ойын сауық отауы
36 - қадам: кешіре біліңіз – бақытты өмір сүресіз
27.01.2021 2 618 0 Admin

36 - қадам: кешіре біліңіз – бақытты өмір сүресіз

Жалпы кеңес
Жетістіктің жүз қадамы
36 - қадам: кешіре біліңіз – бақытты өмір сүресіз
Бақытты ұзақ өмір сүргің келеді ме? Онда кешіруді, түсінуді, үндемеуді, керек жерінде айтуды және жай ғана сүюді үйрен!.
Кешіре білу – адамның жақсы қасиетінің бірі. Небір түрлі адамдар бар түріңе күліп тұрып, артыңнан қатырып кететін. Бұндай адамдарға ренжисің, ал істеген іс - әрекеттері адамшылыққа жат. Бірақ бақытты өмір сүргіңіз келсе, кешіре біліңіз.
Бірде шәкірті ұстазына айтыпты: «Сіз үнемі көңілді жүресіз. Ешкімге ашуланбайсыз, ренжімейсіз. Менің де сіз сияқты болғым келеді. Көмектесіңізші».
Шәкіртінің өтінішіне келісім берген ұстазы картоп пен қалта әкелуін бұйырыпты да былай депті: «Егер біреуге ашуланып, ызаланып, ренжісең бір картопты ал да соған ренжіткен адамның атын жаз».
«Сол - ақ па?» - дейді шәкірті.
Сонда ұстазы тағы былай депті: «Жоқ, сол қалтаны үнемі өзіңмен бірге алып жүруің керек. Біреуге ренжіген сайын бір картоптан қосып отырасың».
Шәкірті келіседі. Біраз уақыт өткен соң қалтасы картопқа толып, өзімен бірге алып жүру қиындайды. Алғаш салған картоптары шіріп, саси бастайды. Шыдамай кеткен шәкірті ұстазына келіп: «Ұстаз, мына қалта ауыр болып кетті. Әрі шірігендерінің сасық иісіне шыдау мүмкін емес. Ашуланбаудың басқа жолын үйретіңізші», - дейді.
«Мұны саған не үшін істеттім? Біреуге ренжіген сайын ішкі жан - дүниеңде де осы құбылыс болады. Жүрегің ауырлап, таза ниетің бұзылып, жаман ойларың саси бастайды. Оны сен байқамауың мүмкін. Бірақ, ісің – әдетке, әдетің – мінезге айналады. Біреуге ренжімес бұрын не біреуді ренжітпес бұрын «үнемі өзіңмен бірге артық жүк арқалап жүру» керек пе, керек емес пе, ойлан», - депті ұстазы.
Бұл мысалдан түйетініміз: адам баласына өкпелеу бұл тек сізге ауыртпалық әкеледі. Сол үшін де бақытты өмір сүргіңіз келсе, өкпелемеуді үйреніңіз.
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Бақытты адам болғың келсе... Бақытты адам болғың келсе...
Бақытты адам болғың келсе, өткенді қопара берме. Сүйегі жоқ балық болмайтыны сияқты, кемшілігі жоқ адам болмайды. Әрдайым күлімдеп жүрсеңіз, өмір де
Өкпесіз өмір сүре білейік Өкпесіз өмір сүре білейік
Шəкірті ұстазына айтыпты: - Сіз үнемі көңілді жүресіз. Ешкімге ашуланбайсыз, ренжімейсіз. Менің де сіз сияқты болғым келеді. Көмектесіңізші.
Өнегелі отбасы қандай болу керек? Өнегелі отбасы қандай болу керек?
Бақытты отбасы бір - бірімен көп сөйлеседі.
Бақытты болу әр адамның өз қолында Бақытты болу әр адамның өз қолында
Біздің барлық ойымыз – материалды болып табылады, сондықтан да не ойласақ, сол орындалады. Сондықтан әрдайым жақсы дүние ойлауға тырысыңыз.
Өмір маған... Өмір маған...
Өмір маған кейде тау сияқты, Шыңына шыққым келеді.
Адам өзін бақытты сезіну үшін...? Адам өзін бақытты сезіну үшін...?
Сонымен адамның бақыты өз қолында дегенге сенесіз бе?
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×