ойын сауық отауы
Жұлдыздардың табиғат күші белгілері және қасиеті
20.10.2016 22 754 0 Дауыл

Жұлдыздардың табиғат күші белгілері және қасиеті

Бұл қызықты
Табиғат күш белгісі --------------- Жұлдыз белгілері
------------------------------------------- Негізгі белгі ----- Тұрақты белгі -------- Өзгеріске бейім белгі
От ---------------------------------------- Тоқты ------------- Арыстан ---------------- Мерген
Жер -------------------------------------- Тауешкі ---------- Торпақ ------------------ Бикеш
Ауа -------------------------------------- Таразы ------------ Суқұйғыш -------------- Егіздер
Су ----------------------------------------- Шаян ------------- Сарышаян ------------- Балықтар

Негізгі қасиет деген не? Қай жұлдыз белгілері негізгі топқа жатады?
Жұлдыз белгілерінің қасиеті үш бөлімге бөлінеді: негізгі белгі (кардинальные знаки), тұрақты белгі (фиксированные знаки), өзгеріске бейім (мутабельнные знаков)

Негізгі белгілер (Кардинальные знаки)
Негізгі қасиетке тән сипат: шабыт, екпін, әліптің артын бағу.
Негізгі белгі – Тоқты, Тауешкі, Таразы, Шаян жатады. Оларға тән қасиеттер: албырттық, жігерлілік, қандай жағдай болмасын бір қадам алда жүруге талпыныс және ептілік. Олар көзді жұмған күйі іске кіріседі, арты не болары, олар үшін маңызды емес.

Негізгі белгі өкілдерінің айқын бейнесі – бастамашы, ой мен сананың генераторы, осылардың арқасында өмір жаңа бастау алады. Бірақ олар бастаған ісімен идеяларын жүзеге асыруға қабілетсіз. Негізгі белгінің өкілдері ішкі ой, ниет яғни идеялардың ықпалы арқасында әрекет жасайды, сондықтан да оларды кейде «ділдік қабілеттің» адамы деп те атайды.
Негізгі белгі өкілдерін тәуелсіз деуге болады, оларды айтқаныңа жүргізу қажет емес, тіпті айтқаныңа көндіре де алмайсың. Шабыты оянған сәтте оны ешкім тоқтата алмайды, сонымен қоса өз айтқаныңа мәжбүрлеу де мүмкін емес. Бұл жандардың әлсіз тұсы, олардың іс әрекеті, қоршаған ортаның шынайы болмысынан алшақ, олар ішкі шығармашылық процесінің нәтижесі болып табылады.
Егер негізгі қасиет жеткіліксіз болса, адам ынтасыз келеді, жаңа бағытқа қадамды өзге біреудің жасағанын жөн санайды.

Тоқты табиғат белгісі бойынша Отқа жатады. Сондықтан ол салтанаты түрде іс-әрекет етуді құп көрмейді. Ол қызба, екпінді, не қалайтынын тіке айтатын және оны іске асыру үшін көп ойланып жатпай бас қоя кететін қасиетке ие. Оның ойында үнемі жаңа идеялар туып жатады, алайда олардың барлығы іске аса бермейді. Олардың жоғарыда қасиетіне қарап жаман дей алмайсың алайда жақсы деп те атай алмайсың.

Шаян табиғат белгісі бойынша Суға жатады. Ол эмоцияның адамы сонымен қоса жақсы психолог. Айналасындағыларды өзіне ұнамайтын іс - әрекет жасамауға үгіттей алады. Шаян жұлдыздардың ішіндегі ең мықты айлакер деуге болады.

Таразы табиғат күші бойынша Ауға жатады. Таразылар «негізгі белгі» ішіндегі басқалармен салыстырғанда жұмсақтығымен ерекшеленеді, олар айналасындағылармен үндестік таба біледі. Таразылар кез келген жанмен тіл табыса біледі, оларды тумасынан дипломат деп атауға болады.

Тауешкі табиғат күші бойынша Жерге жатады. Олар үшін материалдық жағдай басты орында. Жұмысқа қабілетті, төзімді, менмен болып келеді.

