ойын сауық отауы
Білім беру кредиті – оқу ақысын төлеудің балама мүмкіндігі
03.08.2016 2 250 0 Дауыл

Білім беру кредиті – оқу ақысын төлеудің балама мүмкіндігі

Жаңалықтар
Білім беру кредиті – оқу ақысын төлеудің балама мүмкіндігі.

Ағымдағы жылы білім грантына ие бола алмаған талапкерлер оқудың ақысын төлеуде қаржы жағынан қиналған жағдайда Білім беру кредиттерін кепілдендірудің мемлекеттік бағдарламасына жүгініп, жылдық 10%- дан басталатын пайыздық мөлшерлемемен 12 жылға дейінгі мерзімге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Қаржы орталығы» АҚ - ның (бұдан әрі – Қаржы орталығы) кепілдігімен несие рәсімдей алады.
Қаржы орталығының кепілдігімен ұсынылатын білім беру кредиттері талапкерлерге де, Қазақстанның бүкіл ЖОО - лары мен колледждерінің барлық оқу үлгісіндегі студенттеріне де беріледі.
Қазіргі таңда білім беру кредиттері Қаржы орталығымен серіктес банктерде әр түрлі шарттарда ұсынылады. Бағдарламаның қолданылу ауқымы кең, серіктес банктер Республиканың барлық аймақтарында жұмыс жасайды. Кредиттің берілу механизмі бірдей: қарыз алушы банкке барып кеңес алады, ресімдеуге қажетті құжаттарды жинап, оларды банкке тапсырады.
Білім беру кредиті қажеттілігіне қарай әр семестр немесе жыл сайын оқу орынның есепшотына аударылады.
Алайда, Қаржы орталығының кепілдігімен білім беру кредитін алу үшін бір немесе екі қосалқы қарыз алушының болуы талап етіледі. Бұл жерде қосалқы қарыз алушының төлеуге қабілеттілігі, яғни негізгі жұмыс орны бойынша алатын табысы ескеріледі.
Кредиттің сомасына шектеу қойылмайды, бастысы барлық оқу кезеңі үшін оқу құнынан аспаса болғаны.
Ерекше атап кетерлігі, бұл бағдарламада жеңілдікті кезең беріледі, яғни оқу кезеңі мен оқуды бітіргеннен кейін 6 айға кредитті төлеу мерзімі кейінге шегеріледі. Кредитті кез келген уақытта мерзімінен бұрын өтеуге болады, ол үшін айыппұл санкциялары қолданылмайды.
Білім беру кредиттерін кепілдендірудің мемлекеттік бағдарламасы арқасында студент өз күшімен өз болашағын жоспарлай алады.

Анықтама үшін:
«Қаржы орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 маусымдағы № 541 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгінiң «Қаржы орталығы» мемлекеттік мекемесiн қайта ұйымдастыру жолымен құрылды.
«Қаржы орталығы» АҚ қызметiнiң негізгi мәнi ақшалай нысанда орындалуды көздейтiн қаржы ұйымдары ұсынатын білім беру кредиттері бойынша кепiлдіктер беру, сондай - ақ бұрын берілген мемлекеттік білім беру және студенттік кредиттердің қайтарылуын қамтамасыз ету болып табылады.

Толық жүктеу
Жүктеу

ҚР Білім және ғылым министрлігі 2018 - 2019 оқу жылына арналған білім беру гранттарының мамандықтар бойынша тізімі ҚР Білім және ғылым министрлігі 2018 - 2019 оқу
ҚР Білім және ғылым министрлігі 2018 - 2019 оқу жылына арналған білім беру гранттарының мамандықтар бойынша тізімін жариялады.
Білім грантына ілікпеген жағдайда не істеуге болады? Білім грантына ілікпеген жағдайда не істеуге
Құрметті талапкерлер мен ата - аналар! Білім беру гранттары конкурсының нәтижелері барлық қатысушылардың үмітін ақтамады, өйткені түлектердің 30%
Оқыту әдістемесі және білім беру технологиясы №1 Оқыту әдістемесі және білім беру технологиясы №1
Оқыту әдістемесі және білім беру технологиясы бойынша тестілеу арқылы өз біліміңізді тексеріп көріңіз!
Қазақ тіліне ештеңе кедергі келтірмейді – Дариға Назарбаева Қазақ тіліне ештеңе кедергі келтірмейді – Дариға
Астанадағы білім беру саласы қызметкерлерінің Республикалық тамыз конференциясына қатысқан Үкімет басшысының орынбасары Дариға Назарбаева үш тілді
«Алтын белгі» иегерлерінің біршамасы мемлекеттік грант ала алмайтын болды «Алтын белгі» иегерлерінің біршамасы мемлекеттік
Білім гранттарын беру жөніндегі республикалық конкурс комиссиясы «Алтын белгі» иегерлерінің біршамасы мемлекеттік грантқа ие бола алмауы мүмкін деген
Мектепте смартфонға тыйым салына ма? Мектепте смартфонға тыйым салына ма?
ҚР Білім және ғылым министрлігі мектептерде смартфон ұстауға тыйым салу туралы прокурорлардың ұсыныстарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×