ойын сауық отауы
Қыз-келіншектерге қатысты ырым-тыйымдар
09.09.2018 4 410 0 Дауыл

Қыз-келіншектерге қатысты ырым-тыйымдар

Бұл қызықты
Қазақ халқына тән тәрбие құралдарының бірі – ырым - тыйымдар

Қыз - келіншек. Қай ата - ананны алсақ та, қызының ертең барған жерінде «балдай татып, судай сіңіп» кетуіне, жақсы жар, әдепті келін, аяулы ана болуын армандайды. Қасиетті ана қызының тәрбиелі жан болып өсуі үшін жасынан ақ шашты қарияның алдынан аттатпай өсіреді.

Ауыр сөз айтпа
Егескенді ер деме, есіктен кіріп төр деме.
Қайтып көрер досыңды, қатты сөзбен жерлеме.
Досың қалар мұңайып, кәне, кіріп шығайық.
Қайта ашатын есікті, қатты жаппау лайық.

Қыз - келіншектерге қатысты ырым-тыйымдар
• Қыздың басына ақ, қара орамал тартпайды. Ақ – жаулықтың, қара – қайғының белгісі.
• Әйелге бүйірін таянып тұруға болмайды, өйткені күйуеуін жоқтаған әйелдер ғана солай істейді.
• Әйелге түнде суға баруға болмайды, өткені қорқып, шошыма ауруына ұшырауы мүмкін.
• Жүкті әйелге түйе етін жеуге болмайды, әйтпесе ол баланы 12 ай көтереді. Егер ол 12 айда да тумайтын болса, бураның мойынына ақ мата салып, содан аттап өтуі керек.
• Бала шымыр болсын деп жүкті әйелге сағыз шайнатады.
• Түсік тастамасын деп жүкті жас әйелдің көйлегінің етегін бүріп қояды.
• Аяғы ауыр әйелге пышақ, ара, қайшы сияқты өткір нәрселерді ұстатпайды. Ұстаса, мезгілінен бұрын босанады деген ырым бар.
• Баласы кіндігіне оралып қалады деп, жүкті әйелге ине – жіп ұстатпайды.
• Жүкті әйелдің күні жақындаған кезде «жер – ана, қуат бер!» деп оны жалаң аяқ жүргізеді.
• Жүкті әйел арқан аттамайды, аттаса баланың кіндігі мойнына оралып қалады деген ырым бар.
• Адамның келіншек отырған жағындағы аяғы ұйып қалса, ол жүкті екен дейді.
• Жас келіншек бір үйден дметсе, сол үйден дәм әкеліп беру керек. Өйтпесе, көкірегі ісіп кетеді.
• Әйел босанар кезде үйдегі сандықты босатып қойса, ол қиналмай тез босанады деп айтады.
• Аяғы ауыр әйел қоян етін жесе, баласы қоянжырық болады деген ырым бар.
• Қонақ қыз босағаға емес, қарттар отыратын құрметті орынға отырады. Әйтпесе үй иесі бақытсыздыққа ұшырайды.
• Әйел аттылы ер адамның жолын, үлкендердің алдын кесіп өтсе, бақытсыз жағдайға душар болады.
• Әйелге шашын отқа тастауына болмайды, О дүниеде құдай, әйелдер мен қыздардан «саған берген шашымды қайда тастадың» деп сұрайды. Әйел тарақ жүзіндегі шашты жинап, аяқ баспайтын жерге қоюы керек.
• Әйелге шашын жайып жүруіне болмайды. Өйткені қаралы әйел ғана шашын жайып жіберетін болған.

Павлодар қаласының
«Дарынды балаларға арналған №8 лицей - мектебі» ММ
Абаильденова Нұргүл Қуандыққызы

Киімге қатысты тыйымдар мен ырымдар Киімге қатысты тыйымдар мен ырымдар
Киімді оң қолдан бастап киіп, сол қолдан бастап шешеді. Оң қолдан бастап киім кию жақсы ырым саналады.
Жол жүруге қатысты тыйымдар мен ырымдар Жол жүруге қатысты тыйымдар мен ырымдар
Сейсенбі күні алыс жолға шықпайды. Сәрсенбі күні жолға шыққан жолаушының жолы болады. Жолда кездескен адамнан «қайда барасың?» деп сұрамайды, «жол оң
Бесікке қатысты тыйымдар мен ырымдар Бесікке қатысты тыйымдар мен ырымдар
Бос бесікті тербетуге болмайды. Бос бесікті тербеткен жаман ырым саналады
Әйелдерге керек кеңес Әйелдерге керек кеңес
Әйелге бүйірін таянып тұруға болмайды, өйткені күйеуін жоқтаған әйелдер ғана солай істейді.
Әйелге қатысты тыйымдар Әйелге қатысты тыйымдар
Әйелге бүйірін таянып тұруға болмайды. Өйткені күйеуін жоқтаған әйелдер ғана солай істейді.
Киім – кешекке қатысты ырым - тыйымдар Киім – кешекке қатысты ырым - тыйымдар
Теріс киме бөркіңді, бұзып кетер көркіңді. Ырым, сенім талайды, тәубесіне келтірді. - Теріс кисе не етеді? Оған дәлел жетеді. Алға басқан аяғың,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×