ойын сауық отауы
Ұрысқақ адам – өмірде жолы болмаған адам.
16.08.2017 4 832 0 Дауыл

Ұрысқақ адам – өмірде жолы болмаған адам.

Бұл қызықты
Ұрысқақ адам – өмірде жолы болмаған адам.

Қазіргі заманда адамдардың дөрекі мінез танытуы таң емес. Автобус кондуктірінен бастап, сөмкесін арқалаған оқушыға дейін ауыр сөздер айтуға дайын тұрады. Мұндай тәрбиесіз адамдар қайдан шығады? Олар көңіл-күйімізді құртпауы үшін қалай әрекет жасағанымыз дұрыс?

Оларды әдетте «бетпақ адамдар» деп атаймыз. Көбінесе бақытсыз адамдар ғана мұндай әрекет танытып, айналасындағыларға ауыр сөздер айтады. Оларды бірден айыптаудың қажеті жоқ. Ол жұмыссыз, отбасы жоқ, денсаулығы нашар, айықпас дертке шалдыққан адам болуы мүмкін. Мұндайды ешкім өз - өзіне тілеп алмайды. Олар өзіңізге шабуыл жасаған кезде, бетпақ адамның — өмірде жолы болмаған адам екенін есіңізде сақтаңыз!

Бақытты адам ешуақытта дөрекі мінез көрсейтпейді. Ол бұл туралы тіпті ойланбайды. Есіңізге түсіріп көріңізші. Сізде барлығы жақсы болған кезде, жадырап, бұлттар әлеміне самғауға көмектесетін қанаттарыңыз өсіп шыққандай күй кешесіз емес пе? Қуанышыңызбен бөліскіңіз келеді. Өзгелерді ренжіту туралы мүлдем ойламайсыз.

Біреудің дөрекі мінез танытқанын немесе қатты ашуланғанын көрсеңіз, шын ниетіңізбен жүзіне қарап тұрып жымиыңыз. Оған аяушылық танытыңыз. Әркімнің басында қиындықтар бар екені анық. Алайда бетпақ адамдар сізге қарағанда, әлдеқайда бақытсыз. Автобустағы ұрысқақ аруға сөмкесінің әдемі екенін айтыңыз, аяғыңызды басып кеткен адамнан кешірім сұраңыз, жастарды айыптап отырған әжейден қошемет сөзіңізді аямаңыз. Мұнда сарказм элементтері бар екені рас. Алайда барлығын шын көңілмен жасаңыз.

Бетпақ адамдарға қалай жауап қайырамыз?
- Жауап беріңіз! Егер қарсы алдыңызда тұрған адам артық кетіп, намысыңызға тиген болса, сіз де қарап қалмаңыз. Өзіне лайық жауап қайтарыңыз. Бірақ олардың деңгейіне түспеңіз. Ұрысыңыз мәдениетті болсын. Тәрбиесіз адам метрода, «жаңбырлатып» тұрып «Ауылдың сиырындай болмай жол берші!» десе, «Құрметтім, сіз мені біреумен шатастырдыңыз ғой деймін?» немесе «Қалқам, бұл әрекетіңізді түсіндіріп беріңізші» деп айтыңыз. Ашуланып, қолдарыңызды жан - жаққа сілтеудің қажеті жоқ. Барынша салқынқанды болуға тырысыңыз.

- Қайталаңыз! Бетпақ адамдарды жөнге қоюдың тағы бір әдісі бар. Оның соңғы сөздерін сұраққа айналдырыңыз. Мысалы, автобус кондукторы: «Әдейі ірі ақша бересіздер. Майда ақша дайындап қоюларыңызға болмай ма? десе, «Кешіріңіз, сізде қайтаратын ақша жоқ болғандықтан, майда тиын сұрап тұрсыз ба?» Бұл сөздеріңізден кейін қарсыласыңыз кешірім сұрамаса да, үнсіз қалатыны анық.

- Жымиыңыз! Бетпақ адам әдеттегідей жанжал шығарып жатса: «Сіз неге дауыс көтеріп жатырсыз? Бірнәрсе дұрыс емес пе?» деп жымиып тұрып сұраңыз. Артынша қалжыңға айналдырыңыз. «Мүмкін әйеліңізбен ренжісіп қалған шығарсыз? Әлде әйеліңіз жоқ па? Қиын болған екен... Мүмкін сізді жұмыстан шығарып жіберген шығар?» Соңында оған қарап тағы бір мәрте жымиып, өз жөніңізбен жүре беріңіз.

Кеңес. Ұрысқақ адамдар айналадағылардан өкініш, реніш, қорқыныш, жас, дөрекілік сындыларды күтеді. Ешуақытта қарсы алдында тұрған адам жымияды деп ойламайды. Бәрін дұшпанындай көреді. Ол сіздің бұл әрекетіңізді түсінбей дал болады. Ойланамын дегенше ашуы тарқап, дөрекі мінезден бас тартады.

Күніңіз сәтті өтсін!

Дереккөзі: Массагет кз

Рухани деңгейдің үш сатысы – сөйлеу мәнерінің үш деңгейі Рухани деңгейдің үш сатысы – сөйлеу мәнерінің үш
Рухани деңгейдің үш сатысы – сөйлеу мәнерінің үш деңгейі. Әр адамның деңгейі әр түрлі. Ежелгі заманда Сократтың өзі «Мен сені танысын десең, әңгіме
Өмір туралы қанатты сөздер Өмір туралы қанатты сөздер
Өзен ағысымен өлі балық қана жүзеді.
Тыйым сөздер мағынасымен Тыйым сөздер мағынасымен
Босағада тұрмау. - Қазақта жаманшылыққа жорыған, жетім балаға тән әрекет.
Қытайдың ұлы ойшылы Конфуцийдің 30 қағидасы Қытайдың ұлы ойшылы Конфуцийдің 30 қағидасы
– Адам тумысынан жаман болып тумайды, оны жаман да, жақсы да ететін өскен ортасы, – дейді ол.
Өзің туралы жақсы пікір қалыптастырудың 9 түрлі тәсілі Өзің туралы жақсы пікір қалыптастырудың 9 түрлі
Өзің туралы жақсы пікір қалыптастырудың 9 түрлі тәсілі Әр адам әлдекіммен танысқан кезде өзі туралы жақсы көзқарас қалыптастырып, жақсы пікір
Сабыр түбі – сары алтын Сабыр түбі – сары алтын
Әлеуметтік ортада дөрекі мінез танытатын адамдарды көптеп кездестіреміз. Тіпті, ондай мінез өз басымызда да болуы әбден мүмкін. Барынша мәдениеттілік
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×