ойын сауық отауы
Келіннің жанұясындағы атқаратын шаруасы
16.05.2017 1 489 0 Дауыл

Келіннің жанұясындағы атқаратын шаруасы

Бұл қызықты
Келіннің жанұясындағы атқаратын шаруасы. (Қазіргі және бұынғы)

1. Ерте тұрып от жағу, шай қойып, дастархан жаю:
2. Төсек - орнын жию.
3. Үй тазалау, ыдыс - аяқты күтіп ұстау, тамақ істеу, кір жуу.
4. Баласының, күйеуінің киімін үтіктеп, оқуға, жұмысқа таза, ұқыпты киініп баруын қамтамасыз ету.
5. Отбасы қаржысын үнемдеп жұмсау, оны екінші жалақыға дейін жеткізе білу.
6. Ағайынның бір - бірімен араласуына, сыйластықта өмір сүруіне ықпал жасау.
7. Қонақжайлық таныту.
8. Өзінің үсті - басын күтіп - ұстауы, отбасында ұрыс - керістің болмауына өзін де жауапты екенін сезінуі.
9. Үй ішінің ескі-құсқыдан құтылып, төсек-орын, киім-кешек, ыдыс-аяқтың, азық-түлік түрлерінің жаңарып, жақсаруына ұйытқы болу.
10. Үлкендер алдында жалаңбас жүрмей, орамал тартып жүруі.
11. Омырауын, балтырын, ішін жалаңаштап көрсететін киім - кешек кимей, әдепті болу, дауыс көтеріп сөйлемеу, қатты күлмеу.
12. Ата - енесінің, бала-шағасының, өзге адамдардың алдында күйеуімен ұрыспау, дөрекі мінез танытпау.
13. Үлкен адамдардың алдын кесіп өтпеу, олардың көзінше ыржалақтап күлмеу, әзілдесіп - қалжыңдаспау.
14. Үй жануарларын (малды, итті, мысықты) аяқпен теппеу, ұрмау.
15. Дастархан басында, ата-енесінің алдында арақ-шарап ішпеу, стақан, рюмке соғыстырмау, оны қолға да алмау.
16. Ата - енесінің төсегіне отырмау, оған жатпау.
17. Үй ішінде әбес бейне-фильмдерді көрмеу, музыка ырғағымен билемеу, дауыстап ән шырқамау.
18. Баласын емізгенде ешкімге де омырауын көрсетпеу.
19. Жуылған іш киімдерін өзгелер көретін жерге іліп қоймау.
20. Ата-енесінің, күйеуінің келісімінсіз орынсыз қонақ шақырмау.
21. Жұрт көзінше әдепсіз қимылдар жасамау.
22. Өсек, өтірік айтпау, мақтанбау.
23. Отбасының береке - бірлігін, күйеуінің беделін ойлау, ата - анасының сағын сындырмау, төркіншіл болмау.

Дереккөзі: baq. kz

Дайындаған: Жадыра

Тазалық бар жерде жақсылық бар Тазалық бар жерде жақсылық бар
Ниеті бұзық пенде онысын айналасынан жасырғанмен Аллаһтан жасыра алмайды, ал несібе таратушы оның ниетіне сай етіп ырзық пен қайғы, қуаныш береді.
Киімге қатысты тыйымдар мен ырымдар Киімге қатысты тыйымдар мен ырымдар
Киімді оң қолдан бастап киіп, сол қолдан бастап шешеді. Оң қолдан бастап киім кию жақсы ырым саналады.
Киім – кешекке қатысты ырым - тыйымдар Киім – кешекке қатысты ырым - тыйымдар
Теріс киме бөркіңді, бұзып кетер көркіңді. Ырым, сенім талайды, тәубесіне келтірді. - Теріс кисе не етеді? Оған дәлел жетеді. Алға басқан аяғың,
Отбасында ақшаның маңызы Отбасында ақшаның маңызы
Жақында ғалымдар жүргізген зерттеуінің нәтижесі бойынша ерлі-зайыптылардың ұрыс-керісі көбіне неден туындайтыны анықталған. Үшінші орында, үйдегі
Қыздардың 30 жасына дейін жасап үлгеруге тиіс маңызды шаруалары. Қыздардың 30 жасына дейін жасап үлгеруге тиіс
Уақыт жылжып тез өтетіні соншалық отызға келіп қалғаныңды байқамай да қаласың, алайда алдыңда танып білмеген нәрселер әлді де көп. Әрбір қыздың
Қыз жасауы Қыз жасауы
Ұзатылған қызға берілетін дүние - мүлік «жасау» деп аталады. Халқымыз қыздың жасауына аса зор көңіл бөліп, «жасауды алты жастан жинасаң асады, жеті
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×