ойын сауық отауы
Қарашаш сұлу. Қазақ тарихындағы әйелдер
21.04.2017 4 218 0 Дауыл

Қарашаш сұлу. Қазақ тарихындағы әйелдер

Бұл қызықты
Қазақ тарихындағы әйелдер
Қарашаш сұлу
Қарашаштың әйгілі Жиренше шешеннің әйелі екендігі баршаға мәлім. Қарашаш туралы аңыздардан оның ақылды, тапқыр жан болғандығын екінің бірі мойындайды. Қараша сұлудың өзінің осындай қасиеттерімен Жиренше шешенге лайықты жар болғандығы суреттеледі.
Жиренше шешен Әз - Жәнібек ханның тұсында өмір сүрген. Ол Кіші жүз Жетіру бірлестігінің Рамадан руынан шыққан. Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу туралы көптеген шешендік сөздердің бірін келтіре кеткенді жөн көрдік:
Қаракөз ханым өлген соң, Жиренше көп уақытқа дейін бас құрмапты. Өзі ойлаған қыз кездеспейді, кез келген қызды ұнатпайды. Бір күні жолай бір жігіт кездесіп, жолдас болыпты, өзі көп үндемейтін адам екен. Бір мезгілде Жиренше жігітке қарап: «Жол қысқартайық», - дейді. Жігіт жауап қайырмайды. Тағы бір кезде Жиренше жігітке: «Ағаш қазан қайнатайық», - дейді, жігіт жауап қайырмайды. Тағы да біраздан соң бір көшіп кеткен елдің жұртын көргенде Жиренше: «Мынау бір бейбастық үйдің жұрты екен», - дейді. Жігіт оған да жауап бермейді. Сонымен екеуі бір елге жақындағанда, жаңбыр құйып кетеді. Ауыл сыртында тезек теріп жүрген бір топ қыз жаңбыр жауып кеткен соң қаптарын арқалап, ауылға қарай жүгіре жөнеледі. Тек бір қыз сырт киімін шешіп, қапқа жауып отырып қалады. «Мына қызда бір сыр болар», - деп, Жиренше отырып қалған қызға келеді. Қыз асқан сұлу екен, Жиреншеге қыздың көркі ұнайды. Енді ақылы қандай екен деп сынау үшін: «Сен көп қыздан неге бөлініп, жалғыз отырып қалдың?» - дейді Жиренше.
- Мен басқа қыздарға еріп ақымақ болайын ба? – дейді қыз.
- Олар қалай ақымақ болады? – дейді Жиренше.
- Олардың, ақымақтығы мынада: келе жатқан алды бар, арты жоқ, шағын бұлт. Бұл өткінші жаңбыр, аз жауып ашылады. Ал олар үйге барғанша отындары да, барлық киімдері де су болады. Су болған отындары жанбайды, киімдерін кептіре алмайды. Мен отыныма шапанымды жаптым, отынымның, ығына өзім отырдым; менің су болған жалғыз - ақ шапаным. Отыным, өзге киімдерім құрғақ; үйге барғанда отынымды жағып, шапанымды кептіріп аламын, - дейді. Қыздың көркіне ақылы сай, Қаракөздей болып көрінеді. Бұл қызға енді бір сөз айтып көрейін деп Жиренше:
Бүркеніп жалғыз отырсың,
Бойға жеткен жас бала.
Ұнатсаң, айтқан сөзімді,
Күлімдеп көзің бері қара!
Оңаша бір сөзім бар,
Ақылың болса сен ұғар.
Менің атым Жиренше,
Жол берген маған хан - қара, - дейді.
Сонда қыз бөгелместен:
Сыртыңнан естіп қанық ем,
Шешен деген атыңды.
Түсіңе бұрын танық ем,
Жаңа көрдім затыңды.
Айтар жерің осы ма,
Көңілдегі датыңды? –

деп күлімсіреп өң бергендей болып:

Уәде қылып келіп пе ең,
Сөйлесем деп осы жерге.
Жалғыз атты жолаушы,
Аулақ менен көш жерге.
Құрбыңды іздеп тауып ал,
Жас қыз сөзіңді естір ме? – дейді.

