ойын сауық отауы
Сүзге ханым. Қазақ тарихындағы әйелдер
01.05.2017 2 374 0 Дауыл

Сүзге ханым. Қазақ тарихындағы әйелдер

Бұл қызықты
Сүзге ханым. Қазақ тарихындағы әйелдер.
Сүзге ханым 1548-1582 жылдар аралығында өмір сүрген. Қасым ханның кеңесшісі Мейрамсопының кенже немересі. Сүзгеннің әкесі Төртуыл елінің билеушісі – Сүйіндік би. 1563 жылы Көшім ханға ұзатылады, оның төртінші әйелі. Олардың Баймұрат, Бердімұрат, Көбеймұрат атты ұлдары болған. Сүзге ханымға арнап, сегіз сарайлы қала салған деседі. Бұл қала Сүзге – Тура деп аталған екен. «Сүзге» атты дастан жазған П. Ершов Көшім ханның оған оңаша сарай-қамал салып бергендігін, оны апамыздың есімімен атағанын, ханшайымның сарайдағы өмірін жырлайды: «Вся земля пируют лето, Вся Сибирь пирует лето. Но на всей земле Сибирьской Нет прекраснее Сузгуна, Где живет луна-царица Черноглазая Сузге...»
Қазір бұл қала жоқ. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары Тобыл қаласынан солтүстікке қарай теміржол төселгенде сарай-қамалды да, ол салынған төбені де жермен-жексен қылып, тегістеп тастапты. Алайда сарайын жердің бетінен жоқ етіп, жойып жіберсе де, ханшайымның есімін құрта алмады. Бұл күндері сол жердегі теміржол бекеті «Сузгун» деп аталады.
Сүзгеннің мерген, садақшы, желаяқ, суда жүзгенде, қайық ескенде, ағаштан-ағашқа секіргенде, ат құлағында ойнағанда сабаздығы басым болған екен.

Есенбике. Қазақ тарихындағы әйелдер Есенбике. Қазақ тарихындағы әйелдер
Есенбике - XVIII ғасырда өмір сүрген Қаратай батырдың қызы, Олжабай батырдың шешесі. Есенбике кішкентайынан Айдабол бидің бәйбішесінен туған кенже
Рәбия Сұлтан бегім. Қазақ тарихындағы әйелдер Рәбия Сұлтан бегім. Қазақ тарихындағы әйелдер
Рәбия Сұлтан бегім шамамен 1430-1495 жылдар аралығында өмір сүрген. Ол – Ұлықбек хакімнің қызы, Әмір Темірдің немересі. Самарқанд қаласында жан-жақты
Қойсана ана. Қазақ тарихындағы әйелдер Қойсана ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
Қойсана – Тарақты Байғозы батырдың қызы. Қазақ-жоңғар соғысындағы белгілі қолбасшы Шұбыртпалы Ағыбай батырдың анасы болады.
Ақтолыс ана. Қазақ тарихындағы әйелдер Ақтолыс ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
Есімі ел аузында сақталған көріпкел және емші. Есім ханның замандасы Жарылқамыс батырдың інісі Жалаңның зайыбы.
Белең ана. Қазақ тарихындағы әйелдер Белең ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
Белең ана – Жошының екінші қызы. Оны қарахандар әулетінен шыққан, Тараз бен Қашқарды билеуші Арыстан ханға ұзатқан. Шыңғыс ханның мұндағы мақсаты
Зеріп ана. Қазақ тарихындағы әйелдер Зеріп ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
Бәйдібек бидің Сары бәйбіше (Марау), Зеріп, Домалақ ана (Нұрила) атты үш әйелі болған. Шежіре бойынша, Домалақ анадан Албан, Суан, Дулат рулары
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×