Тұрақты белгі (Фиксированные знаки)
Тұрақты қасиетке тән сипат: тиянақтылық, тұрақтылық, өзгермеушілік.
Тұрақты белгі – Арыстан, Торпақ, Суқұйғыш және Сарышаян жатады.

Тұрақты қасиетке тән айқын белгілер: тұрақтылық, табандылық, тиянақтылық, қыңырлық. Кез келген шаруаны алға қарай сүйрейтін дәл осы тұрақты да табанды жандар.
Маңызды, көп күшті талап ететін, ауқымды мәселелер, тап осы тұрақты белгідегі жандардың арқасында іске асады. Ондай шаруаларды атқару үшін көп күш қуат қажет екені анық, сол себепті де оларды «тіршілікке қажетті» деп те атайды.

Тұрақты белгідегі адамдар жағдайына өзгеріс енгізуді қалай бермейді. Егер олар жұмыс жасап жатса жасай берсін, кедергі келтірмеңіз. Демалысын бұзған адамды да ұната қоймайды. Тұрақты белгіге жататын адамдар дәл осы тұрақтылық қасиетінің арқасында өз идеяларын іске асыруда сөзсіз еңбекқор келеді. Ал, әлсіз тұсы - сыртқы ортаны түсінбеуі. Ол тек өз шаруасын ғана атқарады. Қоршаған ортасы оған кедергі келтірмейтіндей, ыңғайлы болса ғана бірге жұмыс жасайды. Олар сынды көтере алмайды, алайда, атқарған жұмысының нәтижесі әлемде өз орнын табуы үшін, қоршаған орта оған өз бағасын беруі керек емес пе, қарсы жақтың жұмысымен салыстыра отырып бағалау қажет, бұған «өзгермелі белгідегі» жандар бейім келеді.

Тұрақты белгіге тән сапа жеткіліксіздігін анықтау қиын емес, бір орында тұрақтай алмау, тиянақтылықтың жетіспеуі, бір іске едәуір күш жұмсап, соңына дейін жеткізе алмау.

Торпақ табиғат күшті Жерден алады. Олақ қалыптастырушы, сонымен қоса сақтық жасай біледі және материалдық жағдайды алға қояды.

Арыстан табиғат күшті Оттан алады. Олар басқаларға ұқсамайтын біртума, өзін ерекше сүйетін және ызақор, айналасындағылар оны үнемі қошеметтеп, оған сүйсініп отырғанын қалайды. Қоршаған ортасы оған көңіл аудармаса өшкен оттай басылып қалады. Ол өзімшіл, билеп - төстеуді қалайды.

Сарышаян табиғат күшті Судан алады. Ол ылғи ішкі сезімімен әлек, олар үшін қарым - қатынасты үзу қиын. Ол эмоцияға беріле бермейді. Олар тұйық келеді, өз сезімін ашық көрсетпейді, оның қандай күйде жүргенін тіпті жақын адамдары да білмейді. Сол себепті оның жүйке жүйесіне түскен артық күштен шыдамай жүйкесі сыр береді.

Суқұйғыш табиғат күшті Аудан алады. Оны ауыспалы деуге келмейді. Егер ол бір іске әуестенсе немесе оның ойында бір идея туындаса оны райынан қайтару мүмкін емес.

Өзгеріске бейім белгі (мутабельнные знаки)
Өзгермелі белгіге тән сапа - өзгергіштік, сыртқы жағдайды бағдарлай білу, реттей білу, маневр жасай білу немесе оңтайлы тәсілді таңдай білуі.
Өзгермелі белгіге жататын жұлдыздар - Мерген, Бикеш, Егіздер, Балықтар

Өзгермелі қасиет өкілдерінің айқын белгілері сыртқы әлеммен ашық байланыса білуі, жағдайды бағдарлай білуі, ерекшеліктер мен кемшіліктерді байқай білу және бағалай алу, оларды дұрыс бағытта орынды қолдана білу.
Қоршаған ортаның ой пікірін жақсы түсіне біледі, сондықтан да Тұрақты белгінің қажырлы еңбегінің нәтижесі қандай болу керек екеніне баға бере алады.

