ойын сауық отауы
Қыздардың 30 жасына дейін жасап үлгеруге тиіс маңызды шаруалары.
14.08.2017 1 897 0 Дауыл

Қыздардың 30 жасына дейін жасап үлгеруге тиіс маңызды шаруалары.

Бұл қызықты
Қыздардың 30 жасына дейін жасап үлгеруге тиіс маңызды шаруалары.
Уақыт жылжып тез өтетіні соншалық отызға келіп қалғаныңды байқамай да қаласың, алайда алдыңда танып білмеген нәрселер әлді де көп. Әрбір қыздың болашақ өмірі жарқын болуы үшін отыз жасқа дейін жасап үлгеруге тиісті шаруаларының тізімін ұсынамыз.

1. Дербес өмір сүру. Ата-ана мен күйеуінің қамқорысыз, яғни тәуелсіз өмір сүруі туралы айтып отырмын. Отбасын құрғанға дейін дербес өмір сүрудің қандай болатынын көруіңіз керек.

2. Зиянды азық-түлік өнімдері мен газды сусындарды қолданудан бас тарту қажет. Отыздан асқаннан кейін адам ағзасы газды сусындар мен фастфуд өнімдерінің зиянын ерекше сезінетін болады. Мұндай тағам түрлері артық салмаққа алып келеді, терінің қартаюы мен целлюлит пайда болуына себепші болады. Ағзада улы токсиндер жиналады.

3. Спортты сүю. 30 - дан асқанда қыз - келіншектердің ағзасында зат алмасу процесі баяулай бастайды, сондықтан бұрынғы кескін келбетін қалыпты ұстау қиындай бастайды. Сізге максимум жағымды әсер беретін жаттығу түрін таңдаңыз сонда нәтиже де оң болады.

4. Тартымдылық қасиетіңізді аша түсіңіз. Отыз жасына дейін көркін келтіре алмаған қыз «ақымақ қыз» деген сөз бекерге айтылмаған. Тартымдылық – алып күш, оған ашылмайтын есік жоқ. Өзінің жағымды жағымсыз жағын зерттей білетін қыздар ғана бойындағы әдемілікті бүкіл әлемге паш ете алады.

5. 10 минут ішінде жиналып үлгеру. Кейде уақыттың тарлығы сондай тіпті жиналып үлгере алмай қалатын кездер жиі болады. Сіз аз уақыттың ішінде жиналып - тарануға икемді болуыңыз қажет.

6. Жүрісіңізге мән беріңіз!
Тұлғаңыздың әдемі қалпын сақтаңыз, ыңғайлы биік өкшелі аяқ киім киіп үйреніңіз. Әйел әлемді әсемдікке бөлеуші, сондықтан жүрісіңіз кербез де сенімді болсын. Өкшелі аяқкиім аяғыңызды ұзын етіп көрсетеді, соның әсерінен сұлбаңыз сүйкімді және тартымды көрінеді. Егер биік өкшелі аяқкиімді киіп үйренген болсаңыз онда тіпті жақсы.

7. Киім-кешекті шебер таңдай білу керек. Сіз киім кию үлгіңізбен көркіңізді келтіріп қана қоймайсыз басқалардан дараланып тұрасыз. Киімді дұрыс таңдай білсеңіз, әдемі көрінумен бірге стильді ханшайымға айналасыз. Сонымен бірге дүкен аралап, киім-кешек сатып алу стресстен айықтырып, көңіл-күйіңнің көтерілуіне себеп болады.

8. Ата-анаңмен дұрыс қарым-қатынаста болу. Балалыққа тән әдет пен еркелікті тастауға тура келеді. Әке-шешеңіздің айтқанын мұқият тыңдап, түсіністікпен қарап, шынайы да сенімді қарым-қатынаста болуыңыз керек. Олармен жақсы байланыс орната отырып, өзіңіз отбасылы болудың қыр-сырын меңгересіз, есеюмен қатар ақыл тоқтатасыз.

