ойын сауық отауы
2024 жыл: Жеке кәсіпкер ретінде өзіңіз үшін қанша салық төлеу қажет?
09.02.2024 559 0 Admin

2024 жыл: Жеке кәсіпкер ретінде өзіңіз үшін қанша салық төлеу қажет?

Қаржы
Ең төменгі жалақымен ЖК 2024 жыл: Жеке кәсіпкер ретінде өзіңіз үшін қанша салық төлеу қажет?
2024 жылы ЖК - ға ең төменгі жалақы бойынша зейнетақы, әлеуметтік аударымдар және МӘМС (ОСМС) қанша төлеу керектігін айтамыз.
Сонымен, 2024 жаңа жылы келіп жетті, және онымен бірге жаңа минималды есептік көрсеткіштер өзгерді. Біз бүгін бірге жеке кәсіпкерге қанша салық төлеу керектігін анықтаймыз.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы ЕТЖ тиісінше 85 000 теңге болды және АЕК 3692 теңгеге өзгерді. ЖК үшін ең төменгі аударымдар да өзгеріске ұшырады.

Зейнетақы аударымдары - бұл ЕТЖ - нің 10% = 8500 теңге.
2024 жылы тағы бір зейнетақы төлемдері қосылды: бұл ЕТЖ - нің 1,5% = 1275 теңгені 1975 жылдан кейінгі туылған азаматтар өзі үшін аударуы тиіс.
Мысалы: 1976, 1977, 1978 осылай кете береді, 1974 жылғы туғандарға бұл төлемді төлеу қажет емес.
2024 жылғы ең төменгі жалақы бойынша ЖК үшін әлеуметтік аударымдар 2975 теңгеге тең.
Жеке кәсіпкер үшін минималды төлем бойынша МӘМС (ОСМС) - 5950 теңге.
Сонымен жеке кәсіпкер өзі үшін 2024 жылы осынша салық төлейді:
8500+1275+2975+5950=18700
Сондай - ақ, зейнетақы аударымдары мен әлеуметтік салықты есепті айдан кейінгі айдың 25- інен кешіктірмей төлеу керектігін еске саламыз.

Айталық қаңтар айына 25 ақпанға дейін, ақпанға 25 наурызға дейін және басқа айларға осындай әдіспен төлеу керек. Сондай - ақ 1 тоқсанға немесе жарты жылға алдын ала төлеуге болады.

ЖК – жеке кәсіпкер
ЕТЖ- ең төменгі жалақы 2024 жылға 85000 теңге
МӘМС (ОСМС) – медициналық сақтандыру жарнасы 2024 жылға 5950 теңге
Әлеуметтік аударымдар (СО) – ЖК-нің жеке өзі үшін ең төменгі жалақымен есептегенде 2024 жылға 2975 теңге.

Бұл төлемдер тек ең төменгі жалақымен есептегенде дұрыс цифралар, егер сіздің жалақыңыз 85000-дан көп болса, мына формуламен есептеу қажет:
Зейнетақы аударымдары - бұл жалақыңыздың - нің 10% = (мысалы жалақыңыз: 100 000 болса онда 10% = 10 000 теңге) болады.
ЖК үшін әлеуметтік аударымдар - 2024 жылғы жалақыңыздан зейнетақы аударымдарын шегеріп  х 3,5% көбейтесіз  (мысалы жалақыңыз: 100 000 - 10000  х 3,5% = 3150 теңге) теңгеге тең.
Жеке кәсіпкер үшін төлем бойынша өзгеріссіз МӘМС (ОСМС) - 5950 теңге.

Басқа айлықпен қанша салық төлеу керек осы жерден көріңіз

Тағы бір 2024 жылғы жаңалық: барлық жеке кәсіпкерлер осы жылы 250-формадағы декларация тапсыруы тиіс, оны 15 қыркүйек айына дейін тапсырып үлгеруі қажет!

2023 жыл: Жеке кәсіпкер ретінде өзіңіз үшін қанша салық төлеу қажет? 2023 жыл: Жеке кәсіпкер ретінде өзіңіз үшін қанша
2023 жылы ЖК - ға ең төменгі жалақы бойынша зейнетақы, әлеуметтік аударымдар және МӘМС (ОСМС) қанша төлеу керектігін айтамыз.
2022 жылы жеке кәсіпкер ретінде өзіңіз үшін қанша салық төлеу қажет? 2022 жылы жеке кәсіпкер ретінде өзіңіз үшін қанша
2022 жылы ЖК - ға ең төменгі жалақы бойынша зейнетақы, әлеуметтік аударымдар және МӘМС (ОСМС) қанша төлеу керектігін айтамыз.
МӘМС төлемдерін қалай төлеуге болады МӘМС төлемдерін қалай төлеуге болады
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық ЖК осы айда табыс болғанына немесе болмағанына қарамастан, өзі үшін МӘМС 2975 теңге мөлшерінде төлеуге
Патент негізінде салық режимі Патент негізінде салық режимі
Патент негізінде Қазақстанда өз бизнесін жүргізу ең қолайлы режим болып табылады. Қызметтің бұл түрі есептілікті жүргізу талап етпейді. Патент
Оңайлатылған салық режимі Оңайлатылған салық режимі
Оңайлатылған декларация негізіндегі салық режимі, немесе қарапайым айтқанда, оңайлатылған, салық есептілігін тапсырудың жеңіл процедурасының
БЖТ (Бірыңғай жиынтық төлем) дегеніміз не? БЖТ (Бірыңғай жиынтық төлем) дегеніміз не?
БЖТ (Бірыңғай жиынтық төлем) төлеушілер үшін қолданыстағы басқа режимдерден қарағанда төлемдер неғұрлым төмен ставкалар бойынша айқындалатын болады.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×