Көптеген спортшылар командалық ойын түрлерін бағалауда, өзгеріп тұратын ортаны қадағалауда өзгермелі белгідегі (мутабельные знаки) жандар ықпал жасайды. Бұл белгідегі жандарды сонымен қоса «қозғаушы» деп атауы да бекер емес.

Өзгермелі белгінің басым тұсы – шындықты көру, ескеру және бағалауға ерекше қабілетті. Әлсіз тұсы – қолда бар мүмкіндікті жүйелі пайдалана алмау, шексіз іріктеу нәтижесінде діттеген мақсатқа жете алмау. Олардың өзгеріске бейімділігі соншалық, бірер минуттан соң өзгермелі белгінің адамынан не күтуге болатынын айналасындағылар болжаудан шатасып қалуы да мүмкін. Не болатынын оның өзі де білмейді, себебі қоршаған ортаның жағдайына тікелей байланысты.
Өзгеріске бейім белгінің басты ерекшелігі – өзгере білу, бірақ олар оны әр кезде әр қалай жасайды.

Егіздер табиғат күші бойынша Ауаға жатады, олар жаңа идеялар туғызуға шебер. Олар үшін кеше ғана өзекті болған іс бүгін қызықсыз болып қалуы, мүмкін. Сондықтан сұхбаттасатын жандармен үнемі жаңа ақпарат алмасып отыруды жөн санайды.

Бикеш табиғат күшті Жерден алады. Бұлар үшін материалдың жағдай басты орында, сондықтан олар қаржы мәселесімен айналысқанды жаны сүйеді.

Мерген табиғат күші бойынша Отқа жатады. Олар қызықты оқиғалар мен саяхатты жақсы көреді. Олар мәдениет саласына қатысты жерде өзін тамаша сезінеді. Ол өте білімқұмар, философиялық ұғымдар мен гипотезаға сүйене жазылған жазбаларды ұнатады. Олар әдеп және ғибрат туралы әңгімелегенді жақсы көреді.

Балықтар табиғат күші бойынша Суға жатады. Олар үшін ара - қатынас және эмоция маңызды. Жақын адамдарының ықпалына тез жығылады, жамандауына да мақтауына да.

Ең қатыгез жұлдыз белгілері Ең қатыгез жұлдыз белгілері
Тоқты белгісіндегі адамдар сөйлегенде қатты айтуы мүмкін. Ашуланса ойындағының бәрін айтып тастайды. Соңы не болады деп ойламайды. Олар тәкаппарлық
Сарапшылар адамның депрессиялық жағдайының негізгі үш белгілерін атады. Сарапшылар адамның депрессиялық жағдайының
Жердің әрбір бесінші тұрғыны бұл кеселмен зардап шегеді немесе депрессиямен келешекте зардап шегуі мүмкін. Адамдар депрессиямен өз күштерімен
Жұлдыз белгілері:  сіздің қарым-қатынасыңыздың бұзылуының басты себебі Жұлдыз белгілері: сіздің қарым-қатынасыңыздың
Өз жартыңызбен немесе болашақ серіктесіңізбен өзара байланыс кезінде кездесетін кемшіліктер қандай? Бұл жөнінде астрология не дейді?
Кімнің кіммен одақ құрып, отау тіккені жөн? Кімнің кіммен одақ құрып, отау тіккені жөн?
Бүкіл ғаламның негізін қарама - қарсылықтардың тепе - теңдігі құрайтынын білеміз. Мысалы, жарық пен қараңғы, жаз бен қыс, күн мен түн, бас пен аяқ
«Алтын белгі» иегерлерінің біршамасы мемлекеттік грант ала алмайтын болды «Алтын белгі» иегерлерінің біршамасы мемлекеттік
Білім гранттарын беру жөніндегі республикалық конкурс комиссиясы «Алтын белгі» иегерлерінің біршамасы мемлекеттік грантқа ие бола алмауы мүмкін деген
Тоқты Тоқты
Тоқты жұлдызына мінездеме. Тоқты – табиғатынан көшбасшы және онымен келіспеу мүмкін емес. Тоқты жұлдызында туған жанды бір көргенде – өзіне сенімді,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×