Жиренше шешен қызды әбден ұнатып ішінен: «Құдай жазса сен алармын», - деген ойға келеді. ауыл мен екі арада өзен бар екен.
- Мынау өзеннің өткелі қай жерде? – дейді Жиренше.
- Анау жерде бір өткен бар – алыс; алыста болса жақын. Мына жерде бір өткел бар – жақын; жақын да болса алыс, - дейді қыз.
- Сенің үйің қайсы? – дейді Жиренше қызға.
- Менің үйім анау – үлкен ақ үйдің жанындағы қараша үй, - дейді қыз.
Жиренше алыс өткелге кеткенде, жолдасы жақын өткелге бұрылады. Қыздың алыс, алыста болса жақын деген өткелдің суы саяз, асты құмқайыр екен. Жиреншенің аты желіп өтеді. Ал «жақын, жақын да болса алыс» деген өткелдің суы терең, асты балшық екен, жолдасының аты батпақтап зорға өтеді.
Жанындағы жігітке: «Сен қайда қонасың?», - дегенде, «Мен мына ақ үйге қонамын», - дейді ол. «Ендеше мен қарша үйге қонамын», - дейді шешен. Сөйтіп екеуі екі бөлініп, бірі байға, бірі кедейге барып түседі. Бір уақытта отынын арқалап манағы қыз да келеді. Жиренше төрге жайғасқан соң, үйдегі кемпір амандықтан кейін: «Шырағым мынау байдың үй тұрғанда, біздің қосқа қалай түсің?» - дейді. Жиренше: «Менің баспанам да осындай еді, өз үйім тәрізді болған соң өзімсініп түстім», - дейді.
- Жиренше түскен үй іңір болған соң, от жақсы, келін сиыр сауды. Кемпір от басында, қыз үйдің іргесінде отыр.
Жиренше төрде отырып қызға қарап басын сипайды. Бұл: «Сенің қалыңмалың шашымнан көп - ау» деген еді. Қыз оған түсініп астындағы тақыр тулақты сипады. Ол «теңімді тапса тақыр кедей болса да береді» дегені еді... Жиренше мен қыз бірін - бірі ұнатқанын осылай ыммен ұғысады.
Таң атқан соң жұрт тұрып жайланған кезде бай Жиреншені шақырып алады. Жиренше келе, кешегі жігіт мәз - мейрам болып сонда отыр екен. Амандасқаннан кейін бай: «Кешегі бірге келген кісі осы ма?» - дейді, жігіт: «Иә», - дейді. «Екеуің бірге келіп екі бөлек түскендерің қалай?»– дейді бай. Жиренше: «Бұрынғының сөзі бар еді, сол есіме түсіп, бөлек түстім», - дейді! «Ол не деген сөз? – дегенде Жиренше:
Өзің білмес ісіңді
Білгендерден сұрап біл.
Өліп жатсаң, наданнан
Қабырғаңды жырақ қыл!» – деген дейді.
Бай: «екеуің жолда не сөйлестіңдер, не айттыңдар?» - дегенде жігіт түндегі жол - жөнекей айтылған сөзді баяндайды. Жиренше: «Екеуден - екеу жапанның сары даласында келе жаттық; әртүрлі сөз айттым, біреуіне де жолдасым сөз қайтармады. Сонан соң мен де үндемей отырып едім, ұйқы келді, маужырап жүре алмадық. Ұйқыдан мезі болған соң «жол қысқарталық» дедім. Оным әңгіме айт дегенім еді. Екінші «ағаш қазан қайнатайық» дегенім – насыбай атыл алайық дегенім еді. Үшінші «бейбастық үйдің жұрты» дегенім бір жұртта екі басы бірдей күйік көсеу жатыр екен. Айтқан сөзімнің біріне жауап қайырмаған соң «мына жігіт надан екен, деп бөлек қонған едім», - дейді. Бай Жиреншенің бұрын атын естіп бір көруге құмар болып жүреді екен. Өзін көріп, сөзін естіген соң есі кетіп мал сойып, қымыз құяды. Бәйбіше: «Шырағым, бүгін осында бол!» - деп қондырады..... Бай Жиреншенің ақылына қызығып қызын бергісі келеді. Қызы: «Мені бір жалғыз атты кедейге бар дегені несі, бармаймын», - деп астан - кестең болып бүлінеді. Қызынан бұл сөзді естіп өтірікші болдым - ау деп ойланып отырғанда, Жиренше: «Бай, сіздің қиналып отырғаныңыз маған әбден батты. Көнбеген балаңызды қояйық, мынау көршіңіздің қызының қалың малын төлеп алып берсеңіз болады», - дейді. Бай көрші жігітті шақырып алып, сұраған малын беріп, Қарашашты Жиреншеге қосады.

Жеті Атаға дейін үйленбеудің бір сыры! Жеті Атаға дейін үйленбеудің бір сыры!
Жеті Атаға дейін үйленбеу дәстүрі түркі тектес халықтардың ішінде тек қазақтарда ғана бар дейміз. Неге екенін білеміз бе? Осы жайында оқыған бір аңыз
Әділдік, шындық, қанағат - рақым туралы ұлағатты сөздер Әділдік, шындық, қанағат - рақым туралы ұлағатты
Әділет тілесе - атаңның болсын айыбын айт.
Сүзге ханым. Қазақ тарихындағы әйелдер Сүзге ханым. Қазақ тарихындағы әйелдер
Сүзге ханым 1548-1582 жылдар аралығында өмір сүрген. Қасым ханның кеңесшісі Мейрамсопының кенже немересі. Сүзгеннің әкесі Төртуыл елінің билеушісі –
Қарашаш ана. Қазақ тарихындағы әйелдер Қарашаш ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
Қарашаш ананың шын аты – Айша бибі. Ол шейх Мұсаның қызы, Қожа Ахмет Иассауидің анасы болған. Айша бибі өзінің қарапайымдылығымен, сыпайылығымен
Сыланды ана. Қазақ тарихындағы әйелдер Сыланды ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
Сыланды ана – Жұпар ананың сіңлісі. Шын аты – Қарашаш. Үнемі сәнденіп, салтанатпен жүретін кербез жан болғандықтан, ел оны «Сыланды келін» деп атап
Қарашаш Қарашаш
Институтта жүр оқып Қазақ қызы Қарашаш. Оқы, оқы, қарындас, Туған елге білім шаш.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×