9. Достық қарым-қатынас орнату. Өкiнiшке орай, адам есейген сайын, басқалармен қарым - қатынас орнату қиындай түседі. Достарыңыз олар – сыныптастарыңыз бен көршілеріңіз болуы мүмкін. Біз өмірімізде қуаныш пен қайғылы сәттерін достарымызбен бірге өткіземіз, сондықтан бұл адамдармен әрқашан байланыста болуымыз керек. Достық қарым-қатынасты сақтау мен бағалау – жақсы қасиет, айналаңызда тірек болатын жақын адамдар бар екенін сезінудің өзі керемет сезім.

10. Оқу. Үйрену.
Үлгі тұтар адамың болуға тиіс. Өзіңді жетілдіру мен алға жетелеу үшін үлгі тұтар адамыңның болғаны дұрыс. Оған еліктей отырып, шабытың оянады. Ол сіздің өзіңіз қызығатын бағыттағы бір кәсіпті басқарып отырған адам немесе мінсіз үй бикесі болуы да мүмкін. Өзіңді дамытып отыруда тоқтап қалуға болмайды, көбіне оқып үйренуден нәтиже болуы үшін басқалармен қарым-қатынаста болуың керек.

11. Дәмді етіп ас әзірлей білу керек. Жасы 30 - ға таяған қыздар үшін тамақ әзірлей алмауды «ұят» деп атауға болады. Себебі болашақта сүйіктіңізді дәмді де пайдалы тамақ жасау арқылы баурайтын боласыз.

12. Өзіңе сенімді болу мен дарыныңды бағалай білу. Қыздар есейе өзгенің ақылына жүгінуден гөрі өзіне көбірек сенім артқаны дұрыс. 30 - дағы қыз жеке өзінің көзқарасын білдіре алатындай дәрежеде болуға тиіс. Басқаларға өзіңді мойындата білу үшін алдымен өзіңді бағалай білу қасиетің жоғары болуға тиіс. Өзін жоғары бағалай білетін адамдар сенімді көрінеді. Адам бойында сенімділік қасиеттің болуы мансап жасау мен отбасын құруда маңызы ерекше. Адам өзін бағалай отырып, сенімділікте, тыныштықта өмір сүреді.

13. Классиканы сүю. Жасөспірім кезде музыка мен әдеби кітап таңдауда танымалдығына көңіл бөледі. Бірақ есейе келе сапасына көңіл бөліп, шындығында шабыт беретіндей дүниелерге назар салған дұрыс. Классикалық ән тыңдаңыз, классикалық әдебиет оқыңыз, өнер туындыларын тамашалаңыз, ондағы әдемілікті сезіне отырып, мына өмірдің қандай тамаша екеніне көзіңізді жеткізесіз. Классикалық туындылар адамның ой-өрісінің өсуіне әсер етумен қатар талғампаздыққа үйретеді.

14. Алғашқы махаббатты бастан өткізу. Алғашқы махаббат кейде некеге ұласады немесе жай ғана тәжірибе болуы да мүмкін.

15. Сүйіп атқаратын жұмысың болу керек. Жоғары оқу орнын бітіріп диплом алған жастар көп, алайда олардың көпшілігі өз мамандығы бойынша қызмет жасамайды. Олардың арасында өз мамандығын сүймейтіндері қаншама? Бүкіл өміріңді өзің қызықпайтын қызметке арнау қандай жаман? Өзің қызықпайтын, іш пыстырарлық сол жұмыстың тезірек бітіп, үйге қайтқанша уақыт санап отыруды ақымақтық десе де болады. 30 жасыңызға дейін сүйіп атқаратын өз ісіңізді табыңыз және сол істің шебері болыңыз (тіпті ол үйде отырып атқаратын шару болса да).

16. Тазалықты сүйіңіз. Тазалық - сыртқы түр-тұлғаңызға ұқыпты қарау мен үй ішінің мұнтаздай жинақы болуы. Қоршаған ортаңыз бен өзіңізді сыйлай біліңіз, айналаға жақсы үлгі көрсете біліңіз.

