ойын сауық отауы
Сүйкімділік – дүниенің сұлулығы
25.04.2017 5 008 0 Дауыл

Сүйкімділік – дүниенің сұлулығы

Бұл қызықты
Сүйкімділік – дүниенің сұлулығы
Адам анадан сырт бейнесі, пішіні сұлу болып туылуы мүмкін, ал ішкі жан сұлулығы, өзінің мінез - құлқы, қылығы, ісі, басқа адамдарға қарым - қатынасының тағы да басқа жиынтығы ретінде қоғамда қалыптасады.
Әдетте, біз қыздың немесе жігіттің сұлулығы, көркемдігі жайында айтқанда, оның дене мүшелерінің жұрт мойындаған (қабылдаған) әдемілігі мен олардың жарасымды үйлесіміне, реңділігіне, бойының сымбатылығына, үнінің назды, әуезділігіне, шырайының таза, балғын, көзінің нұрлылығына, шашының қалың, толқынды не жібектей төгілгендігіне және т. б. сипаттама береміз. Бұлар – адамның көңілі мен жүрегін баурап алып, тәнті ететін сыртқы сұлулық белгілері.
Адам қоғамдық тіршілік иесі ретінде сыртқы сұлулыққа тәнті болып қана қоймай, оның ішкі мазмұнына ерекше мән береді. Адам адамның әсемдігін, оның іс - әрекетін, табиғатқа және басқа адамдарға қарым - қатынасын, мінез - құлқын өз төңірегіндегі адамдар бойында қалыптасқан әдептілікпен салыстырып құрайды. Сөйтіп, адам сыртық – көрнекті сұлулық пен ішкі – рухани сұлулықты мойындай отырып, олардың орнын анықтауға келгенде, ішкі – рухани сұлулыққа көбірек мән беріп, мазмұн сұлулығына көбірек жан тартады. Халықтың қалыңдық таңдау туралы «Көркін алама, мінезін ал» - деп, ақыл - кеңес беруінің мәнісі сонда. Данышпан Абай да: «Шу дегенде көрінер ашу артық» - деп, сақтандыра келе, «Әйел жақсы болмайды көркіменен, мінезіне көз жетпей, көңіл берме» - дейді. Мұның бәрі – жайдан - жай айтыла салған сөздер емес, өмірден, тұрмыс тәжірибесінен туған тұжырымдар.
Әсте, солай болмағанымен, сыртқы сұлулықпен көзді алдап, көңілді арбап жасалатын сұмдықтар өмірде кездесіп тұратыны құпия емес.
Әдептілік көріністері сырт қарағанда кейде енжар, солғын көрінуі мүмкін, бірақ оның өзегінде үлкен адамгершілік, ізеттілік пен мейірбандық жатады. Адамның сырты әсері ішкі нәріне сәйкес келсе, яғни сыртқы келбет, пішін көріктілігі ішкі рухани терең мазмұнмен біте қайнасып, үйлесіп жатса, нағыз сұлулық сол. Ал рухани сұлулық әдептілікке қоса, әділдікті, адалдықты, шыншылдықты, адамға деген сүйіспеншілікті, ізгілікті, сезім сергектігін, биік эстетикалық талғамды, еркіндік сезімін, сұлулыққа талпынысты қамтиды.
Адам сыртқы әдемілік, тартымдылық пен әдеп - инабаттылыққа талпына отырып, өмір жолындағы күресте әділдік, ізгілік мақсатын, мұратын басшылыққа алса, сол – көркем. Әділдік, шындық үшін шешуші және дәйекті күрестен қаймығып, солқылдақтық, табансыздық жасаған адам қоғамда жоғары бағаға ие бола алмайды. Ол не күлкі болады, не жиреніш тудырады. Тарихта шешуші кезеңдегі бір адамның жігерсіздігі, ездігі дүйім еткен жағдаяттар аз болмаған, «уақыт әр адамға өз бағасын береді». Оның керісінше, берік сенім, тайсалмас жүрек, мұқалмас ерік - жігер мен табандылықтың кереметтерді тудырып, асқақ бағаға ие болған фактілер де аз емес. Бұл тамаша қасиеттер ақыл - білім нұрына бөленгенде, нағыз сұлулыққа айналмақ.

Әсел Қайратқызының «Қыз өссе – елдің көркі» кітабынан алынды

Абай айнасы – рухани кемелдену: Адам өзінің жан екенін түсінуі Абай айнасы – рухани кемелдену: Адам өзінің жан
Адамның имандылығы дамып, белгілі бір дәрежеге жеткенде оны бұл өмірдің қызығы жалықтырып, одан да жоғары ләззат барын сезе бастайды. Ол ізденіс
Егіздер жұлдызындағы ер-азаматтардың мінез-құлқы Егіздер жұлдызындағы ер-азаматтардың мінез-құлқы
Бұл таңбадағы жігіттер өте зерек, қабілетімен дарындылығымен ерекшеленеді алайда олардың мінез-құлқындағы тұрақсыздық мансапта кедергісін тигізеді.
Торпақ жұлдызындағы ер-азаматтар мінезінің құпия тұстары. Торпақ жұлдызындағы ер-азаматтар мінезінің құпия
Прагматик Торпаққа (20 сәуір – 20 мамыр) туылғаннан іскерлік, еңбекқорлық тыңғылықтылық қасиеттер тән. (прагматик дегеніміз - іс жүзінде пайдалы
Ең сұлу әйел Ең сұлу әйел
Жәйлап қана салып көр жанар ұшын, Болмысы оның тым бөлек, дара мүсін. Жер бетіне тіршілік таратушы, Жер бетіне жаралған Адам үшін! Жүрісі де өзгеше,
Қыз баланың сұлулығы Қыз баланың сұлулығы
Қыз баланың сұлулығы иманында, Бойына жақсы қасиет жыйғанында, Анасының атына кір келтірмей, Тәрбиемен ортаға сыйғанында.
Жеті қазына Жеті қазына
Жеті қазына. Ол жөнінде пікір таласы көп. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған:
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×