ойын сауық отауы
ОҚО - да «Мектепке жол» акциясы бастау алды
03.08.2016 2 419 0 Дауыл

ОҚО - да «Мектепке жол» акциясы бастау алды

Жаңалықтар
ОҚО - да «Мектепке жол» акциясы бастау алды

Оңтүстік Қазақстан облысында «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы бастау алды. Тамыздың 1-нен бастап қыркүйек айының 30-на дейін жалғасатын шара Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Бақытты балалық шақ мекені» ұранымен өтпек. Бұл туралы бүгін ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Ғалия Жүсіпова хабарлады.

Аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алуды мақсат тұтқан акция соңғы сегіз жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

«Осы 8 жыл ішінде республика бойынша 2 млн.- нан астам балаға жалпы сомасы 10 млрд. теңгеге материалдық көмек көрсетілді. Оның ішінде, былтыр «Мектепке жол» акциясы шеңберінде түрлі тақырыпта қамқорлық акциялары өткізіліп, жалпы саны 21656 балаға материалдық көмек берілді. Оның 12918-не бюджет қаражаты есебінен бір жолғы мектеп жабдығы берілсе, қалған 8738 балаға бюджеттен тыс демеушілер қаражаты есебінен материалдық көмек берілді. Облыс бойынша материалдық көмек алған 21 мыңнан астам оқушыға 230 млн. теңгеге жуық қаржы жұмсалды» - деді Ғ. Жүсіпова.

Биыл да жылдағы дәстүр жалғасатынын айтқан бөлім басшысы акция барысында мектеп жасындағы балаларды білім ұйымдарында оқумен қамту, әсіресе күн көрісі төмен отбасылардан шыққан балаларға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды өткізу ұйымдастырылып жатқанын жеткізді. Ол үшін қоғам қайраткерлерінің, бизнес өкілдерінің қатысуымен «Балаларға бірге көмек берейік!», «Ауыл балаларына – мектепке сыйлықтар», «Отбасы отбасыға көмек көрсетеді: Балаларды мектепке дайындаймыз!» атты қайырымдылық акцияларын, мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы отырған балаларға естелік сыйлықтар таратып, мереке өткізу, аз қамтамасыз етілген отбасыларға балаларын мектепке дайындау үшін ірі сауда орталықтарында мектепке қажетті заттарды, оқу құралдарын қабылдауға арналған контейнерлер орнату арқылы «Мейірімді жүрек» акциясын өткізу жоспарда бар.

Айта кеткен жөн, барлық деңгейдегі мекеме басшылары, аудан әкімдері, іскер азаматтар, белсенді топтар, мемлекеттік қызметкерлер, үкіметтік емес ұйымдар мен аудандық, қалалық білім бөлімдері, мектеп басшыларын және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін атсалысуға шақырылып отырған шараға Сіз де қатыса аласыз. Ол үшін алдағы екі ай көлемінде 24-75-25 сенім телефоны жұмыс істейтін болады.

Дереккөзі: baq.kz

Мектепке шақыру - Спандияр Көбеев Мектепке шақыру - Спандияр Көбеев
Балалар, жиналыңыз мектепке ерте, Мәз болмай деген сөзге «мырза, ерке». Бұл кезде өнерлі адам өрге шықты Зат емес надан кісі алар текке.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі жәрдемақы қаншаға өсетінін айтты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 2018 жылы азаматтарға берілетін атаулы
Қамқорлық акциясы Қамқорлық акциясы
Ақтөбе қаласы, №10 жалпы білім беретін орта мектебінің ұжымы «Қамқорлық» акциясының өтуіне бір кісідей ат салысты.
Сабақтан себепсіз қалған оқушылардың ата-анасы айыппұл төлейді Сабақтан себепсіз қалған оқушылардың ата-анасы
Бір реттік айыппұл 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде. Бұл 15 мың теңгеге жуық қаржы. Ал сабақтан қашу фактілері қайталанса, ата - аналарға 42 мың
Алматыда биыл 29 мыңдай бала мектепке барады Алматыда биыл 29 мыңдай бала мектепке барады
Алматыда биыл 2016 - 2017 оқу жылында 29 мыңдай бала бірінші сынып оқушысы атанады.
Қазақстанда жаңа оқу жылына арналған демалыс кестесі бекітілді Қазақстанда жаңа оқу жылына арналған демалыс
Бұйрыққа сәйкес, орта білім беретін ұйымдарда оқу жылы 1 қыркүйекте басталады.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×