ойын сауық отауы
Қазақтың ұлы тұлғасы — Абай Құнанбайұлының болашақ ұрпағына қалдырған өсиеті
03.01.2017 12 478 0 Дауыл

Қазақтың ұлы тұлғасы — Абай Құнанбайұлының болашақ ұрпағына қалдырған өсиеті

Бұл қызықты
Қазақтың ұлы тұлғасы — Абай Құнанбайұлының болашақ ұрпағына қалдырған өсиеті.

1. Иман сақтауға – қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босамас буын керек.

2. Құдайшылық - жүректе. Қалпыңды таза сақта.

3. Құдайдан - қорық, пендеден – ұял: балаң бала болсын десең оқыт, мал аяма!

4. Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыт болады.

5. Көрсеқызарлықпен, жеңілтектікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады.

6. Ауруды жаратқан құдай, бірақ ауыртқан құдай емес.

7. Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң – Алланың сүйген құлының бірі боласың.

8. Жылуы жоқ бойының, жылмиғаны неткені?..

9. Бұрынғы ата - бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен: ел басы, топ басыларына тоқтай білетіндігі мен намысқойлығы.

10. Егер менің ішімді жарып өрсең, жылауыңды тоқтатып, шошыр едің.

11. Қайғысыздың бәрі асау.

12. Өлейін деп өлмейді өлерік жан.

13. Распенен таласпа.

14 Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,
Қызық келсе қызықпа, оңғаққа ерме.
Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
Сонан тапқан шын асыл, тастай көрме.

15. Бір жерде бірге жүрсең басын қосып,
Біріңнің бірің сөйле сөзін тосып.

16. Көп шуылдақ не табар, билемесе бір кемел.

17. Сұлуды сүймектік – пайғамбар сүннеті.

18. Бір қайғыны ойласаң, жүз қайғыны қозғайды.

19. Жүректен қызық кеткенде, тәннен қуат кетеді.

20. Мұңдасқан көңілде кір қалмайды.

21. Өзі жат елде қайыршылық қылып жүріп, елін бай деп мақтайтындар – құдай қарғағандар.

22. Малыңды жауға, басыңды дауға салып қор қылма.

23. Жүректі қозғайтын – жастықтың оты.

Абайдан қалған нақыл сөздер Абайдан қалған нақыл сөздер
Құдайдан - қорық, пендеден – ұял: балаң бала болсын десең оқыт, мал аяма! Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыт болады.
Қалқам - ай, мен үндемей жүремін көп Қалқам - ай, мен үндемей жүремін көп
Қалқам - ай, мен үндемей жүремін көп, Ойлама отсыз, ойсыз, суық жан деп. Жүректегі жалынды көзден жас қып, Ағызғаным болады ол неге сеп?
Ерекше естен кетпес қызық қайда Ерекше естен кетпес қызық қайда
Ерекше естен кетпес қызық қайда? Жолығатын қыз қайда терең сайда? Сұлулығын қояйын, мінезі артық, Ақылды, асыл жүрек, сөзі майда.
Дүтбайға Дүтбайға
Жылуы жоқ бойының, Жылмиғаны неткені? Құбылуы ойының — Кетпей құйтың еткені.
Адам — бір боқ көтерген боқтың қабы Адам — бір боқ көтерген боқтың қабы
Адам — бір боқ көтерген боқтың қабы, Боқтан сасық боласың өлсең тағы. Мені мен сен тең бе деп мақтанасың, Білімсіздік белгісі — ол баяғы.
Сап-сап, көңілім, сап көңілім! Сап-сап, көңілім, сап көңілім!
Сап-сап, көңілім, сап көңілім! Саяламай, сай таппай, Не күн туды басыңа Күні-түні жай таппай? Сен жайыңа жүргенмен, Қыз өле ме бай таппай?
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×