ойын сауық отауы
Әйеліңіздің мінезі сіздің оған деген қарым - қатынасыңызға тікелей қатысты
11.12.2020 990 0 Admin

Әйеліңіздің мінезі сіздің оған деген қарым - қатынасыңызға тікелей қатысты

Жалпы кеңес
Сізді ренжіткен адамдарды кешіріңіз. Ал ренжіген адамдарға барыңыз. Жамандық жасаған жандарға жақсылық жасаңыз. Сонда арыңыздың алдында таза боласыз.

Егер жауабын білмесеңіз, артық сұрақ қоюдың да қажеті жоқ екенін жадыңызда ұстаңыз.

Біз әрдайым жанымызға жақын жандарға ғана өкпелейміз, ашуланамыз, ұрсамыз. Өйткені жоғалтып аламыз ба деп қорқамыз.

Сіз әрқашан біреулерге үлгі көрсетіп жүретініңізді естен шығармаңыз. Аулада ойнап отырған бала да сіздің үйден қалай шығып бара жатқаныңызды көріп, сіздей болсам ғой деп армандайды. Артыңыздағы інілеріңіз де сізге қарап бой түзейді. Сіздің жүзіңіздегі күлкіні көріп, бейтаныс жандар ғашық болады. Себебі сырт көз – сыншы. Сондықтан дұрыс жүруге, дұрыс сөйлеуге тырысыңыз. Сонда сізге еліктеп, сізді мақтан тұтатын адамдардың саны көбейеді.

Қазір не жайлы ойлайсыз, сол болашақта міндетті түрде болады. Сол себепті тек жақсылық, сәттілік, табыс туралы ойлаңыз. Сонда келешекте осы аталғандардың қызығын көресіз. Ең бастысы армандай біліңіз.

Сізді ойлап, сізге қамқорлық танытып жүрген жанды ешқашан тастап кетпеңіз. Себебі күндердің бір күнінде ұйқыңыздан оянып, жұлдыз санап жүргенде, айыңызды жоғалтып алғаныңызды түсінесіз.

Өзінің өмірімен не істеу керектігін білетін адам ешқашан өзге біреудің өміріне араласпайды.

Ойын аяқталғанда патша да, пешка да бір қорапқа салынады.

Егер бәрі сіз ойлағандай болмаса да уайымдамаңыз. Себебі Құдайдың да көзі бар. Оның жоспарлары біздікіне қарағанда әлдеқайда жақсырақ.

Әйеліңіздің мінезі сіздің оған деген қарым - қатынасыңызға тікелей қатысты екенін ескеріңіз.

Өмірдің әр секундына дейін тиімді пайдаланыңыз. Жақсы көрсеңіз жақсы көріңіз. Сағынсаңыз айтыңыз. Жек көрсеңіз ұмытып кетіңіз. Бірақ күтіңіз. Қанша болса да күтіңіз. Сізді сүйген адам міндетті түрде қайтып келеді.

Адамдар – музыкалық аспаптар сияқты. Олардың дауыстары ұстаған адамдарға байланысты шығады.

Егер адаммен қарым - қатынасыңызды құртқыңыз келмесе, оған өтірік айтуға кедергі келтірмеңіз.

Адамдар ешқашан көреалмаушылық қасиеті арқылы бақытқа қол жеткізбейді. Бір - біріне кешіріммен, махаббатпен, мол сеніммен қарайтын адамдар ғана бақытты болады.

Мүмкіндік өмірде - бір - ақ рет берілмейді. Тек өмір бізге бір - ақ рет беріледі. Сондықтан шынайы өмір сүруге асығыңыздар.

Ал ең бастысы сізбен отырғанына өкінбейтін жанмен уақыт өткізгенге не жетсін! Мақала ұнады ма?

50 жасқа толған Әкені қос қызының құттықтауы 50 жасқа толған Әкені қос қызының құттықтауы
Қалдыратын жақсы әсермен бүгін із, Папа, сіздің бүгін туған күніңіз! Сіз 50 - ге толғанда, Әке, жырменен Құттықтайды сізді ерке қос қызыңыз.
Ғашық жігіттер өзін қалай ұстайды? Ғашық жігіттер өзін қалай ұстайды?
Жігіттің сезімі шынайы екенін қайдан білуге болады? Жағымды сөз, қымбат сыйлық оның махаббатын көрсетеді ме? Әлде, жігіттің ғашық екенін айыратын
Ұжымда өзіңді ұстау ережесі. Ұжымда өзіңді ұстау ережесі.
Өзіңе лайықты жұмыс тауып, ұжымдағылармен тіл табыса білу оңай шаруа емес. Бұл сұрақ көптің көкейінде жүрсе керек. Себебі уақыттың көбін солармен
Ұрысқақ адам – өмірде жолы болмаған адам. Ұрысқақ адам – өмірде жолы болмаған адам.
Қазіргі заманда адамдардың дөрекі мінез танытуы таң емес. Автобус кондуктірінен бастап, сөмкесін арқалаған оқушыға дейін ауыр сөздер айтуға дайын
Ұялшақтықтан қалай арылуға болады? Ұялшақтықтан қалай арылуға болады?
Ұялшақтық – адам бойындағы шамадан тыс ыңғайсыздану, тартыншақтау, жасқану секілді қылықтарының арқасында, айналасымен қарым-қатынас іс жүзінде
Ұл тәрбиелегің келсе, әкесін патшадай сыйла Ұл тәрбиелегің келсе, әкесін патшадай сыйла
Шынайы махаббаттың басты белгісі – құлай сүйген адамыңа ешқашанда жаманшылық ойламау. Оның жануынан сөнуі тез, жай сезімдерден айырмашылығы да сонда.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×