17. Келбетіңе түрлі эксперимент жасауды доғар! Жасың 30 - ға келгенге дейін келбетіңе түрлі эксперименттер жасауға болады (шашты түрлі үлгіде қию, түрлі түске бояу). Ал жасың 30 - дан аса мұндай әдеттерді тоқтатып, өзіңе жарасымды ерекше имиджіңді қалыптастыруға тура келеді. Киімің табиғи болуы мен бірге әйелге тән нәзіктік беретіндей болсын, түсіне де мән бер, өңіңді келтіріп тұратындай әдемі түстерді таңда, басқалардан дараландырып көрсететіндей ерекше болсын.

18. Өзіңді толықтай қамтамасыз ете алу. Егер адамның бойында ынта болса карьера жасап, табысын да қажетті дәрежеге көтере алады.

19. Үйдегі үйлесімділік. Жалдамалы пәтер болсын, өз жеке үйің болсын, үйдің іші жайлы болуына көңіл аудар. Үйге жайлы атмосфера орната біл! Ондай қасиет нағыз әйелдерге тән! Жөндеу жүргізіп, әдемі жиһаз қойып, перде іліп дегендей.

20. Отырыс, кештерді азайту. Әр нәрсенің өз орны мен уақыты болады. Түнгі клубта болуды сән-салтанат санайтын жастар үшін де оның бір күні тоқтататын уақыты келеді. Жасың 30-ға келгеннен кейін ондай шулы орындарға барудың қажеті жоқ, анда-санда болмаса.

21. Көлік жүргізіп үйреніңіз. Мұны міндетті деп есептемеймін алайда артық етпейді.

22. Шылым тарту мен ішімдіктен аулақ болу! Темекінің, ішімдіктің адам ағзасына тигізер зияны шаш етектен, ал қыздар үшін мүлде қолданудың қажет жоқ деп есептеймін.

23. Өзіңе үздіксіз күтім жасау. Қыздар қауымы 30 жасқа таянғанда тері күтіміне ерекше назар аударғаны жөн. Теріге қатысты мәселе көбейе түседі сондықтан үнемі, жүйелі түрде күтім жасау керек.

24. Жағымда ойлай білу. 30 жасқа келе қыздар ақыл тоқтатып тәжірибелі бола бастайды, сондықтан барлығына оптимистік көзқараспен қарауға үйреніңіз. Өйткені, ондай қасиетсіз өмір анағұрлым қиын.

25. Кез келген жағдайда сабырлық сақтау. Актрисаның негізгі дағдыларды меңгеруге тура келеді. Мұндай қасиет жеке өміріңіз бен мансап үшін ыңғайлы.

26. Өз хош иісіңізді анықтаңыз. Әдетте, кей адам ерекше хош иіс суының әсерінен жадыңда сақталып қалады. Сондықтан ерекше хош иісті иіс суды таңдаңыз.

27. Көңілді болу. Әзіл сезімін дамыту және қызықты болу. 30-дан аса бәріне қалжыңсыз қарайтын болсаңыз, өмір сүру көңілсіз болады. Көңілді әрі әзілқой адамдармен бірге жүру сондай жағымды.

28. Уақытыңды үнемді жұмсау. Кез келген істің көзін тауып, тез және тиімді атқару, яғни Цезарь жолымен бір уақытта бірнеше іс атқаруға үйрену. Онсыз істелмеген шаруалар тізімі көбей береді тіпті уақытыңды жеткізе алмай қаласың.

29. Керек орында «тіліңді тістеп қалу». Бұл әдіс әсіресе сүйіктіңмен келіспеушілік туындаған сәтте, көңілін қалдырарлық сөз айтып қалмас үшін қажет. Жасы 30-ға келген ақылды қыз қай кезде үнсіз қалу керек екенін білуі керек.

30. Рөлге ене білу. Жасы 30-ға келген кез келген қыз жар болатынын, ана атанатынын біліп жүруі тиіс. Оған неше түрлі рөлге енуге тура келеді: әйел, ана, үй бикесі, қыз, туыс. Олардың әрқайсысының атқаратын өз тапсырмасы бар. Міндеттердің бірде-бірін көзден таса жібермей шебер орындауға тура келеді.

