ойын сауық отауы
Қиялыңдағыдай байлыққа кенелу
26.06.2017 3 011 0 Дауыл

Қиялыңдағыдай байлыққа кенелу

Бұл қызықты
Қиялыңдағыдай байлыққа кенелу.

1. Егер мен мол табыс табатын мамандық түрін таңдағанымда бай болар едім. Шындығында: Миллионерлер әрбір салада бар. Кез келген саладан пайда табуға болады. Мол табыс табу үшін мамандығыңды өзгертудің қажеті шамалы.

2. Егер менің әке-шешем бай-қуатты жандар болғанда мен де бай болар едім. Шындығында: Ең ауқатты адамдардың көпшілігі кедей отбасынан шыққан, кейбірі аз қамтылған отбасылардан.

3. Егер мен жақсы оқысам, жоғары білім алсам ақшаны күреп табар едім. Шындығында: Білім дәріс залынан емес, іс-тәжірибе арқылы келеді. Статистикаға сүйенсек үздік оқығандардың көбі бақуат тұрмайды.

4. Егер мен дәл уақытында, дәл сол орында болсам олжалы болар едім. Шындығында: Ең бай адамдардың көбі жолы болғыш адамдар емес - олар жетістікке жету үшін көп еңбектенді. Мүмкіндік пен табысты күтіп отырмай, оны өзің жасауың керек.

5. Егер біздің елдің экономикасы дамығанда мен бай болар едім. Шындығында: кез келген қоғамда, кез келген елде миллионерлер бар. Ақша барлық елде, барлық жерде бар.

6. Егер менің мойыныма асылып отырған отбасым болмағанда, әлеуметтік жауапкершіліктер болмағанда мен миллионерлердің қатарында болар едім. Шындығында: бәрі жауапкершілікке келіп тіреліп тұрған жоқ, сіздің оған қалай қарайтыныңызда. Мәселе, қажеттіні сатып алып, ақшаны ұқыпты жұмсай білуде.

7. Егер мол табыс табуға мүмкіндік қол жетімді болса, мен ертегідегідей бай болар едім. Шындығында: Қазіргі күні көп ақша табудың жолы бұрынғыға қарағанда әлдеқайда көп. Қандай іспен айналысамын десең де жол ашық.

8. Егер жұмыс беруші келіссе, көкем қасына алса көп ақша табуыма болар еді. Шындығында: Жұмыс беруші өзі жұмыстан кетуі мүмкін, көкеңіз денсаулығына байланысты жұмыстан шығып қалуы мүмкін, сонда сіздің жағдайыңыз не болады? Жетістікке жетуде тек өзіңе сену орынды.

9. Егер менде көп ақша болса, айналымға салып көбейтер едім. Шындығында: Теңіз тамшыдан құралады. Шағын кәсіптен бастаңыз.

10. Егер жұмысың ауыр болса, табысың да көп болады. Шындығында: Әлемде аянбай еңбек етіп бірақ әлі де кедейшілікте өмір сүріп жатқан жандар көп. Байлар ауыр жұмыс істемейді олар ақылмен жұмыс істейді.

11. Мол табыс табу үшін көп ақша керек. Шындығында: ақша – табыс табуға мүмкіндікті сақтап қалу үшін ғана қажет.

12. Бай болу үшін жақсы қызметте отыру керек. Шындығында: қызмет – уақытша пайда көзі. Тұрақты табыс табу үшін сіз ақша үшін емес, ақша сізге жұмыс жасауы қажет. Сондықтан қандай іспен айналыссаңыз да ақшаны ұқыпты пайдалана біліңіз, өз кәсібіңізді ашуға бір бөлігін жинап отыруды ұмытпаңыз!

Қазақша цитаталар Қазақша цитаталар
Қанша данагөйлердің сөздерін оқыдың, миыңа тоқыдың одан не пайда?! Егер оны іс - жүзінде пайдаланбасаң.
Психологқа қандай жағдайда бару керек? Психологқа қандай жағдайда бару керек?
Қазақстанда тұратын әр төртінші адамда психикалық ауытқу бар. Бұл жөнінде еліміздегі психология саласының мамандары Дүниежүзілік денсаулық сақтау
Сұрап жатса досыма жан беремін. Бек Ноғайбайұлы Сұрап жатса досыма жан беремін. Бек Ноғайбайұлы
Аспайтын өзен едім бір арнадан, Досқа да, дұшпанға да жыр арнаған. Дұшпанды мақтамасам, даттамаймын, Бір жақсылық бір күні қылар маған.
Бәрі ертең өзгереді Бәрі ертең өзгереді
Бәрі ертең өзгереді. Ертең, деген ешқашан болмайды. Күнде таңертең ұйқыңнан оянсаң бүгінгі күн туады. Бәрі ертеңгі күннен өзгеріс күтеді, шындығында
Шәйір және шаруа Шәйір және шаруа
Жасырмаймын; Мен аса Шеттеу кетпей тегімнен, Шәйір болып тумасам, Шаруа болар едім мен.
Қойшының әләуләйі Қойшының әләуләйі
Әләуләй, әләуләй, әләуләй! Ылғи ет жеп жүреді елде болысың - ай. Ылғи ғана құйрық пен бауыр жер едім, Егер ғана мен де болсам ауылнай, ауылнай.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×