі болып орналасқан жігіт бүгінде ең қалталы азаматтардың бірі атанып отыр.

Майкл Делл
Білімі: университеттің бірінші курсы
DELL компаниясының негізін қалаушы алғашқы ақшасын 12 жасында жергілікті газет жазылушыларын жинау арқылы тапқан. Оқу кезінде Делл өзінің алғашқы PC’s Limited компьютерлік компаниясын құрып, 19 жасында оқуын тастап кетеді.

Ли Кашин
Білімі: орта мектепті бітірмеген
Әлемдегі ең бай адамдардың бірі Ли Кашин 12 жасында мектепті тастап, зауытта жұмысқа тұруға мәжбүр болады.
22 жасында ол Cheung Kong компаниясын құрып, үлкен табысқа кенелген.

Билл Гейтс
Білімі: университеттің екінші курсы
Билл Гейтс Гарвард университетінің дипломын тек 2007 жылы сыйға алған. Ал шын мәнінде Гейтс Гарвардта екі жыл ғана білім алыпты. Кейін оқудан шығып қалған.

Ларри Эллисон
Білімі: университеттің екінші курсы
Oracle компаниясының негізін қалаушылардың бірі екі рет жоғары білім алмақ болып, сәтсіздіктерге ұшырайды.

Джон Рокфеллер
Білімі: үш айлық бухгалтерлік курс
Джон Рокфеллер алғаш рет жеті жасында табыс тауып көрген. Мектептен кейін колледжге оқуға түскен Джон оны бітірместен, тастап кетеді.

Амансио Ортега
Білімі: орта мектепті бітірмеген
Zara брендінің негізін қалаған Амансио Ортега 13 жасында мектепті тастап, киім дүкеніне жұмысқа тұрады. Ортега өзінің алғашқы дүкенін 1975 жылы ашты.

Марк Цукерберг
Білімі: университеттің екінші курсы
Әлемдегі ең жас миллиардер Марк Цукерберг Гарвардта психолог мамандығын оқып бастап, кейін тастап кеткен.

Шұғылалы шартарап: Розуэл қаласы Шұғылалы шартарап: Розуэл қаласы
Розуэл – АҚШ-тың оңтүстік-батысындағы қала, Нью-Мексико штатының Чавез округінің әкімшілік орталығы.
Қазақстандықтарға үй алу үшін орта есеппен қанша ақша үнемдеу керек. Қазақстандықтарға үй алу үшін орта есеппен қанша
Ләззат Ибрагимованың есептеуі бойынша, айлық табысы 140 - 150 мың теңгені құрайтын әрбір қазақстандық орта есеппен айына жинақтау қорына 40 мың теңге
Қазақ миллиардері 90 жылдары байлыққа қалай кенелді? Қазақ миллиардері 90 жылдары байлыққа қалай
90 жылдары атақты «Сеймар» компаниясының негізін қалаушы, бүгінде тәжірибелі кәсіпкер бизнесмендер жиынында жастарға бұрын еш жерде айтылмаған, бірде
Әйгілі Марк Цукерберг өз миллиардтаған табысын қайда жұмсайды? Әйгілі Марк Цукерберг өз миллиардтаған табысын
Цукерберг қымбат костюм киіп, ақшаны оңды - солды шашпайды екен. Қарапайым футболкамен жүретін азамат ақшаны тек өзіне қажет деп тапқан ыңғайлықтарға
Мұғалімдердің жалақысын өсіру үшін 88 миллиард теңге қажет. Мұғалімдердің жалақысын өсіру үшін 88 миллиард
"Мұғалімнің орташа жалақысы - 86 мың теңге, жоғары білімі бар жас мұғалімнің жалақысы 49 мың теңге, орта білімі бар мұғалімдер 39 мың теңге алады.
«Алтын белгі» иегерлерінің біршамасы мемлекеттік грант ала алмайтын болды «Алтын белгі» иегерлерінің біршамасы мемлекеттік
Білім гранттарын беру жөніндегі республикалық конкурс комиссиясы «Алтын белгі» иегерлерінің біршамасы мемлекеттік грантқа ие бола алмауы мүмкін деген
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×