ойын сауық отауы
Көршіңе қатысты 27 нәрсені біліп жүр
06.01.2021 1 317 0 Admin

Көршіңе қатысты 27 нәрсені біліп жүр

Жалпы кеңес
Көршіңе қатысты 27 нәрсені біліп жүр
1. Кісі үйінің төрт жағынан (оң, сол, алды, арты) қырық үй көрші болып саналады.
2. Көршілердің ар - намысына тіл тигізбей, оларға жамандық жасаудан аулақ болу керек;
3. Жақын көршісі аш болып, өзінің тоқ жатуы адамдыққа жараспайды;
4. Көршіні сөзбен жəне іспен ренжітпеу керек;
5. Көршінің үйіне жəне ауласына рұқсатсыз көз тастауға, рұқсатсыз кіруге болмайды;
6. Анда - санда сыйлық беріп отырған дұрыс;
7. Тамақ пісіргенде немесе дүкеннен сатып алғанда жақын көршісіне де ұсыну үрдіс;
8. Керек кезде көршіге қол ұшын беру;
9. Сұрап келсе қарыз беру;
10. Мейрамдар мен қуанышты күндері көршісін құттықтау;
11. Көршінің малына тас лақтырмау, үркітпеу;
12. Балаларының көрші балаларды ұруына, жаман сөздер айтуына жол бермеу;
13. Көршінің рұқсатынсыз үйін оның үйінен биік етіп салмау;
14. Кемшіліктерін тіміскілемеу, сырын қазбаламау;
15. Сəлем беріп, сəлемін алу;
16. Кемшіліктерін, сырларын жария етпеу;
17. Бар болса сұрағанын беру;
18. Берген сыйлығын қабыл алу;
19. Қайғылы жағдайларда көңіл айтып, қайғысына ортақтасу;
20. Қонаққа шақырса бару;
21. Көршіге кешірімді болу;
22. Ауырып қалса, көңілін сұрау;
23. Қайтыс болса жаназасына қатысу;
24. Көршінің жетім балаларына көмектесіп, қорғаныш болуға тырысу;
25. Көршіге жылы жүз танытып, жақсы сөздер айту;
26. Көрші айқайлап ұрысса да, дауыс көтермеу, сабырлылық таныту, онымен ренжіспеу;
27. Көршінің мазасын алмау, мазасын алатындай жағдай болса, алдын ала ескертіп, кешірім сұрау.
"Тағлым тамшылары"
Зәуре Дәулетова парақшасынан.

Сөздің анасы – сәлемдесу Сөздің анасы – сәлемдесу
Сөздің анасы – сәлемдесу. Сәлем беріп, сәлем алғанда жылы жүзбен көзге тіке қарап, шын пейілмен амандасқан абзал. Еркек пен әйел қол беріп
Киімге қатысты тыйымдар мен ырымдар Киімге қатысты тыйымдар мен ырымдар
Киімді оң қолдан бастап киіп, сол қолдан бастап шешеді. Оң қолдан бастап киім кию жақсы ырым саналады.
Бесікке қатысты тыйымдар мен ырымдар Бесікке қатысты тыйымдар мен ырымдар
Бос бесікті тербетуге болмайды. Бос бесікті тербеткен жаман ырым саналады
Отбасы - қасиетті мекен Отбасы - қасиетті мекен
Ерлі - зайыпты тез - тез жанжалдасып қала береді екен. Күйеуі: - Бір сөзден қалсаң қайтеді? Күйеуім ғой деп, басыңды иейін демейсің,- депті.
Қалай келсең солай кет… Қалай келсең солай кет…
Бір күні көршінің үйінен келген апамыз үйге күрсіне кіріп, атамызға: «Әбден бекіп алыпты, кеткелі жатыр!», деді. Атам біраз отырды да асықпай
Жақсы көрші – тынысың Жақсы көрші – тынысың
Көрші-қолаңмен тату болу жайында
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×