ойын сауық отауы
Қойшының әләуләйі
03.05.2016 1 400 0 Дауыл

Қойшының әләуләйі

Өлеңдер
Мағжан Жұмабаев

Әләуләй, әләуләй, әләуләй!
Ылғи ет жеп жүреді елде болысың - ай.
Ылғи ғана құйрық пен бауыр жер едім,
Егер ғана мен де болсам ауылнай, ауылнай.
Мына қолдың саласынан май тамар,
Ішіп болмай қымыз деген жай қалар.
Болыс болсам, арманым не, уа, шіркін!
Бірақ мына қойды кім бағар, кім бағар?
Әләуләй, әләуләй, әләуләй!
Сағиласы маған көзін салады - ай!
Heгe десең, мені түртіп қалады - ай,
Түрту түгіл, кейде нұқып «адыралай»,
Санымнан да шымшып - шымшып алады - ай!
Әләуләй, әләуләй, әләуләй!
Ой, қой, ой, қой, ой, бұзылған, соққан - ай,
Мына ісіңді егер білсе, бәлем, бай,
Екеумізді айдап шығар қосақтай,
Қой, бұзылған, қой, жолама, қой, ойбай!
Қой демекші, қойым қайда, Тәңір - ай?
Тапқан ба екен кебенегі тақыр жай?
Күннің көзі ысып кетті - ау, апырмай,
Қиын болды - ау ақсақ қойдай пақырға - ай!
Сағила бүгін тұщы қатық берсе егер,
Жарар еді - ау, апырмай, апырмай!
Шулай берме, Шопан ата, шәй, шей, шәй!

Әже Әже
Тентек болсам, ашынып, жақсы іс қылсам, асырып, маған сақтап жүреді тәттіні де жасырып.
Менің атам Менің атам
Атам менің жақсы адам, ешкім одан аспаған. Фашистермен соғысып, оң аяғы ақсаған.
Халыққа хат Халыққа хат
Туған халқым! Қатемді кешір менің? Сенің арқаң сескенбей, есіргенім. Егерде жырың болмай, ұрың болсам, Алақанға саласың, несін мені
Апырмай, туған жер - ай Апырмай, туған жер - ай
Апырмай, Туған жер - ай! Теңдесер кім, Бұл жерге сен болмасан, келмес едім. Кіндігімді байлаған қазығым - ай, Сен болмасаң, бұл маңды көрмес едім.
Жас ағаш Жас ағаш
Орманға балтасымен келді Мұжық, Аралап ағаш таңдап жүрді кезіп. «Апырмай, аман қалсақ жарар ед», - деп, Жанынан көрген Ағаш тұрды безіп.
Кереметі - ай, мына жарық сәуленің Кереметі - ай, мына жарық сәуленің
Кереметі - ай, мына жарық сәуленің! Езу тартып барады, әне, әлдекім, Алатау да жатыр, әне, сәнденіп, Ал мен болсам, бір жаныммен әуремін.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×