ойын сауық отауы
Отбасылық қаржыны үнемдеп жұмсау және шығындарды азайту
09.09.2016 7 816 0 Дауыл

Отбасылық қаржыны үнемдеп жұмсау және шығындарды азайту

Жалпы кеңес
Отбасылық қаржыны қалай үнемдеуге болады, бұл көптің бас қатыратын мәселесі?!
Әсіресе бұл проблема көптеген отбасылар қаржылық қиындықты бастан өткерген дағдарыс кезінде сезіледі.
Үнемдеу дегеніміз, өзіңді шектеу деген сөз емес, ойластырылмай жасалған әрекеттің соңы отбасылық бюджеттің дағдарысына әкеліп соғуы мүмкін, осыған жол бермеу.

Алдымен, отбасылық шығындардан бастауды жөн көрдім.
Отбасылық шығындар:
Әрдайым – әрбір отбасының ай сайын нақты төлеуге тиіс жарналары:
▪ коммуналдық қызмет (свет, газ, су);
▪ пәтер жалдау:
▪ кабельдік теледидар, интернет, ұялы байланыс;
▪ кредит төлеу
▪ азық - түлік және тұрмыстық химиялық құралдар;
▪ жол жүру шығындары;
▪ жеке автокөлік (жанармай, сақтандыру);
▪ медицина (денсаулық үшін қажетті препараттар сатып алу, диагностика, медициналық консультациялар, т. б.);
▪ балабақша, мектепте түскі және таңғы ас үшін, жоғары білім беру ақысы;
▪ баланы түрлі үйірмелерге жаздыру;
▪ бала бағушы, репетитор т. б.;

«Бухгалтерлік есеп», - егер үй қаржысын қатаң есепке алуды жүргізсек, реттеуге болады. Бұл мақалада шығындар:
Ауыспалы - отбасылық бюджет мүмкіндігіне байланысты:
▪ жеке автокөлік (жөндеу, айыппұл төлеу, көлік жуу, т. б....);
▪ пәтер жөндеу;
▪ ойын - сауық (мейрамхана, пиццерия, кино, кафе, суши бар, концерттер);
▪ шаштараз, сұлулық салондары;
▪ семинарлар, тренингтер, кітаптар сатып алу, журналдар яғни өзін - өзі тәрбиелеу;
▪ киім - кешек
▪ опа - далап
▪ тұрмыстық техника, жиһаз сатып алу;
▪ отбасылық мереке (демалыс, саяхат);
▪ сыйлықтар, сувенирлер және т. б.

Отбасында қаржыны үнемдеу туралы кеңестер.

1. Дүкенге барарда барлық қажетті заттардың тізімін жасап, бағасын жазып, қанша қаражат жұмсау керегін есептеп алыңыз. Жасаған тізімде жоқ заттарды алмаңыз.
2. Дүкенге қайта - қайта бармау үшін, азық-түлік мәзірін бір аптаға жетерлік қып жоспарлауға тырысыңыз.
3. Дүкенде заттарды салатын үлкен жүк арбаларын емес, шағын себеттерді пайдаланыңыз.
4. Дүкенге шықпас бұрын, жоспар бойынша қанша қаражат жұмсайсыз шамалап, соны ғана алып шығыңыз.
5. Дүкенге барғанда үйден тамақ ішіп шығыңыз, қарныңыз ашып тұрған жағдайда жаңадан дайындалған өнімдердің иісі тәбетіңізді оятып, тізімде жоқ заттарды сатып алуыңыз мүмкін.
6. Бағасы көрсетілмеген өнімдерді сатып алмаңыз.
7. Үлкен жеңілдік (большая скидка) берілген заттарға көңіл аудармаңыз себебі, оның сақтау мерзімі өтіп кеткен болуы мүмкін, соңынан өкініп қаласыз.
8. Кассаға жақын жердегі витринаға назар аудармаңыз, өйткені ондай жерде түрлі тәттілер мен шоколадтар және сағыздар тұрады.
9. Маусымдық жәрмеңкелерден сауда жасаудың да артықшылықтары бар.
Тұрмыстық техника және жиһаздарды жыл соңына қарай, жаңа жыл секілді үлкен мерекеде, дүкендерде жоғары жеңілдіктер болған кезде сатып алған жөн.
10. Көптеген адамдар интернет арқылы киім, тұрмыстық заттармен жиһаздарға тапсырыс беріп жатады. Бұл да, айтарлықтай шығындарды азайтады.
11. Заттарға ревизия жасаңыз, пайдаланбайтын жаңа заттарыңызды интернет арқылы сатуға болады.
12. Ақшаны орнымен жұмсаңыз, ақшаны бөліктерге бөліп әрқайсысын конвертке бөлек салып қойыңыз. Отбасылық бюджеттің «бухгалтерлік есебін» жүргізіңіз, кірістер мен шығындарды жазып отырыңыз.
13. Көңіл көтеру үшін жұмсалатын қаржының кестесін жасаңыз. Егер саяхатқа яғни демалуға баруды жоспарлап отырсаңыз, шағын ойын - сауықтарды шектеу қажет.
14. Алыс жер болмаса, жаяу жүріп баруды әдетке айналдырыңыз, жеке көлігіңіздің жанармайын үнемдеңіз.
15. Газ, жарық (свет), суды үнемдеп пайдаланыңыз
16. Табысыңыздың 10 - 15 пайызын «күтпеген жағдай» үшін сақтап отырыңыз.

Үнемдеу – өзіңді және отбасыңды барлығынан шектеу дегенді білдірмейді. Үнемдеу – ақшаны дұрыс жұмсауды үйрену!


Авторы: Дауыл

Сіздің де қаржыны үнемдеу туралы айтарыңыз болса пікір қалдыру жолына жазып қалдырыңыз.

МӘМС төлемдерін қалай төлеуге болады МӘМС төлемдерін қалай төлеуге болады
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық ЖК осы айда табыс болғанына немесе болмағанына қарамастан, өзі үшін МӘМС 2975 теңге мөлшерінде төлеуге
Шығыс гороскоп жорамалы 2020 жыл Шығыс гороскоп жорамалы 2020 жыл
Жаңа жылдан жақсылық, бір жаңалық болатындай күтеміз. Ересек болып кетсек те жаңа жылдың ғажайыпқа толы сыйы болатынына бәріміз сенеміз. Бүгін шығыс
2020 жылдан бастап кәсіпкерлер үшін не өзгереді? 2020 жылдан бастап кәсіпкерлер үшін не өзгереді?
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке кәсіпкерлермен патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану бойынша талаптардың өзгеруі күшіне енеді.
Қарызыңыз бар ма жоқ па? Қалай интернет арқылы онлайн білуге болады? Қарызыңыз бар ма жоқ па? Қалай интернет арқылы
Мұнда сіз өзіңіздің салық берешегін біле аласыз, Көлік, жылжымайтын мүлік, зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, медициналық сақтандыру
Психологқа қандай жағдайда бару керек? Психологқа қандай жағдайда бару керек?
Қазақстанда тұратын әр төртінші адамда психикалық ауытқу бар. Бұл жөнінде еліміздегі психология саласының мамандары Дүниежүзілік денсаулық сақтау
Отбасында ақшаның маңызы Отбасында ақшаның маңызы
Жақында ғалымдар жүргізген зерттеуінің нәтижесі бойынша ерлі-зайыптылардың ұрыс-керісі көбіне неден туындайтыны анықталған. Үшінші орында, үйдегі
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×