ойын сауық отауы
Қалай келсең солай кет…
30.03.2019 1 808 0 Дауыл

Қалай келсең солай кет…

Бұл қызықты
Қалай келсең солай кет…
Өмірден алынған
Бір күні көршінің үйінен келген апамыз үйге күрсіне кіріп, атамызға: «Әбден бекіп алыпты, кеткелі жатыр!», деді. Атам біраз отырды да асықпай қозғалды. Көрші үйге тартты. Апам үн - түнсіз қала берді. Біз баламыз, атамның ізінше әлгі үйге ентігіп кірдім.

Көршінің әйелі жылап жүр. Киімдерін жинап жүр. Екі баласын киін­діріп қойыпты. Атам кіріп барғанда сәлем салған келіншек «Ата, айтпай - ақ қойыңыз, неге келгеніңізді түсіндім. Мен енді төзе алмаймын. Болды, қанша шыдадым. Өздеріңіз көріп - біліп отырсыздар, енді мені тоспаңыздар! Кетем дедім, кетем!», деп сумкасының аузы­н сыдырып жатыр. Сонда атам: «Е - е - е қарағым, жөн, жөн…» деп бі­раз отыр­ды да ке­ліншекке: «Қа­­ра­ғым, осы сен осы үйге келгенде нешеу едің?», деп сауал қойды. Келіншек жауа­п бергісі келмесе де, атамнан именіп: «Бір өзім…», деді. «Ендеше, қа­лай келсең, солай кетесің. Ан­дағы екеуін шешіндір, руы бөлек өзге әулетке жәу­теңдетпе! Мұнда да ел бар, аштан өлмейді, көштен қал­майды. Өз жұртының ішін­де өссін. Ата дәстүр солай», деп сөзін салмақтап аяқтады.

Сонда не болды дей­сіздер ғой, келіншек өкіріп жылап, екі баласын бас салды. «Мен бұларды тас­тап қайда кетем, ата! Бұлар менің қолқа - жүрегім ғой!..», деп киімдерін киіп томпиып тұрған екі баласын құшақтап отыра кетті. Жылап отырып екі баласын шешіндіре бас­тады. Атам «Алла разы болсын айналайын, Алла жарылқайды сені», деп бетін сипады да, шығып жүре берді…

Кейіннен бір отырыс­та қазір әже болған сол ке­ліншектің есіне сол оқи­ғаны түсірдім. Әлде­қашан дүниеден өтіп кеткен атама ризашылық айтып, «Сол екі баланы құшақтап отырған қалпымда қалып қойдым ғой, міне содан әлі отыр­мын» деп басын шай­қап - шайқап қойып мәз боп күледі. Қайда, бұл күнде екі баладан кейін тағы төрт бала тауып, отбасы ордаға айналып, үлкен әулет болған…

Ұларбек НҰРҒАЛЫМҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

Сәлем салудың нығметтері Сәлем салудың нығметтері
Арайлым бұл үйге келін болғанына 7 жылдан аса уақыт болды. Келген жері өте жақсы отбасы еді. Алпысқа жақындаған атасы мен елуді еңсерген енесі
Тай үйрету. Тұманбай Молдағалиев Тай үйрету. Тұманбай Молдағалиев
Атам ұстап асау тайды, тізгіндеп, Әкеп берді, мінсін бала біздің деп. Қарғып міндім, қыр көрсетіп достарға, Күнде мені жүретұғын жүз күндеп.
Сәуір келгенде Сәуір келгенде
Сәуір күні жаңбырлы ма, желді ме, Қабағынан шуақ шашты келді де, Алты ай қыста үйден шықпай отырған Атама өзі жұмыс тауып берді де.
Себеп Себеп
Алдым бүгін «екілік». Ойламап ем сұрар деп. Қорықпаймын, Жекіріп, Сонда да апам ұрар деп.
Бақыт геометриясы Бақыт геометриясы
"БАҚЫТ деген немене бұл, немене екен, немене, Мен шықпаған заңғар шың ба, мен мінбеген кеме ме?" Бәлкім Бақыт байлық па екен сараңдықтан бас алған,
Еске алу Еске алу
Келсең, кел. Ұятыңмен, арыңмен кел. Бойыңдағы жақсылық, барыңмен кел. Биік бол, мендегінің бәрін меңгер, Жабырқаған жанымды жаныңмен көр
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×