ойын сауық отауы
Кімнің кіммен одақ құрып, отау тіккені жөн?
21.01.2017 29 876 0 Дауыл

Кімнің кіммен одақ құрып, отау тіккені жөн?

Бұл қызықты
Жұлдыздар неге жараспайды?

Ғаламдағы тіршілікті күрделі қосылыстардан тұратын төрт негіз құрайтыны белгілі.
Олар: 1. Жер
2. Ауа.
3. От.
4. Су.
Белгілі жайт: осы төртеудің біреуі жетіспесе, әлемде тіршілік болмас еді. Бір жылдың 12 айында дүниеге келгендер осы төртке үш - үштен жіктеледі. Ол жіктелу төмендегідей (Жақша ішіндегі планета аттары сол айда туылғандардың жебеуші жұлдыздары):

1. Жер негізділер: Торпақ (Шолпан), Бикеш (Меркурий), Тауешкі (Сатурн).

2. Ауа негізділер: Егіздер (Меркурий), Таразы (Шолпан), Су құйғыш (Уран және Сатурн).

3. От негізділер: Тоқты (Марс), Арыстан (Күн), Мерген (Юпитер).

4. Су негізділер: Шаян (Ай), Сарышаян (Марс және Плутон), Балық (Нептун мен Юпитер),

Міне, дәл осы жерде «Кімнің кіммен одақ құрып, отау тіккені жөн?»- деген сұрақ туындайды. Алдымен мынандай жайтқа назар аударайық. Бүкіл ғаламның негізін қарама - қарсылықтардың тепе - теңдігі құрайтынын білеміз. Мысалы, жарық пен қараңғы, жаз бен қыс, күн мен түн, бас пен аяқ және теріс заряд пен оң заряд дегендей. Ғажаптығы сол, осы қарама - қарсылықтардың бірінсіз - бірінің күні жоқ. Күн болмаса түн болмайтыны сияқты, еркек пен әйел де бір - бірін толықтырып тұрған жеке - дара өмір сүре алмайтын ғажайып тұлғалар. Жоғарыда жұлдызнама бойынша жіктелінген төрт топ жұптасу жағдайында табиғаттың заңына икемделіп, өздеріне қарама-қарсы негізділермен одақ құрғаны сүйінішті болмақ. Мысалы, оттың жануы үшін ауа қандай керек болса, жердің нағыз Жер тіршілік иесі болуы үшін оған ауа да, от та, су да қажет. Сонымен кімге кім қолайлы дегенге келсек, ол төмендегідей:

1) Тоқты, бұл – От. Бұған керегі — Ауа белгісіндегі Суқұйғыш пен Таразы. Мұндай одақ қызуқанды, ер мінезді Тоқтылар үшін сүйінішті болмақ.

2) Торпақ, бұл – Жер. Оның Су белгісіндегі Сарышаянмен және Ауа белгісіндегі Суқұйғышпен, сонымен қатар От белгісіндегі Арыстан, Мерген, Тоқтымен құрған одағы нағыз айы оңынан туғандардың одағы болар еді.

3) Егіздер, бұл – Ауа. Бұған ең керегі — От белгісіндегілер – Арыстан, Тоқты, Мерген. Сондай - ақ, Тауешкі, Бикешпен де (Жер) одағы нағыз жұбы жарасқандардың қатарынан болады.

4) Шаян, бұл – Су. Оның Жер белгісіндегі Торпақ, Бикеш, Тауешкімен құрған одағы нағыз мықтылардың қатарында.

5) Арыстан, бұл – От. Оған ең бірінші керегі — Ауа белгісіндегі Егіздер, Суқұйғыш, Таразы. Сонымен қатар оның Жер белгісіндегі – Бикеш, Тауешкі, Торпақпен одағы да сүйсінерлік болар еді.

6) Бикеш, бұл – Жер. Бикештің одақ құратыны – Су белгісіндегі Сарышаян. Сонымен қатар Отты белгілер – Арыстан, Мерген, Тоқтымен құрған одағы да жаман болмас еді.

