ойын сауық отауы
2026 жыл: Жеке кәсіпкер ретінде өзіңіз үшін қанша салық төлеу қажет?
18.02.2026 16 0 Admin

2026 жыл: Жеке кәсіпкер ретінде өзіңіз үшін қанша салық төлеу қажет?

Мен кәсіпкермін
Ең төменгі жалақымен ЖК 2026 жыл: Жеке кәсіпкер ретінде өзіңіз үшін қанша салық төлеу қажет?
2026 жылы ЖК - ға ең төменгі жалақы бойынша зейнетақы, әлеуметтік аударымдар және МӘМС (ОСМС) қанша төлеу керектігін айтамыз.
Сонымен, 2026 жаңа жылы келіп жетті, және онымен бірге жаңа минималды есептік көрсеткіштер өзгерді. Біз бүгін бірге жеке кәсіпкерге қанша салық төлеу керектігін анықтаймыз.
Биыл төменгі жалақы 2026 жылы ЕТЖ тиісінше 85 000 теңге болып өзгеріссіз қалды және АЕК 4325 теңгеге өзгерді. ЖК үшін ең төменгі аударымдар да өзгеріске ұшырады.

Зейнетақы аударымдары - бұл ЕТЖ - нің 10% = 8500 теңге.
2026 жылы тағы бір зейнетақы төлемдері қосылды: бұл ЕТЖ - нің 2, 5% = 2125 теңгені 1975 жылдан кейінгі туылған азаматтар өзі үшін аударуы тиіс.
Мысалы: 1976, 1977, 1978 осылай кете береді, 1974, 1973, 1972 және арғы жылғы туғандарға бұл төлемді төлеу қажет емес.
2026 жылғы ең төменгі жалақы бойынша ЖК үшін әлеуметтік аударымдар 4250 теңгеге тең.
Жеке кәсіпкер үшін минималды төлем бойынша МӘМС (ОСМС) - 5950 теңге.

 
Сонымен жеке кәсіпкер өзі үшін 2026 жылы осынша салық төлейді:
8500+2152+4250+5950=20825
Сондай - ақ, зейнетақы аударымдары мен әлеуметтік салықты есепті айдан кейінгі айдың 25 - інен кешіктірмей төлеу керектігін еске саламыз. Төлемді айдың 18-20 күндері аралығында жіберу керек себебі ол 1-3 күнде салық органдарына түседі.

Айталық қаңтар айына 25 ақпанға дейін, ақпанға 25 наурызға дейін және басқа айларға осындай әдіспен төлеу керек. Сондай - ақ 1 тоқсанға немесе жарты жылға алдын ала төлеуге болады.

ЖК – жеке кәсіпкер
ЕТЖ - ең төменгі жалақы 2026 жылға 85000 теңге
МӘМС (ОСМС) – медициналық сақтандыру жарнасы 2026 жылға 5950 теңге
Әлеуметтік аударымдар (СО) – ЖК - нің жеке өзі үшін ең төменгі жалақымен есептегенде 2026 жылға 4250 теңге.

Бұл төлемдер тек ең төменгі жалақымен есептегенде дұрыс цифралар, егер сіздің жалақыңыз 85000 - дан көп болса, мына формуламен есептеу қажет:
Зейнетақы аударымдары - бұл жалақыңыздың - нің 10% = (мысалы жалақыңыз: 100 000 болса онда 10% = 10 000 теңге) болады.
ЖК үшін әлеуметтік аударымдар - 2026 жылғы жалақыңыздан зейнетақы аударымдарын шегеріп х 5% көбейтесіз (мысалы жалақыңыз: 100 000 - 10000 х 5% = 4500 теңге) теңгеге тең.
Жеке кәсіпкер үшін төлем бойынша өзгеріссіз МӘМС (ОСМС) - 5950 теңге. Егер де айлыңыңыз одан көп болса онда төмендегі таблица қарап төлем жасауға болады. Сәттілік тілейміз!

Жеке кәсіпкер өзі үшін қанша салық төлеуі тиіс таблица жүктеп алу

2025 жыл: Жеке кәсіпкер ретінде өзіңіз үшін қанша салық төлеу қажет? 2025 жыл: Жеке кәсіпкер ретінде өзіңіз үшін қанша
2025 жылы ЖК - ға ең төменгі жалақы бойынша зейнетақы, әлеуметтік аударымдар және МӘМС (ОСМС) қанша төлеу керектігін айтамыз. Сонымен, 2025 жаңа жылы
2022 жылы жеке кәсіпкер ретінде өзіңіз үшін қанша салық төлеу қажет? 2022 жылы жеке кәсіпкер ретінде өзіңіз үшін қанша
2022 жылы ЖК - ға ең төменгі жалақы бойынша зейнетақы, әлеуметтік аударымдар және МӘМС (ОСМС) қанша төлеу керектігін айтамыз.
2024 жыл: Жеке кәсіпкер ретінде өзіңіз үшін қанша салық төлеу қажет? 2024 жыл: Жеке кәсіпкер ретінде өзіңіз үшін қанша
2024 жылы ЖК - ға ең төменгі жалақы бойынша зейнетақы, әлеуметтік аударымдар және МӘМС (ОСМС) қанша төлеу керектігін айтамыз. Сонымен, 2024 жаңа жылы
2023 жыл: Жеке кәсіпкер ретінде өзіңіз үшін қанша салық төлеу қажет? 2023 жыл: Жеке кәсіпкер ретінде өзіңіз үшін қанша
2023 жылы ЖК - ға ең төменгі жалақы бойынша зейнетақы, әлеуметтік аударымдар және МӘМС (ОСМС) қанша төлеу керектігін айтамыз.
Оңайлатылған салық режимі Оңайлатылған салық режимі
Оңайлатылған декларация негізіндегі салық режимі, немесе қарапайым айтқанда, оңайлатылған, салық есептілігін тапсырудың жеңіл процедурасының
Патент негізінде салық режимі Патент негізінде салық режимі
Патент негізінде Қазақстанда өз бизнесін жүргізу ең қолайлы режим болып табылады. Қызметтің бұл түрі есептілікті жүргізу талап етпейді. Патент
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×