ойын сауық отауы
Ер азаматтың бойындағы балаға тән мінез-құлық.
20.06.2017 3 363 0 Дауыл

Ер азаматтың бойындағы балаға тән мінез-құлық.

Бұл қызықты
Ер азаматтың бойындағы балаға тән мінез-құлық.
Әр еркектің ішінде бір «бұзық балақай» отырады, ол тіпті интеллигентті кісілердің мінез-құлқында да кездеседі. Кейде оның балаға тән әдепсіз қылықтарына қарап өз-өзіңді ұстай алмай қалатын кездер болады.

Ересек еркектің аяқ астынан дөрекі тентек балаға айналуының себебі не? Бәрі де түсінікті бұл – бала кезден қалған әдет. Уақыт өте береді бірақ жылдар бойы қалыптасқан әдет қалып қояды. Мұнымен күресу оңай емес алайда, әйелдің қолынан келмейтін іс жоқ. Ендеше, сүйіктіңмен ара - қатынасыңды жақсарту үшін қандай қулықтарға баруға болады?

Бірінші әдет: «Мен өз ойыншығымды саған бермеймін!»
Кейбір әйелдердің күйеуі автокөлік жүргізеді, оның автокөлігіне жақындап кетсең ашуланады. Ол отбасылық жалғыз көлік болса да, жеке меншігі сияқты қарайды. Ол көлік қана емес өзіне ғана тиесілі санайтын кез келген зат болуы мүмкін. Оған жақындап кетсең шу шығаруға дайын тұрады.
Есіңізге түсіріп көріңіз: кішкентай ұл балалар өзінің ойыншық машинасы мен күрекшесін ешкімге бергісі келмей, таласып төбелеседі.
Есейгенде ол әдет қалмайды: ересек өмірде де өз ойыншықтарын қадағалауда ұстауды жалғастыра береді. Бұл әйеліне немесе сүйіктісіне сенбегендіктен емес, ол өзі бақылауда ұстағысы келеді. Ол әдетпен күресудің қажет жоқ, оның «жеке меншіктілік» қасиетін жай ғана балалықтан қалып қойған әдет, деп қабылдаған дұрыс. Өйткені, әйелдер де өзінің жеке кеңістігіне өзгелердің енгенін қаламайды ғой.
Екінші әдет: «Мен кешірім сұрамаймын!»
Өзінің теріс қылығы үшін кешірім сұрайтын еркектерді көп кездестіресіз бе? Бұл сұраққа «Иә» – деп жауап қатқандардан гөрі, «Жоқ» – дейтіндер көп шығар. Еркектердің көпшілігі кешірім сұрағысы келмейді. Кешірім сұрау олар үшін жеңілгенмен бірдей. Бұл олардың өз қателігін түсінбегенін, түзегісі келмейтінің белгісі емес.
Егер өзі кінәлі екенін түсінсе, ренжіскен күннің ертеңіне әдемі гүл шоқтарын алып келіп, шаршап тұрған кезіңде мойыныңа жайлап ғана массаж жасап беруі мүмкін. Бұны – кешірім өтінуі деп қабылдаған жөн, сіз де қарсылық көрсетпеңіз.
Үшінші әдет: «Достары және футбол!»
Әйелдер қауымының көпшілігі кешті сүйіктісімен бірге өткізгісі келеді, ол болса достарымен қыдырып кетеді, қайда жүргенін бір Құдайдың өзі біледі.
Кейде теледидардан футбол немесе бокс көремін деп таласып қалатын кездер жиі кездеседі. Алайда, ойыңыз сәйкес келмей жатса, оған ренжіп қажеті жоқ. Бала кезде қыз балалар екі-екіден қосылып қуыршақ ойнаса, ұл балалар топталып ойнағанды дұрыс санайды. Бұл дегеніміз сүйіктіңіз кешті сіздің қасыңызда өткізуді қаламайды дегенді білдірмейді. Әйелдер сияқты, олар ондай романтикалық кештерді күнде қалай бермейді. Еркектердің басқосуларымен бірге романтикалық кештердің кезектесіп келуін қадағалаған дұрыс шығар.
Төртінші әдет: «Неге қиналасың?»
Бұрын мерекеде, жай себепсіз де сыйлық сыйлайтын сүйіктіңіз қазір ақша бере салғанды жөн көреді. Оған бола мұңаймаңыз. Бұл сізге селқос қарауы емес. Екеуіңіздің ара-қатынасыңыздың берік екеніне сенімді, сол себепті сізді қалай таңқалдырамын деп бас қатырғысы келмейді. Сыйлық дайындауға неге қиналасың, деп сөгуші болмаңыз. Сіздің сыйлықсыз-ақ сүйетініңізге сенімді. Бұрынғы романтикалық қарым-қатынасты қайтарғыңыз келсе соған итермелеңіз. Бала кезде ата-анамыз жақсы баға алсаң ойыншық сатып әперем деп уәде бергендей. Сіз оған еш себепсіз әдемі қорапқа орап сыйлық сыйлаңыз. Жауап ретінде сізге де сыйлық сыйлайтын болар. Сыйлық алған сәтте қуанышыңызды жасырмаңыз, бала сияқты қуанудың еш әбестігі жоқ. Сізді бақытқа бөлеу үшін сыйлық сыйлауды әдетке айналдырар.

Соңында айтарым: «кішкентай балақайдай» көру дегеніміз шешесі секілді үнемі жөн сілтеп, үйрету емес. Онымен «ойнау» әлдеқайда қызық, жағымды екенін уақыт келе түсінесіз.

Дайындаған : Асыл

Еркектің бақытты болмағы неден? Еркектің бақытты болмағы неден?
- Еркектің бақытты болмағы неден? - Әйелден. - Еркектің бақытсыз болмағы неден? - Әйелден.
Балаға қандай ертегі айтасыз? Балаға қандай ертегі айтасыз?
6 сәуір – орыс халық ертегілері күні. Осы атаулы күні балаңызға қандай ертегі айтып жүргеніңізді, не үшін ертегі айтатыныңызды саралап көріңізші.
Еркектер кішкене балаға ұқсайды. Еркектер кішкене балаға ұқсайды.
Еркектер кішкене балаға ұқсайды: өзін үлкен адам сияқты сезінеді, бірақ қолынан жетектеп жүргеніңді қалайды.
Ақылды адамның бойындағы 9 қасиет. Ақылды адамның бойындағы 9 қасиет.
Кейде, күтпеген жағдай орын алған сәтте оңай жол тауып кететін адам назарыңды аудармай кетпесі анық. Ондай адамды көргенде сүйсінеміз, қызығамыз
Әйелдің күйеуіне әсері Әйелдің күйеуіне әсері
Көптеген келіншектер тұрмысқа шыққаннан кейін күйеуінің біраз уақыт ішінде танымастай өзгеріп кеткеніне айтып, наразылық танытып жатады.
Тоқты Тоқты
Тоқты жұлдызына мінездеме. Тоқты – табиғатынан көшбасшы және онымен келіспеу мүмкін емес. Тоқты жұлдызында туған жанды бір көргенде – өзіне сенімді,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×