ойын сауық отауы
Белең ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
22.04.2017 2 575 0 Дауыл

Белең ана. Қазақ тарихындағы әйелдер

Бұл қызықты
Белең ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
Белең ана – Жошының екінші қызы. Оны қарахандар әулетінен шыққан, Тараз бен Қашқарды билеуші Арыстан ханға ұзатқан. Шыңғыс ханның мұндағы мақсаты қалың ягма (жалайыр) елін билеген Арыстан ханды өзіне жақын тарту екен. Алайда көп ұзамай, Арыстан хан Қашқарға барған соң, оны сол қаланың әмірлері өлтіріп, Белең жесіп қалып, әпкесі Болған ананың қасына келген. Мәшһүр Жүсіп Көпеев «Бұрынғы заманда Түркістанда Талмас ата деген әулие болған. Бәйбішесінің аты – Болған, тоқалының аты – Белең. Кенже тоқалының аты – Ақбикеш. Болған – Ана Сарысудың бас жағында, Белең ана Сарысудың аяқ жағында, Ақбикеш Қаратауда қоныстанған, - дейді.
Бұл көне қаланың Ұлытау өңіріндегі қираған үйінділер (13 - 14 ғасыр) Сарысу өзенінің бойында жатыр. Бұл қаланың аты алғаш рет Әмір Темірдің Тоқтамысқа қарсы жорығы туралы жазбада кездеседі. Жошы ұлысының Ақ Орда бөлігін билеген Орда Еженнің екінші ұлы Құлидың әйелін Белеңхатун деп атаған. Плано Карпинидің Монғол империясына саяхаты жайлы жазбаларында Шыңғыс хан ұрпақтарының бірнеше әйел алғандығы және олардың Орданың белгілі бір бөлігіне иелік етіп, билік жүргізгендігі жайлы айтылады. Осылардың негізінде Белең ананы Ақ Орданың ең алғашқы ханы болған Орда Еженнің келіні деген мәлімет береді.
Қираған қаланың үйінділерінің аумақты көлеміне қарап, оның өте үлкен қала болғаны көрінеді.
Белең ана алдағы уақытта зерттеуді қажет ететін тарихи маңызы зор күрделі ескерткіштердің бірі.

Есенбике. Қазақ тарихындағы әйелдер Есенбике. Қазақ тарихындағы әйелдер
Есенбике - XVIII ғасырда өмір сүрген Қаратай батырдың қызы, Олжабай батырдың шешесі. Есенбике кішкентайынан Айдабол бидің бәйбішесінен туған кенже
Сүзге ханым. Қазақ тарихындағы әйелдер Сүзге ханым. Қазақ тарихындағы әйелдер
Сүзге ханым 1548-1582 жылдар аралығында өмір сүрген. Қасым ханның кеңесшісі Мейрамсопының кенже немересі. Сүзгеннің әкесі Төртуыл елінің билеушісі –
Рәбия Сұлтан бегім. Қазақ тарихындағы әйелдер Рәбия Сұлтан бегім. Қазақ тарихындағы әйелдер
Рәбия Сұлтан бегім шамамен 1430-1495 жылдар аралығында өмір сүрген. Ол – Ұлықбек хакімнің қызы, Әмір Темірдің немересі. Самарқанд қаласында жан-жақты
Ақтолыс ана. Қазақ тарихындағы әйелдер Ақтолыс ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
Есімі ел аузында сақталған көріпкел және емші. Есім ханның замандасы Жарылқамыс батырдың інісі Жалаңның зайыбы.
Болған ана. Қазақ тарихындағы әйелдер Болған ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
Болған ананың күмбезі Жезқазған қаласының оңтүстігінде Сарысу өзенінің жағасындағы биік төбенің басында орналасқан. Сол маңдағы күмбездердің ішіндегі
Марау ана. Қазақ тарихындағы әйелдер Марау ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
Марау ана (Сары бәйбіше) – Бәйдібек бидің бірінші әйелі. Арыстан бидің қызы. Марау анадан туған он ұлдан тек Байтоқты деген жалғыз баласы ғана аман
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×