ойын сауық отауы
Қыз өссе – елдің көркі...
25.04.2017 3 193 0 Дауыл

Қыз өссе – елдің көркі...

Бұл қызықты
Қыз өссе – елдің көркі...
Алаулап оттай жанған жүрегімен,
қызыл шоқтай сөнбейді сезімдерің
Қылығымен әйел жаны сұлулықпен,
жігіттерді арбап алар жүрегімен.
Жан шуағы шашырайды әлемдерге,
ана мейірімі шапағатшы бұл өмірде,
Бір құсым бар еске алатын құрметтеген,
ананың ардақты атын қастерлеген!
Асыл жар балалардың ол анасы –
сұлулықпен жылулықтың таңдаулысы,
Мәңгілікке тербеткенде махабатты,
ақ тілегі аналардың ақ жүрегі.
Қабылов Қайрат.

Қай ұлттың, қай халықтың ой қазынасын ақтарсаң да ананы құрметтеу, қастерлеу алғашқы орында тұрады. «Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі» деп бекер айтылмаса керек. Жалпы қыз үшін ең басты нәрсе оның ақыл - парасаты, мінез - құлқы, ар - ұяты, әдеп - инабаты. Қазақтың қыздары ерте заманнан бастап - ақ, өзінің инабаттылығымен, көз тартар ашық жанарымен, нәзіктігімен, ақылдылығымен сыйлы бола білген. Қыз бала біріншіден ана және ақжаулықты апа, әжелеріміз. Әр адамға анаңды құрметте, аяла деп бекер айтпаған. Ана баланы дүниеге әкелген сәтінен бастап, түн ұйқысын төрт бөліп, періште сәбиін әлдилеп, ақ сүтімен асырап, ер жеткізеді. Соған орай, әр адам өзінің ақжаулықты, аяулы аналарын мәңгі бақи құрметтеп, ақ түсін ақтап өтуі ол әр адамның парызы деп есептеймін.
Міне, көрдіңіздер ме? Қыз дегеніміз, келешек ұрпақты жалғастырушы асыл тұлға. Қазір жасырын емес, көп қыздар батысқа еліктеп сыра, темекі деген жаман нәрселерді қолданатындары бар. Ертеңгі болашақ ана болар қыз бала осылайша бетімен кетуі еш ақтауға жатпайтын қылық, бұл мүлде жас қыздардың ағзасына кедергі болар қайшы нәрсе. Ондай дәрменсіз, жиіркенішті әрекет біріншіден, өздеріне, екіншіден болашақ ұрпақтарына, онымен қоса айналасындағыларға да кері әсерін тигізеді.
Темекінің ағзаға теріс әсері ол никотин. Әсіресе қыздарға «никотин» тәуелділікке әкеліп соқтырады. Адамның ішіндегі ағзаларын өлтіріп, орнын никотин билеп алып, әрдайым мүлтіксіз керек еткізіп тұрады. Ол басқа өкпе, бауыр деген адамның ішкі құрылыстарын қоспағанда, ал енді осының бәрін бірдей, адамның ағзасына тірідей өлтірсе не болмақ? Оның соңы жақсы дәрежеге апармайды, естеріңде болсын!
«Дені саудың жаны сау». Денсаулық бәрінен де қымбат, оны еш нәрсемен айырбастауға келмейді. Кішкентай ханшайымдар, ертең дендерің сау қазақтың арулары болып бой жетесіңдер, сондықтан жаман қылықтардан аулақ болып, тек түзу жолмен жүруге бет бұрыңдар. Көптің сендерге айтылар тілегі де осы болмақ.
Қыз баланың өз ар - намысын сақтап, қорғай білу – оның бас байлығы, ол нендей мұрадан да қымбат, жақсы қыздың абырой белгісі тәнінде ғана емес, жанында болады, «қыз өмірі – гүл өміріндей». Қазақ «қызды сөкпе, тұзды төкпе» дейді. Қалампыр гүлі қатты дауыстың өзін көтере алмай солады екен, қыз көңілі де солай, «қыз атаулыда төрт бірдей қасиет қатар келеді: олар айтулы жар, жеткілікті ақыл, қылықты мінез, тартымды тұлға», «қыз затының ең асыл қасиеті адалдығы мен нәзіктігі» олай болса нағыз сұлу да сымбатты, биязы ол қазақтың қызы емес пе?
Жасырын емес, біздің қазақта жат жұрттыққа жаралған қыз баланы айрықша мәпелеп, бұлғақтатып, әлпештеп өсірген. Ерте кезден бастап - ақ, қыз баланың тәрбиесіне, бой түзеуіне ерекше мән берген. Кішкентайынан тазалыққа, үй шаруасына, кесте, іс тігуге, бойы - басын күтуге баулыған. Бұл қыздың анасының міндеті болған. Жолы жіңішке, жаны нәзік қыз баланың біреуден сөз естіп, жүрегі жараланып, қорлық - зорлық көрмеуіне аға өзін жауапты сезінген екен. Аға мен қарындастың арасында ерекше туысқандық сыйластық болған. Аға қарындасына қатты сөз айтпай, ұрсып - зекімей, әрдайым қабағына қарап, шынайы еркелетіп, ешкімге зәбірлетпей үнемі қорған болып жүрген. Қыз баланың абырой, намысы ең бірінші ағаның, қала берді сол елдің намысы. Қарындас ер жігіттің ең жаны жері.
Қарындасын қорғау үшін жігіт ғазиз басын отқа да салады, оққа да тігеді екен.
Қызға деген сый - құрмет, ар - ұятты қастерлеуге, адамгершіліктің биігінен көрінуге, жоғарғы сезімталдыққа тәрбиелеу. Қыздарға, жалпы әйел затына бой түзеген де, көйлеп түзеген де, өң түзеген де жақсы ғой. Бірақ өзімен өмір бойы бірге жасасатын, сонысына қарай кіммен болса әділ бағасын алатын мінезін түзегенге не жетсін? Біле - білсек жалпы әйел адам затының сұлулығы мінезінде. Әрбір әйелді «ару ететін де мінез. Қыз, әйел атаулының жаны нәзік, сезімі тұрлаулы, мінезі салмақты болып келсе ғой», шіркін....
Баласағұн дәуірінде де, Шал ақын заманында да көшпелі халық – қыз бала, келіншек, сүйген жар, бір сөзбен айтқанда әйел тегі баласына қатаң сын көзбен қараған. Осы сыни елек ғасырлар көшінде ірге бекіте түсіп, «қызға қырық жерден тыйымды» дүниеге әкелген. Қарапайым – халық санасындағы, рухани - әлеуметтік болмысындағы сапалы жаңа мәнісін еншілеген кәдімгі халықтың құқықтың бір тармағы.
Тыйым – жалпы халықтық сипат алып, өміршең өрімін тауып отырғанда ғана әсер - қуаты қарымды. Тыйым – қоғамдық тіршілік - харекет күрделене түсіп, этникалық біртұтастық өзегін құрт кеулей бастаған аласапыран заманаларда өмірде өз орнын алмай қоймайтын бірден - бір ұлттық қорғаныс механизмі. Тыйым тәртібі осы айтылған қырларымен - ақ маман - ғалымдар назарына ілініп, көшпелілер қоғамындағы әлеуметтік бір институт тармағы таңда ұлт өмірінде орын алып отырған сілем - жұрнақтары жан - жақты білгірлікпен зерттеліп жатса құба - құп.
Алайда әдемі қылық пен жақсы тәлім жайлы қаншама кітап оқығанымен, ешкім өз - өзінен әдепті де жақсы мінезді бола алмайтыны белгілі. Дегенмен әр адам өзін - өзі іштей тәрбиелеп, іс - жүзінде көрсете білуі жөнді... Сәттілік!

