ойын сауық отауы
Алматыда биыл 29 мыңдай бала мектепке барады
07.08.2016 1 866 0 Дауыл

Алматыда биыл 29 мыңдай бала мектепке барады

Жаңалықтар
Алматыда биыл 29 мыңдай бала мектепке барады.

Алматыда биыл 2016 - 2017 оқу жылында 29 мыңдай бала бірінші сынып оқушысы атанады. «ҚазАқпарат» тілшісінің биыл мектепке баратын балалардың саны жөніндегі жіберген сауалына Алматы қаласының Білім басқармасы осылай жауап қайырды – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Одан басқа, қаладағы барлық жалпы білім беретін мектептерде ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталып, 1 - ші сыныпқа балаларды қабылдау шарасы басталғандығы атап өтілген.

2016 - 2017 оқу жылына жергілікті бюджеттен оқу құралдары мен оқу - әдістемелік кешендерді сатып алуға 2 млрд. 033 млн. теңге бөлінген.

Қаладағы барлық мемлекеттік орта мектептер алдағы оқу жылында оқулықтармен толыққанды қамтамасыз етіледі. Оқу жылы аяқталған соң бұл оқулықтар қайтарылады.
2016 жылдың 29 шілдесіндегі жағдай бойынша қала мектептеріне 2 - 11 сыныптарды қамтитын 1 949 025 дана оқулық жеткізілді.
Ал бұл, жалпы тапсырыстың 98 пайызын құрайды.

Сонымен қатар, 15 тамызға дейін баспалар мектептерді 1 - ші сыныпқа арналған жаңартылған мазмұндағы оқулықтар және оқу - әдістемелік кешендермен қамтамасыз ететін болады.

Дерекөзі: inform. kz

2017 жылы бір реттік жөргекпұлдың мөлшері қанша? 2017 жылы бір реттік жөргекпұлдың мөлшері қанша?
Бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 2017 жылғы 1 қаңтардан 7%-ға, ал 2017 жылғы 1 шілдеден тағы 20%-ға
Қамқорлық акциясы Қамқорлық акциясы
Ақтөбе қаласы, №10 жалпы білім беретін орта мектебінің ұжымы «Қамқорлық» акциясының өтуіне бір кісідей ат салысты.
Еліміздегі мектептерде балаларды оқытатын білікті ұстаздар жетпей жатыр. Еліміздегі мектептерде балаларды оқытатын білікті
Еліміздегі мектептерде балаларды оқытатын білікті ұстаздар жетпей жатыр. Ата - аналар, әрине, ұл мен қызына тәжірибелі мұғалімнің білім бергенін
ОҚО - да «Мектепке жол» акциясы бастау алды ОҚО - да «Мектепке жол» акциясы бастау алды
Оңтүстік Қазақстан облысында «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы бастау алды. Тамыздың 1-нен бастап қыркүйек айының 30-на дейін
Қазақстанда жаңа оқу жылына арналған демалыс кестесі бекітілді Қазақстанда жаңа оқу жылына арналған демалыс
Бұйрыққа сәйкес, орта білім беретін ұйымдарда оқу жылы 1 қыркүйекте басталады.
Мектепте смартфонға тыйым салына ма? Мектепте смартфонға тыйым салына ма?
ҚР Білім және ғылым министрлігі мектептерде смартфон ұстауға тыйым салу туралы прокурорлардың ұсыныстарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×