7) Таразы, бұл — Ауа. Таразымен кім одақтасса да қолы үлкен жетістіктерге жетеді. Бай болады. Ал Таразы үшін ең қажеттісі — От белгісіндегі Мерген. Егер мұндай одақ құрылуы мүмкін болса, онда Таразы ең бақыттылардың қатарынан табылады.

8) Сарышаян, бұл – Су. Сарышаянның ерекше қасиеті – басқа жұлдыз белгілерінен ақша тартуға шебер. Оның Жер негізді Торпақпен, Бикешпен, Тауешкімен құрған одағы өте мығым, әрі екі жаққа да пайдалы болады. Сондай - ақ, Сарышаян Отты белгілермен одақтасса да ұтады. Бұл жерде билік Сарышаянның өзінде болу керек.

9) Мерген, бұл – От. Мергеннің іздеп табары Ауа белгісіндегі Суқұйғыш пен Таразы болуы керек. Ал түк бітірмей үйде жатамын десе, онда Жер белгісіндегі Торпақ, Бикеш, Тауешкімен одақ құрғаны жөн. Олар табады. Ал Мерген тек демалады.

10) Тауешкі, бұл – Жер. Тауешкінің Су белгісіндегі Сарышаян, Шаян және Балықпен құрған одағы берекелі болады. Одақ құрылса, Тауешкі байиды. Егер оған ғашық жандар От белгісіндегі Мерген, Тоқты, Арыстан болса да жаман болмайды. Сондай - ақ, өзінің Жер белгісіндегі Торпақ және Бикешпен көңіл қосса да айы оңынан туады.

11) Суқұйғыш, бұл – Ауа. Барлық Ауа белгілеріндегідей оған ең керегі — От белгісіндегі Мерген, Арыстан, Тоқты. Сонан кейінгі орынды Жер белгісіндегі Торпақ иеленер еді. Сондай - ақ, Суқұйғыштың өз белгісіндегі Таразымен құрған одағы да өте жақсы болар еді. Есте ұстар жайт — Суқұйғыш ақша беріп, ақша алғанды ұнатпайды.

12) Балық, бұл – Су. Оның Жер негізді Тауешкі, Бикеш және Торпақпен құрған одағы оны жеңісті де жемісті жандардың қатарынан табылдырар еді.

Міне, үйлену жағдайында «Жұлдызым жарқырап бақытты болайын» деген адамның, әрине, жас жігіттер мен бойжеткендердің осы айтылған жайттарды есте тұтқаны абзал. Әсіресе ұмытпайтын жайт — Су белгісіндегілердің Сумен, От белгісіндегілердің Отпен, Ауа белгісіндегілердің Ауамен одақтаспағандары жөн. Мұндай жағдайда жұлдыздардың шын мәнінде жараспауы бек мүмкін. Бұл көрсеткендеріміз — «Шіркін - ай, осындай бақытын кездестіріп жатса ғой!» деген ізгі ниетіміздің жемісі. Жеміс болғанда талай сүзгіден өтіп дәлелденген, үлкен ғылым жұлдызнамалық ойдың жемісі. Бірақ бұл қатып қалған қағида емес. Әркімнің өз белгісінен бөлек, мысалы, Тоқтының басқа жұлдыз белгілерінен сыңарын тауып, шаңырағын тіктеуіне болады. Бірақ Сарышаянмен емес. «Сарышаян мен Егіздің, Арыстанның, Суқұйғыштың одақ құруы ешқандай жетістіктерге жеткізбейді», — дейді жұлдыздық болжаушылар. Хош деңіз.

