ойын сауық отауы
Шілдехана
07.01.2023 38 243 0 Дауыл

Шілдехана

Бұл қызықты
Шілдехана
Шілдехана – жаңа туған нәрестенің құрметіне арналған той, шілдеханаға арнайы шақырумен де, шақырусыз да келе береді. Бұл тойда "Балаңыздың бауы берік болсын!" - деген құттықтау айтылады. Қонақтар таң атқанша домбыра тартып, өлеңдер айтады, түрлі ойын сауықтар ұйымдастырады. Жеңгендерді отбасының сый құрметіне бөлінеді. Шілдехана – баланы жын шайтаннан қорғап, күзетуден болған дәстүр. Сондықтан шілдехананы «Шілде күзет» - деп атаған.
Шілдехана өткеннен кейін, баланың әке – шешесі бесік тойын жасайды. Ағаштан жасалған бесікті баланың нағашылары немесе жасы үлкен қадірлі аналардың бірі әкеліп, сыйға береді. Ең алдымен бесікке салушы бесіктің өзін жын шайтандарды қуу үшін, түрлі иістерден арылту үшін отпен аластап шығады. Содан кейін көрпешелер мен жастықшаларды баптап салады. Баланы жатқызып бөлейді. Қолбау, белбеу және аяқ баумен тартып байлап қояды.
Баланы қырқынан шығару – сәби дүниеге келгеніне қырық күн толған кезден соң, нәрестенің «Сүт тырнағы» мен «Қарын шашын» алып теңгелер салынған ыдысқа 40 қасық су құйып шомылдырады.
Бесік қасиетті, киелі құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. « «Ел іші - алтын бесік» - деген сөз бесіктің құдіретін көрсетеді. Жаңа туған баланы бесікке салу да халқымыз үшін елеулі дәстүрдің бірі. Бесікке салу жолы үлкен немесе тәрбиелі өнегелі әжелеріне көп балалалы әйелдерге тапсырылады. Ол бесікті отпен аластап «тыштырма» жасап баланы бесікке бөлейді. Бесік үстіне жеті түрлі қадірлі таза заттар қойылады. бесікке салған адамға «бесікке салар» яғни кәделі сыйлық беріледі. Осындай қуаныш үстінде бесік жыры айтылады.

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» « Бесік көрмеген ессіз болып, есікке енеді» деген ұлағатты сөздер бар. Бесікке салған бала қолбау болмай, құрғақ және таза жатып, ұзақ ұйықтайды.

(Бесікке салу көрініс)
Бесікті аластайды.
«Алас, аласәр пәледен алас.
Асқар - асқар таумен кет!
Ағыны қатты сумен кет!
Тастай қараңғы түнмен кет!
Ұйқың қатты болсын, күлкің тәтті болсын!»

Әжесі:
Әлди әлди ақ бөпе,
Ақ бесікке жат бөпем,
Ақ бесікті тербетіп,
Бір өзіңді жыр етіп,
Әжең тыным таппайды,
Өссін деп – сен ер жетіп,
Әлдей бөпем, әлдей – ай
Тыңдай берші ән – күйді – ай

Анасы:
Айналайын балашым
Аман болсын анашың
Аман болсын әкең де,
Ағайының тәтең де,
Өзің тәтті балдай бол,
Өсіп - өсіп таудай бол!

Бос бесікті тербетпе Бос бесікті тербетпе
Бос тұрған бесікке Ібіліс баласын салып қояды екен. Бос бесікті тербеткен шайтанның баласын тербеткенмен бірдей. Сондықтан «бос бесікті тербетпе» деп
Бесікке қатысты тыйымдар мен ырымдар Бесікке қатысты тыйымдар мен ырымдар
Бос бесікті тербетуге болмайды. Бос бесікті тербеткен жаман ырым саналады
Зейнеп апаның кеңестері Зейнеп апаның кеңестері
40 саны адамның жаратылысымен тікелей байланысты. Баланы не үшін қырқынан шығарады? 40 күн ана үшін де, бала үшін де қатерлі кезең болып саналады.
Баланы қырқынан шығару Баланы қырқынан шығару
Нəресте үшін қауіпті деп саналатын 40 күн өткен соң, ата - ананың көңілі орнына түсіп, баланы қырқынан шығару қамына кіріседі.
Сәби, балаға қатысты ырым - тыйымдар Сәби, балаға қатысты ырым - тыйымдар
Бос бесікті шайқама Құран сөзін қайтала, білмесе жұрт айта ма? Әлі бала жатпаған, бос бесікті шайқама. Ғибрат сөз ұққанға, үйге кіріп, шыққанда. Өліп
Шілдехана Шілдехана
Басталыпты өмірдің көші, міне, Бөлейікші бөбекті бесігіне. Салт - дәстүрін ұлтының біліп өссін, Жігіт болсын лайықты есіміне.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×