31. Өзгеріс енгізу алайда өзімен-өзі болу. Қыздар өзін әрқашан қызықты әрі ерекше сезінуі үшін аздап өзгеріс енгізіп отыруға тиіс. Қыздар 30-дан асқанда ерекше болумен бірге құпия болып қала білуді үйренуі қажет.

32. Білім алу. Білімді, «көкірек көзі ашық» қыздармен әңгіме - дүкен құру да қызық, тыңдау да қызық, мұндай сұлумен бірге өмір сүру де қызықты. Сондықтан жоғары білім алуға тырысу керек және біліміңді толықтырып отыру керек.

33. Түйсігіңді дамыту. Өзін толық зерттей білген сайын оның түйсігі де ашыла түсетіні анық, мақсатына жетуде қадамын оң басары да анық.

34. Өз қалауыңды білу. Саған өмірде қуаныш пен рахат әкелетін не екенін білген кезіңде бақытты өмір сүруді білетін боласың. Мақсатың айқын да анық нақты болсын, арнайы дәптер арнап жазып отыруға да болады.

35. Келіссөз жүргізе білу (бизнес және жеке) жанжал мен даулы жағдайдан шығуда оңай жол таба білу.

36. Ер-азаматты таңдандыра білу. Қасыңыздағы ер-азаматтың ең жақсы қасиеттерін аша білу, әйел қауымына тән ерекше қасиет.

37. Қоршаған ортада болып жатқан жағдайға қарамастан бақытты сезіне білу.

38. Өмірде ең маңызды нәрсені анықтай білу, қалғанын екінші орынға ысыру. Маңызды нәрсені бастапқы орынға қоюды үйрену.

39. Қорқынышты жеңе білу. Өзіңе қажетсіз жағымсыз ойдан арылу, жақсылыққа орын босату.

40. Жауапкершілікті сезіну мен шешім қабылдау. Бұл жасқа келген қыздар дұрыс шешім қабылдауға үйренумен бірге жауапкершілікті алуға тиіс.

Өзіңе керемет бірдеңе сатып алуға мүмкіндік беру. Қымбат тон, алтын сақина немесе сапалы аяқ - киім. Өзің қалаған қымбат сыйлық сыйлап отыру.

Жалғасы бар...
Автор: Элен Стельмах

Гормондар: Қыз - келіншектердің ағзасы Гормондар: Қыз - келіншектердің ағзасы
Норадреналин – долылық пен қаһармандық гормоны. Күйзелісте жүрген сәтті бұл гормон бүйрек безінде бөлінеді. Осыған қарама - қарсы гормон да бар —
Ұзақ өмір сүру үшін керекті үш тағам түрі Ұзақ өмір сүру үшін керекті үш тағам түрі
Варшава университетінің ғалымдары жаңғақтар, көкөністер мен жемістер және шоколад пайдасын дәлелдеді. Олар бұл өнімдердің қасиеттері адамның
Ата-ана перзентінің тағын жасап берсе де, бағын жасап бере алмайды. Ата-ана перзентінің тағын жасап берсе де, бағын
Ата-ана перзентінің тағын жасап берсе де, бағын жасап бере алмайды. (Халық даналығы)
Жаңа жыл келгенге дейін жасап үлгеруге тиіс кейбір істер туралы Жаңа жыл келгенге дейін жасап үлгеруге тиіс
Желтоқсан айының соңғы аптасы жақындаған сайын, қарбаласқа толы болатыны бәрімізге белгілі
Терінің саулығы Терінің саулығы
Терініңіз сау болсын десеңіз: Ағзада тұрақты су тепе - теңдігін сақталуы керек. Бір күні ішінде адам салмағына қарай 1 кг - ға шамамен 40 грамм ішу
Туған күнде ойнайтын ойын түрлері Туған күнде ойнайтын ойын түрлері
Бұл ойын түрі өте қызық. Барлық ойыншы өзінің не қалайтынын қағазға жазып, қағаздағы жазуы көрінбейтіндей етіп бүктеп, банкіге немесе аузы кең
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×