ойын сауық отауы
Адам өзін бақытты сезіну үшін...?
22.04.2016 15 386 0 Дауыл

Адам өзін бақытты сезіну үшін...?

Жалпы кеңес
Адам өзін бақытты сезіну үшін...?
Сонымен адамның бақыты өз қолында дегенге сенесіз бе?
Бұл сұрақтың жауабын бізге дейін қанша жан іздегені беймәлім алайда, қазір де бұл сұраққа жауап іздеушілер көп.
Бәріміз бақытты болуды қалаймыз, бірақ қалай?
Бақытты болуды армандап қана қою жеткіліксіз, мақсатыңа жету үшін нақты қадам жасау керек. Адам заманнан бақытты болудың құпия формуласын іздестірумен келеді алайда, оның құпиясы күнделікті қарапайым өмір сүру қағидаңызға өзгертулер енгізуде. Өмір сүру қағидаңызға қарапайым бірнеше ережелерді енгізе отырып, сіз бақытты сезінудің құпиясын табасыз.

- Бақытты болу үшін адам оптимист болуы керек, кез келген қиындыққа берілмей одан жол тауып шыға білу керек. Адам әрбір жасаған қателігінен сабақ алуы керек. Әрдайым жақсылықтан үміт ету жарқын болашаққа жетелейді.

- Өзіңізді бақытты сезіну үшін кешірімді болу керек. Кешіре білу тек мықты адамның қолынан келеді, әлсіз адам ешқашан кешіре алмайды.

- Өзіңізді бақытты сезіну үшін айналаңыздағы жандарды да қуанышқа бөлеңіз. Қасыңызда жадырып - жайнап жүрген адамды көріп сіз де өзіңізді жақсы сезінесіз.

- Бақытты болу үшін сыртқы келбетіңіздің сұлулығымен қоса ішкі жан дүниеңіз де сұлу болы керек. Ол үшін: қызықты кітаптар оқыңыз, мағыналы кино көріңіз, классикалық музыка тыңдаңыз, табиғат аясына шығыңыз. Жалпы, жүрегіңіз нені қалайды соны жасаңыз.

- Бақытты болу үшін өзіңізде барына қанағат етіңіз және қолыңызда барын бағалаңыз. Өткенді еске алып болашаққа алаңдаудың керегі жоқ, жай ғана қазіргі сәттің әрбір минутын бағалай отырып өмір сүріңіз.

- Өзіңізді бақытты сезіну үшін басқалармен өзіңізді салыстырмаңыз және өзгеге еліктеудің қажеті жоқ. Табиғи қалпыңызды сақтаңыз. Бақытты адамдар өзін ешкіммен салыстырмайды және ешкімге еліктемейді.

- Адам өзін бақытты сезінуі үшін күлкінің де маңызы зор. Себебі күлкі адам өмірін ұзартады.

- Өзіңізді бақытты сезіну үшін өз бойыңыздағы кейбір кемшіліктерді түзетуге тырысыңыз. Айналаңыздағы жандарға мейірімділік танытып қамқор болуға және жақсылық жасауға тырысыңыз. Қандай жағдайда да шыдамды болыңыз.

- Бақытты болу үшін өзіңізге сеніңіз және алға қойған мақсатыңызға қол жеткізу үшін аянып қалмаңыз, оған сіздің күшіңіз жетеді.

- Психологтардың тұжырымдауынша бақыттың басты элементі – отбасыңыз бен достарыңыз, деп түсіндіреді. Бұлар біздің қандай жағдайда да қорғанымыз әрі қолдаушымыз.

Бақыт дегеніміз – шуақты өміріміздің бөліп алуға келмейтін бөлшегі деуге болады. Бақытқа жетудің жолы қарапайым алайда оған оңай қол жеткіземін деп ойламаңыз. Ол үшін біраз еңбектенуге тура келеді, сонда бақыттың шын құпиясы ашылады. Француздық жазушы Виктор Гюгоның айтуы бойынша: «Шын бақытты болу үшін – бақытты сезіну жеткіліксіз, адам бақытқа лайықты болуы керек».

Өз ойыңызбен бөлісіңіз, пікір қалдыру жолына жазба қалдыруға болады.

36 - қадам: кешіре біліңіз – бақытты өмір сүресіз 36 - қадам: кешіре біліңіз – бақытты өмір сүресіз
Бақытты ұзақ өмір сүргің келеді ме? Онда кешіруді, түсінуді, үндемеуді, керек жерінде айтуды және жай ғана сүюді үйрен!.
Бақытты адам болғың келсе... Бақытты адам болғың келсе...
Бақытты адам болғың келсе, өткенді қопара берме. Сүйегі жоқ балық болмайтыны сияқты, кемшілігі жоқ адам болмайды. Әрдайым күлімдеп жүрсеңіз, өмір де
Өнегелі отбасы қандай болу керек? Өнегелі отбасы қандай болу керек?
Бақытты отбасы бір - бірімен көп сөйлеседі.
Есің сақта, бәрі орындалады, бірақ дәл қазір емес Есің сақта, бәрі орындалады, бірақ дәл қазір емес
Есің сақта, бәрі орындалады, бірақ дәл қазір емес
Бақытты болу әр адамның өз қолында Бақытты болу әр адамның өз қолында
Біздің барлық ойымыз – материалды болып табылады, сондықтан да не ойласақ, сол орындалады. Сондықтан әрдайым жақсы дүние ойлауға тырысыңыз.
Ақылды адамның бойындағы 9 қасиет. Ақылды адамның бойындағы 9 қасиет.
Кейде, күтпеген жағдай орын алған сәтте оңай жол тауып кететін адам назарыңды аудармай кетпесі анық. Ондай адамды көргенде сүйсінеміз, қызығамыз
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×