Осы жерде «Бұрынғы қазақ қоғамындағылар негізінен үй болып, отау тіктегісі келетін жастар, жұлдыздық мәселесін ескерген бе?» — деген сұрақ туындайды. Ескергенде қандай! Ол кезде ұл баласына алғашқы қалыңдығын таңдау ата - ананың міндеті болатын. Бұл ақыл тоқтатпаған ұлының аңғалдықпен жөнсіз, жайсыз нәрселерге ұрынбауы үшін, тереңнен ойластырылған үлкен заңдылық негізі бар жай еді. Ол кездегі құда түсу жағдайында ең алдынғы орындарда тұратын таңдалынатын қалыңдықтың әлеуметтік жағдайы, ақылы, дене сымбатының ескерілуімен бірге оның қай жылы, қай айда, қай күні туғаны да біліндірмей сұратылып, көңіл түкпіріне тоқылатын. «Қыз – елдің көркі, ел мен елді табыстыратын үлкен ошақтың, іргесіне ат байланатын, ақ отаудың иесі» деген нақылды мұрат тұтқан халқымыз үйлену мәселесіне барынша маңыз берген. Сондықтан да ата - ананың кең толғанып, ақылмен ойланып барып, құда түсіп үйлендірген қалыңдығы жас отаудың нағыз иесі — бәйбішесі болып есептелген. «Бай» мен «бише» деген түбір сөздердің қоспасынан шыққан мұндай құрметті атау негізінен ата - ананың құда түсіп әперген қалыңдыққа ғана тели айтылған. Ал қазір бұрынғы заман жоқ. Ізгі дәстүрлеріміздің бәрін Кеңес өкіметі жойып тауысты. Еркі өзіне тиген жастарымыз үйлену, үй болу мәселесін де өзі шешетін болды. Нәтижесінде, шаңырақтардың шайқалуы жиілеп, тірі жетімдер көбейді. Сөз соңында айтарымыз — қоғамның үлкен дерті болып есептелінетін ажырасу мәселесінің негізгі бір себебі – күні кешегі айдаһардай зәрін шашқан ақтаңдақ жылдарда ардақты ата дәстүрімізден ажырап, мәңгүрт болуға бет бұрған, сөйтіп, өзгенің боғын шоқ көруге айналған әсіре еліктеушілігімізден шығар деген ойдамыз.

Дереккөзі: Әлеуметтік желіден алынды
Дайындаған: Жадыра

Байырғы қазақ күнтізбесіндегі айлардың жүйелері Байырғы қазақ күнтізбесіндегі айлардың жүйелері
Қазақ тіліндегі кісі аттары да зодиак таңбаларының ел өміріне сіңісіп кеткендігін көрсетеді. Айталық, Қамал, Сәуірбек, Әсет, Мизами, маусымжан т. с.
Байырғы қазақ күнтізбесіндегі айлардың жүйелері Байырғы қазақ күнтізбесіндегі айлардың жүйелері
Зодиактың сызбалық суретінде жұлдыздар мен айлардың осы күнгі сәйкестігі көрсетілген. Онда Күн орталықта орналасқан, ішкі шеңбердің бойында Жердің әр
Халық күнтізбесі: Байырғы қазақ күнтізбесіндегі айлардың жүйелері Халық күнтізбесі: Байырғы қазақ күнтізбесіндегі
Бақылаушыға көрінетін орындарына қарай жұлдыздар 88 үйірге бөлінген. Бұл үйірлер, яғни жұлдыз топтары, шоқжұлдыздар деп аталады.
Қазақ халқының астрономиялық білімдері Қазақ халқының астрономиялық білімдері
Ескілікті түсініктер бойынша дүниенің төрт негізі – от, су, ауа, топырақ, жеті ғаламшар дегені – Күн, Ай және ерте кезде белгілі болған бес үлкен
Жұлдыздардың табиғат күші белгілері және қасиеті Жұлдыздардың табиғат күші белгілері және қасиеті
Жұлдыз белгілерінің қасиеті үш бөлімге бөлінеді: негізгі белгі (кардинальные знаки), тұрақты белгі (фиксированные знаки), өзгеріске бейім
Тоқты Тоқты
Тоқты жұлдызына мінездеме. Тоқты – табиғатынан көшбасшы және онымен келіспеу мүмкін емес. Тоқты жұлдызында туған жанды бір көргенде – өзіне сенімді,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×