Әсел Қайратқызының «Қыз өссе – елдің көркі» кітабынан алынды

Жүсіп Баласағұнның өсиет сөздері Жүсіп Баласағұнның өсиет сөздері
Дос, туғаннан лебізіңді аяма, Кіші, үлкенді жылы жүзбен аяла
Бала тәрбиесіндегі еврейлер ұстанатын қағидалар Бала тәрбиесіндегі еврейлер ұстанатын қағидалар
Баланы әр ұлт өзінше тәрбиелейді. Бала кезден көрген тәрбие өсіп - өнгенше оның бойына азық болады. Қазағым «тәрбие – тал бесіктен» деп бекер
1 маусым - Балаларды қорғау күніне тақпақтар 1 маусым - Балаларды қорғау күніне тақпақтар
Баршамызды бала тілмен баурайтын, Бала деген бір бақыт қой самғайтын Ата - ананың арманы мен тілегін, Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын
Ажарлану Ажарлану
Ертеде қазақ қыздары өте ұяң, биязы, сөзге сараң, тайраңдауға жоқ болды. Көбі махаббатының өртін сүйреңдеп тілімен айтқаннан гөрі, ұялып өңімен
Сүйкімділік – дүниенің сұлулығы Сүйкімділік – дүниенің сұлулығы
Адам анадан сырт бейнесі, пішіні сұлу болып туылуы мүмкін, ал ішкі жан сұлулығы, өзінің мінез - құлқы, қылығы, ісі, басқа адамдарға қарым -
Алтын, күміс және қалайы Алтын, күміс және қалайы
Пәстеу соғып сырт көркі мазмұнынан, Бекер болды - ау, мезгілсіз тозды бір ән. Мыстан құйдық тұлғасын ұлылардың, Жер бетінде алтынның аздығынан.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×